«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қаламгердің бесігі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын аудандық тарихи-өлкетану музейінің сөресіндегі құнды жәдігерлердің бірі – жазушы Ермек Қонарбаевтың бесігі. Музей директоры Маржан Таушарова­ның айтуынша, бесікті мәдениет ор­дасына 2023 жылы жазушының қызы Нұрлыгүл Досанова тапсы­рыпты. Көктеректегі бастауыш мек­тептің жабылуына байланыс­ты білім ордасы жанындағы Ермек Қонарбаевқа арналған музейдегі заттардың барлығы аудандық музейге берілген. 2023 жылғы 8 қа­занда №8 актпен 49 экспонат қа­былданыпты.

– Атамыз – Ләмәли өз ортасы­на сыйлы, колхоз басшысы болған адам. Ұлы дүниеге келгенде бе­сікті арнайы тапсырыспен жасат­қан. Атамның он төрт перзенті бол­ған. Сол кезде аты жаман ауру ке­ңі­нен тарап, сәбилері шетіней бе­ріпті. Менің әкем төрт қыздың ор­тасында өседі. Әкемнің иісі сіңген бұл бесікте біз де, біздің бала­ла­рымыз да жатты. Ауылдағы қара­шаңырақ – мектеп жабылған соң бесікті руханият ордасына табыс­тауды жөн көрдік, – дейді Нұрлы­гүл Ермекқызы.

Мектеп қабырғасында оқып жүр­генде шығармашылықпен ай­на­лыса бастаған жазушының ал­ғашқы әңгімесі 1959 жылы “Мәде­ниет және тұрмыс” журналына жа­рияланған.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp