«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бюджет қаражатын желге ұшырған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласында қадағалауды күшейтті. Мамандар мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру бойынша шаралар қабылдауда.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуда қадағалау органының актілері бойынша 3,3 млрд. теңгенің 11 заңсыз конкурсы жойылып, 17 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік қызметтің беделін түсірген үш адам жұмыстан босатылып, үшеуіне қызметке толық сәйкес еместігі ескертілді.

Тимирязев аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мемлекеттік сатып алу және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын өрескел бұзған. Ол орындалған жұмыс актілеріне қол қойып, жеткізушіге тарату желілерін қайта құрудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеген, іс жүзінде орындалмаған жұмыс үшін 6,7 млн. теңге төлем жасаған.

Ал Тимирязев ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы тапсырысты алушыға балалар спорт алаңын салу бойынша іс жүзінде орындалмаған жұмысқа 19,9 млн. теңге төлеген.

Осындай заң бұзушылықтарға Аққайың ауданы Астрахан ауылдық округінің әкімі де жол беріп, алаң аумағын тегістеу, жоспарлау және дайындау жұмыстарына 1,3 млн. теңге берген. Ал іс жүзінде оның бірі де орындалмаған.

Қадағалау органының актілері және Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша бұл лауазымды тұлғалар қызметтерінен босатылды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp