«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТАР ҰСЫНЫСТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Сенатта өткен Үкімет сағатында өңірдегі демографиялық жағдайды жақсарту және өзекті мәселелерді шешу бойынша баяндама жасап, ұсыныстар айтты.

Атап айтқанда,  облыста тұрақты тұратын отбасыларға жаңа туған және бала күтімінің біржолғы жәрдемақысын, көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2 есеге өсіру, еңбекпен қамтылған әрбір жұмыссыз үшін  жұмыс берушілерге 2 жыл бойы 30 АЕК көлемінде субсидия төлеудің жаңа механизмін енгізу жайын көтерді. Сонымен қатар ерікті қоныс аудару шеңберінде экономикалық ұтқырлық сертификатын 1625 АЕК-ке дейін ұлғайту, облысішілік қоныстандыру аясында “Еңбек” бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерге көшуге  құқығы бар тұлғалар санатын кеңейту, оларға экономикалық ұтқырлық куәліктерін беруді қамтамасыз ету, аймақтық бағдарламаны “Отбасы банкі” арқылы республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру да назардан тыс қалмады.

“Сондай-ақ облысымызды газбен қамтамасыз етудің маңыздылығын да атап өттім. Жалпы бұл шаралар солтүстікқазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, тұрғындардың кірісін көбейтіп, демографиялық ахуалға оң әсерін тигізеді”, –  деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp