С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың ұжымы Ресей Федерациясын Липецк қаласындағы әріптестерімен телекөпір арқылы тәжірибе алмасты.
Заманауи технологиялардың арқасында өткен екітараптық жүздесу барысында ресейліктер С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханаға онлайн-экскурсия жасап, “Краевед” клубының жетекшісі Юлия Пискунова өңір жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Облыстық “Қоғамдық келісім” КММ басшысының міндетін атқарушы Болат Базарбаев “Достық шаңырағы астында” тақырыбы бойынша сөз қозғап, Қазақстан халқы Ассамблеясы жайлы ой бөлісті.
Бейресми диалог кезінде телекөпірге қатысушылар қоғамдық келісімді сақтау, этностар арасында өзара түсіністікті нығайту мәселелеріне назар аударды.
Липецк қаласы ұлттық мәдениеттер кітапханасы ұжымының назарына Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған “Ұлы даладағы кездесу”, “Наурыз – бейбітшілік пен көктем мерекесі” атты көрмелер ұсынылды.