«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Селт еткізер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наурыз мейрамын үлкен-кіші, бәрі бірдей асыға күткен. Әсіресе жастар жағы мерекеде бас қосып, көңіл көтеруді әдетке айналдырған. Үлкендер көже дайындап, қонаққа барып, бір-бірін құттықтап жатқанда қыз-жігіттер де жылдың келгенін білдіріп түрлі ойындар ойнап, рәсімдер жасаған. Қазақ жастары үшін наурызды тойлау аса абыройлы әрі қуанышты іс. Жаңа танысып, көңіл жарастырып жүрген жұптар үшін Наурыз тойы бір-бірін жақын танып, бірге болу үшін ерекше сәт. Қыздар өздері ұнатқан жігітті жолдастарымен үйге шақырып, дастарқан жаяды. Оны “Ұйқыашар” деп айтады. Жігіт те жай келмей сый-сияпатын ала келеді. Көбіне олар айна, тарақ, иіссу, сырға, жүзік, білезік сынды бағалы бұйымдарды сыйға тартқан. Мұны халқымыз “Селт еткізер”, “Елең еткізер”, “Дір еткізер” дейді. Бұл кәденің де өз сыры бар. Айна тазалық пен сұлулықтың, тарақ әсемдіктің, әшекейлер махаббаттың бел-гісі. Қыздың “селт” етуінің нәтижесі үлкен сезімге апаруы ықтимал. Ары қарай екі жастың тағдыры бір жолға тоғысып, екеуі айрандай ұйыған отбасыға айналып кетуі мүмкін. Осылайша “селт еткізер” екі жастың бақытты ғұмырына себепші бола алады. Ұлыс күні көңіл қосқан жастардың махаббаттары баянды болады деген сенім бар. Бұрынғы қазақ жастары әдейі ырыммен Наурыз күні қосылуды ырымға айналдырған деген аңыз бар.

Дайындаған

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp