«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шеттегі қазақтар да тойлайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлыстың ұлы күнін шетте жүрген қазақ диаспорасының өкілдері де атап өтеді. Мәселен АҚШ-тың Флорида штатында қазақ азаматтары бұл күні отбасыларымен жиналып, кең дастарқан жайып, ұлттық киім киюді дәстүрге айналдырған.

Менің АҚШ-та тұрып жатқа­ны­ма 2,5 жыл болды. Былтыр “Uni­versity of Florida” жоғары оқу ор­нын та­мам­дап, халықаралық биз­нес ма­гистрі атандым. Қазіргі уа­қытта мамандығым бойынша жұ­мыс істеп, тәжірибе жинақтау­дамын.

Бұл университетте Қазақ­стан­нан келіп оқитындар көп. Қазір Фло­рида штатында 15 шақты жер­лесім бар, бәріміз жақ­сы арала­сып тұрамыз. Жиі бол­маса да, мей­рамдарда, мәдени іс-шараларда жиналып, әңгіме-дүкен құ­руға тырысамыз. Мұн­дай жиын­дар­дың мақсаты – елге деген са­ғынышты басу, бірлігі­міз­ді нығай­ту, алдағы жоспар­ларымызбен бөлісіп, керек бол­са көмек беру, ақылдасу.

Біз Америкаға алғаш барған жылы Наурыз мейрамы Орлан­до қа­ласында ұйымдастырылды. Қа­зақ­тың ұлт­тық киімін киіп бар­ған бізді көрген жергілікті тұр­ғындар таңданыс­та­рын жасыр­май, су­ретке түсу ту­ралы ұсы­ныстарын айтып жат­ты. Жүзден астам Қа­зақстан аза­маты қа­тысқан мей­рам­да киіз үй құрып, оны өзіміз безендірдік. Өте кө­ңілді, есте қа­ларлық мере­ке болды. Көптеген зиялы аза­мат­тарымызбен, осы жақ­та тұ­рып жатқан түрлі сала өкіл­дері­мен, кәсіп иелерімен та­ныстық, ой алмастық. Бұл басқо­су шет­ел­ге енді келген біздің жаңа ор­таға бейімделуімізге сеп болды.

Ет те асылды, бауырсақ та пі­сі­рілді. Дастарқанға айран, үй­ден ала келген құртты қойдық. Түркі хал­қына ортақ мейрам бол­ған­дық­тан, палау бастырылды, өз­бек­тердің дымлямасы әзір­лен­ді. Әсіресе шетелде мұндай бас­қосу­лардың маңызы, тәрбие­лік мәні өте зор ғой. Балалары­мыз көріп, ұлттық салт-дәстүрі­мізді сезініп өседі. Бұл – біздің ажырамас бір бөлігіміз. Ұрпақтан ұрпаққа бе­рілуі тиіс.

АҚШ-тағы қандастарымыз биыл да Наурыз мейрамын той­лауды жоспарлап отыр. Бірақ ұлт­тық мейрам Рамазан айымен тұс­па-тұс келгендіктен осы жақтағы қазақ қауымы оны мерекелеуді сә­уір айына шегерді.

Қазір осындағы қазақтар Нау­рыз­ға дайындықты бастап кеттік. Бұл мейрамға америкалық­тар­дың қызығушылығы жыл сайын артуда. Өйткені Ұлыстың ұлы күні бір штатта ғана емес, түркі тіл­дес ха­лықтардың өкілдері тұ­ратын бар­лық қалаларда ұйым­дастыры­лып келеді. Көріп, тама­шалау, қа­ты­су үшін арнайы ке­ле­тін шетел­діктер де бар. Мысалы былтыр мейрамға қазақшаға су­дай аме­ри­калық келіп қатысты. Наурыз­дан бөлек, Тәуелсіздік кү­нінде де басымызды қосып, ұлық мерекені атап өтуге тыры­самыз. Туған жер­ден алыста жүрген біз үшін осы екі мерекенің маңызы зор. Менің ойым­ша, патриоттық сезім, елге деген сағыныш шал­ғайда жүрген­де қатты байқа­ла­ды. Шетелдік­тер­мен әңгіме­лес­кенде елім, ұлан-байтақ жерім туралы жиі ай­тамын. Олардың ықыласпен тың­дағандарына қа­рап ерекше бір се­зімде бола­мын.

Атамекеннен шалғайда жүр­гендіктен тілді, салт-дәстүрді ұмыт­­пау, балалардың бойына сі­ңіру маңызды. Ұл-қызымның са­на­сына ұлттық құндылықтарды сі­ңіруді парызым деп білемін.

Алмас ХАМЗА,

АҚШ-тың Флорида штатының тұрғыны.

АҚШ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp