Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жергілікті “Қызылжар” футбол клубының басшылығымен, жаттықтырушылар құрамымен және ойыншыларымен кездесті. Өңір басшысы клуб президенті Григорий Лорияны мерейлі 70 жасқа толуымен құттықтады.
– Біздің клуб жаңа маусымды бастап кетті. Команданың алдында премьер-лигада сәтті өнер көрсету міндеті тұр. Сондай-ақ клубқа жергілікті футболшыларды тартуға да көңіл бөлу керек, – деді облыс әкімі.
Футболды дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Өткен жылы “Қарасай” стадионын жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды. Жылыту және суару жүйесі бар жасанды алаң, жаңа жарық және дыбыс жүйесі орнатылды.
Биыл екінші кезең аясында трибунаны ауыстыру, оның астындағы аумақты жаңарту және шатыр орнату жоспарланған. Ойыншыларды стадионның ортасынан шығару мүмкіндігі де қарастырылған. Стадион УЕФА талаптарына сай жабдықталып, өңірде еурокубок матчтарын өткізуге мүмкіндік туады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.