«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ КИІМ – СӘНІҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының 67 жастағы тұрғыны – этно стильдегі киім үлгілерін тігудің шебері. Көп жыл бойы ұлттық нақыштағы киім тіккен Марзия Мордвинцева зейнетке шықса да, сүйікті кәсібінен қол үзген емес.

Он саусағынан өнер тамған ісмер жан қорабынан ине-жібі мен қажетті маталарын шыға­рып, татар халқының ұлттық киі­мінің ажырамас бөлігі – те­бе­тейдің түр-түрін тігеді. Оның са­ны қазір шамамен 50-ден аса­ды. Ою-өрнекпен кестелеп, әше­кей тастармен безен­дір­генде көз­дің жауын алады.

“Дуслык” татар-башқұрт мә­дени орталығының белсенді мү­шесі бас киіммен қатар этно стиль­дегі сырт киімдерді де ті­ге­ді. Әр мере­келік іс-шараға ар­нап әзірлеген түрлі дизайн­дағы ұлттық киім­дері сұранысқа ие.

– Әз-Наурыз – ерекше жақсы көретін мерекелерімнің бірі әрі бірегейі. Оны жаңару мен гүлдену мейрамы деп түсіне­мін. Кез келген қыз-келіншек Ұлыстың ұлы күнінде гүлдей жайнап, жарқырап жүруі шарт. Сондықтан түрлі дизайндағы көйлектер мен тақияларды, ұлт­тық нақыштағы басқа да киім­дерді киген жөн, – дейді Марзия Мордвинцева.

Қолөнер шебері, бұдан бө­лек, ваза, картина сынды сәндік қолөнер бұйымдарын да жа­сайды. Жақында киізден панно, қоржын, акссесуарлар дайын­дады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp