«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КРИМИНАЛИСТ КЕЛІНШЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полиция қатарында ерлермен қатар қызмет атқарып жүрген қыз-келін­шек­тердің бірі – полиция аға лейтенанты Маржантай Қанғозина. Ол Петропавл қаласы полиция басқармасының құрамындағы жедел-криминалистика бөлімінде 2020 жыл­дан бастап қызмет атқарып келеді.

Төрт жылдан бері полиция қатарында еңбек етіп жүрген арудың бұл таңдауына нағашы­лары себеп болған көрінеді. “Анамның інісі ішкі істер орган­да­рында қызмет атқарады. Бала кезімде нағашы ағама қа­рап, киіміне қызығатынмын. Алдыма мақсат қойдым, бүгінде сол ар­маным орындалды. Поли­цияға қызметке алғаш кел­генде жас мамандарға тәлім­герлерді бекі­теді. Маған да дәл осылай тә­лімгер ретінде аға кри­миналист, полиция капитаны Нұрлан Сер­далиновты бекітті. Оқиға болған жерлерге бірге шы­ғып, тәжірибемді шыңдадым. Жалпы кри­миналист маман­дығының өзін­дік ерекшеліктері бар. Оқиға ор­нында заттай дә­лелдемелер жинап, саусақ, аяқ киім із­дерін аламыз. Мен 13 қыл­мыс­ты “ізін суытпай” ашуға кө­мек­тес­тім”, – дейді жас маман.

Өткен жылы “102” арнасына адамға ауыр дене жарақаты са­лынғаны туралы қоңырау келіп түскен. Маржантай да жедел-тергеу тобы құрамында дереу оқиға орнына аттанады. Қыл­мыс жасаған адам бой таса­лаған екен. Белгілі болған­дай, ішімдік ішкен екі ер адам төбе­лескен. Пышақ сілтеген күдікті оқи­ға ор­нынан қашып кеткен. Крими­налист қыздың көзіне жер­де жатқан шөлмек түседі. Кү­дік­тінің саусақ іздері шөлмекте қалып қоюы мүмкін деген болжамы расталды. Базаны тек­серу кезінде бұрын қылмыс жа­саған ер адам туралы мәлімет­тер табылды. Осылайша қыра­ғы криминалистің арқасында бұл қылмыс бірден ашылды.

Бүгінгі таңда жедел-крими­налистика бөліміндегі 7 ер және 2 әйел қызметкер қала аума­ғында тіркелетін оқиғаларға ат­танып, қылмыстардың ашы­луына көмектесуде. Маржан­тайдың жұбайы Нұрсұлтан да – полиция қызметкері. Өңірдегі қо­ғамдық тәртіп пен жол қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету бағытында тынбай қызмет атқарып келеді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы, полиция капитаны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp