«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Судың байлығы – балығында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы балық өсімбағында алдағы маусымда су көздеріне шабақтарды жіберу­ге дайындық жүргізілуде. Көктем­де Петропавл және Сергеев су қоймаларына 36 миллионнан ас­там шабақ жіберу жоспарда бар. Бүгінде уылдырықтар инкубация цехында енді-енді дамып жатыр. Бірнеше айдан кейін дернәсіл­дер кішкентай шабаққа ұқсап, сәуір айында табиғи ортасына жіберіледі.

– Бүгінде инкубация процесі жүріп жатыр. Уылдырықтың кішкен­тай шабаққа айналуы үшін 180 күн керек. Былтыр 140 мил­лион уылдырық дайындалды. Бұл жұмыстар Ақмола облысы мен өз өңіріміздегі су айдында­рында жүргізілді. Мұнда дернә­сілдердің дамуы үшін барлық жағ­дай жасалған. Мұндағы бір құты­да 1 млн. уылдырыққа дейін бар. Уақыт өте келе оларды іріктеп, әлсіздері мен ұрықтанбағанда­рын алып тастап отырамыз. Ма­мандар балықтың дамуын күнде­лікті 24 сағат бақылап отырады. Қазір бөлменің ішінде темпера­тура 4 градус болса, құтының ішінде одан да салқын. Бұл ба­лықтардың жақсы жетілуі үшін қа­жет, – дейді инкубация цехының меңгерушісі Анастасия Молот­кова.

Жыл сайын өңірде су айдын­дарына шабақ жіберу үшін 100 млн. теңгеден астам қаржы бөлі­неді. Биыл шабақ өсіретін мекеменің ашылғанына 60 жыл толып отыр.

Сержан НҰРТОЛҚЫНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp