«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дәрілік заттарды таңбалау

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай опера­то­ры бүкіл Қазақстан бойын­ша дәріхана қызметкерлері үшін таңбаланған дәрілік зат­тармен жұмыс істеу бойынша оқыту семинарларын тұрақ­ты түрде өткізеді.

Бірыңғай оператор Медицина­лық және фармацевтикалық ба­қы­лау комитетінің бастамасымен дә­ріхана қызметкерлері мен иелері­не онлайн оқыту жүргізді. Жақын арада Қазақстанның барлық өңір­леріндегі дәріхана қызметкер­ле­ріне таңбаланған дәрі-дәрмекпен жұмыс істеу бойынша семинарлар өткізілмек.

Қазақстанда дәрілік заттарға цифрлық таңбалауды енгізудің не­гізгі себебі контра­фактінің жоғары көрсеткіші мен дә­рілік заттарды елге заңсыз әкелу жағдайларының көп болуына бай­ланысты халық­тың денсаулығына тікелей қауіп төнуі. Сондай-ақ дәрілік заттарды цифрлық таңба­лау әрбір дәрінің қозғалысын он­лайн бақылауға, сұ­ранысты баға­лауға және қажетті резервтерді қа­лыптастыруға мүм­кіндік береді. Бұл мұқтаж адамдар­дың барлығын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2024 жылдың 1 шілдесінен бас­тап, барлық дәрілік заттар міндетті түрде таңбалануға жатады. Дәрілік заттарды цифрлық таңбалау жүйе­сі әрбір дәрілік заттың қаптама­сында өнімнің түпнұсқалығын тек­серуге болатын бірегей “data matrix” цифрлық кодтарын пайда­лануды көздейді, оны сканерлер, деректерді жинау терминалдары, POS-терминалдар және телефон камералары арқылы сканерлеуге болады.

Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істеу үшін дәріханалар ақпараттық жүйеде дәрілік заттарды қабыл­дауы қажет. Ол үшін жеке компью­тер, деректерді жинау терминалы немесе ұялы телефон (“iOS” не­месе “Android” негізіндегі смарт­фон) болса жеткілікті. Дәріхана қыз­меткері дәрі-дәрмекті сатқан кезде кодты оқуға арналған сканері бар бақылау-касса машинасын, POS-терминалын немесе ұялы теле­фон­ды пайдалана отырып, ақпа­раттық жүйеде дәрілік затты айна­лымнан алуы қажет.

Қазіргі уақытта таңбаланған дә­рілік заттарды айналымнан шыға­ру мүмкіндігін “Freedom Bank” және “Halyk Bank” сияқты бірқатар екінші деңгейлі банктердің төлем терми­налдары арқылы жүзеге асыруға болады.

Қадағалау функциясынан бас­қа, тегін “Naqty Onim” қосымшасы тұтынушыларға өнімнің дәріхана сөрелеріне дейін толық жолын, сатып алынған дәрінің Денсаулық сақтау министрлігі белгілеген шекті рұқсат етілген бағаға сәйкес ке­летінін білуге ​​мүмкіндік береді. Қа­зақстанда дәрі-дәрмек бағасы жы­лына екі рет бекітіледі. Егер таңба­лау кодын сканерлегеннен кейін сатып алушы дәрінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін немесе дәрі-дәрмектің құны рұқсат етілген ба­ғасынан жоғары екенін анықтаса, онда ол шағымды қосымшада қалдыра алады.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp