«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Электрондық форматқа ауыстырылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жер қатынастары саласы – мем­лекеттің әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі құрам­дас бөліктерінің бірі. Облысы­мыз­да өткен жылы осы салада 16 мыңнан астам мемлекеттік қыз­мет көрсетілді. 14 мыңнан ас­тамы оң шешімін тапты. Үстіміз­дегі жы­лы жер қатынастары са­ласын­дағы мемлекеттік қыз­мет­тер Қа­зақстан Республикасы Ауыл ша­руашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұй­рығымен бекітілген, 2023 жыл­ғы 1 тамызда енгізілген өзгеріс­тер­мен жер қатынастары сала­сын­да мем­лекеттік қызметтер көрсету жөнін­дегі қағидаларға сәй­кес көрсе­ті­леді. Жер қатынас­тары саласын­да облыстық және аудандық атқа­рушы органдар мемлекеттік қыз­меттің 12 түрін көрсетеді. Олар­дың ішінде: жер учаскелерін қа­лыптастыру жөнін­дегі жерге ор­наластыру жобала­рын бекіту, бұ­зылған жерлерді рекультива­циялау жобасын келісу және беру, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру және тағы басқа қызметтер бар.

Өткен жылы Мемлекет бас­шы­с­ы жер заңнамасын жетілді­ру­ді және жер учаскелерін беру тәр­ті­бінің рәсімдерін оңайлату­ды, жер қатынастары саласында қыз­меттер көрсетуді цифрлан­ды­ру ар­қылы көрсетілетін қызметті алу­шылардың көрсетілетін қыз­метті берушілермен өзара іс-қимылын барынша азайтуды, сон­дай-ақ ха­лыққа көрсетілетін қыз­меттердің сапасын жақсартуды көздейтін заң­ға қол қойды. Осы­ған байла­нысты “Республикалық маңызы бар қала, астана, облыс­тық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу” мемлекеттік көрсе­тілетін қызмет автоматтанды­рыл­ды.

Қазір Петропавл қаласында жә­не аудандық маңызы бар Та­йын­ша, Булаево, Сергеевка, Мам­лютка қалаларында жер учас­ке­лері өңірлік геопортал ар­қылы жа­ңа фор­матта беріледі. Жа­рия ка­дастр­лық картада бос жер учас­ке­лерін онлайн таңдау мүм­кіндігі ұйымдастырылды жә­не өті­ніштен бастап тіркеуге де­йінгі жер учас­ке­лерін берудің барлық процесі элек­­трондық фор­матқа ауысты­рыл­ды.

Жер учаскесіне құқық алуға мүдделі адамдар “электрондық үкі­меттің” веб-порталы арқылы не­месе “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпора­ция­сы арқылы өтінішті жария ка­дастрлық картада сұралып отыр­ған жер учаскесіне бөлінген схе­маны дербес қалыптастыра оты­рып береді. Өтінішке: жер учас­кесін бөлу схемасы; Жер кодек­сінің 48-бабының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін бе­руге байланысты өзге де құжат­тар қоса беріледі. Мемлекеттік қыз­мет екі кезең бойынша көрсе­тіледі. Бірінші кезең: сұралып отыр­ған жер учаскесін қала құры­лысы құжатына сәйкес мәлім­делген нысаналы мақсаты бо­йын­ша беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) 15 жұмыс күні ішінде анықтау. Екінші кезең: көрсе­тіле­тін қызметті алушының жер учас­кесін бөлу схемасын келісуі, жер учаскесін бөлу схемасын қоса бе­ре отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қыз­метті берушінің шешімін қабыл­дауы; жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мер­зімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеу­сіз) жер пайдалану шартын жа­сасу (6 жұмыс күні ішінде).

2023 жылы жер учаскелеріне құқық беру бойынша жаңа фор­мат арқылы 430 өтініш келіп түсті, оның 111-і қанағаттандырылды. 2024 жылдың басынан бері 92 өтініш келіп түсті.

Сондай-ақ 2023 жылы мына­дай қосымша қызметтер пайда болды:

– “Жер учаскесін жалдау мер­зі­мін ұзарту” мемлекеттік қыз­ме­тін көрсету мерзімі 10 жұмыс кү­ні­не дейін. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қыз­­метті берушінің жер учаске­сіне уа­қытша (қысқа мерзімді, ұзақ мер­зімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайда­лану (жалдау) құқығын беру тура­лы шешімі және жер учаскесін уа­қытша (қысқа мер­зімді, ұзақ мер­зімді) өтеулі (өтеу­сіз) жер пай­да­лану (жалдау) шар­тын жасасу не мемлекеттік қыз­метті көрсетуден дәлелді бас тар­ту болып табы­ла­ды. 2023 жылы 78 қызмет көрсе­тілді, барлығы оң шешімін тапты.

– “Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру” мемлекеттік қыз­меті екі кезеңде көрсетіледі. Бі­рін­ші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген ны­сана­лы мақсаты бойынша пайда­лану мүмкіндігін айқындау, жер учас­кесін таңдау актісін дайын­дау, сәулет-жоспарлау тапсыр­ма­сын, инженерлік желілерге қо­сылуға техникалық шарттарды жә­не то­пографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде. Екінші ке­зең: жер учаскесін таң­дау актісін келісу және көрсеті­ле­тін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыс­тардың қызметтері үшін ақы тө­леу кезінде жерка­-дастрлық жос­парды қоса бере отырып, жер учас­кесіне жер пай­далану құқы­ғын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мер­зімді) өтеулі (өтеусіз) жер пай­далану шартын жасасу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

2024 жылдың басынан бастап жер қатынастары саласында 1300-ге жуық мемлекеттік қызмет көр­сетілді, оның 1184-і оң шешіл­ді, 67 өтініштен бас тартылды.

Анастасия ХАРЛАМОВА,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp