Жер қатынастары саласы – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі құрамдас бөліктерінің бірі. Облысымызда өткен жылы осы салада 16 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. 14 мыңнан астамы оң шешімін тапты. Үстіміздегі жылы жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген, 2023 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістермен жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес көрсетіледі. Жер қатынастары саласында облыстық және аудандық атқарушы органдар мемлекеттік қызметтің 12 түрін көрсетеді. Олардың ішінде: жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру және тағы басқа қызметтер бар.
Өткен жылы Мемлекет басшысы жер заңнамасын жетілдіруді және жер учаскелерін беру тәртібінің рәсімдерін оңайлатуды, жер қатынастары саласында қызметтер көрсетуді цифрландыру арқылы көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын барынша азайтуды, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуды көздейтін заңға қол қойды. Осыған байланысты “Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу” мемлекеттік көрсетілетін қызмет автоматтандырылды.
Қазір Петропавл қаласында және аудандық маңызы бар Тайынша, Булаево, Сергеевка, Мамлютка қалаларында жер учаскелері өңірлік геопортал арқылы жаңа форматта беріледі. Жария кадастрлық картада бос жер учаскелерін онлайн таңдау мүмкіндігі ұйымдастырылды және өтініштен бастап тіркеуге дейінгі жер учаскелерін берудің барлық процесі электрондық форматқа ауыстырылды.
Жер учаскесіне құқық алуға мүдделі адамдар “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы немесе “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы өтінішті жария кадастрлық картада сұралып отырған жер учаскесіне бөлінген схеманы дербес қалыптастыра отырып береді. Өтінішке: жер учаскесін бөлу схемасы; Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін беруге байланысты өзге де құжаттар қоса беріледі. Мемлекеттік қызмет екі кезең бойынша көрсетіледі. Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін қала құрылысы құжатына сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) 15 жұмыс күні ішінде анықтау. Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесін бөлу схемасын келісуі, жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімін қабылдауы; жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу (6 жұмыс күні ішінде).
2023 жылы жер учаскелеріне құқық беру бойынша жаңа формат арқылы 430 өтініш келіп түсті, оның 111-і қанағаттандырылды. 2024 жылдың басынан бері 92 өтініш келіп түсті.
Сондай-ақ 2023 жылы мынадай қосымша қызметтер пайда болды:
– “Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту” мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі 10 жұмыс күніне дейін. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. 2023 жылы 78 қызмет көрсетілді, барлығы оң шешімін тапты.
– “Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру” мемлекеттік қызметі екі кезеңде көрсетіледі. Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жерка-дастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.
2024 жылдың басынан бастап жер қатынастары саласында 1300-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 1184-і оң шешілді, 67 өтініштен бас тартылды.
Анастасия ХАРЛАМОВА,
облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы.