Кез келген танымал интернет-сайттарда алаяқтардың “жасырынып жүретіні” айтпаса да түсінікті. Олардың көздеген басты нысаны – жеке пайдаланушылармен қатар тұтас компанияларға алдау схемаларын ұсына отырып, өзгенің маңдай тер, табын ақысымен тапқан қаржысын жымқырып кету. Интернет-алаңдар (“Telegram”, “Whatsap” және т.б.) тек мессенджер ретінде ғана емес, сонымен қатар әртүрлі жұмыс тапсырмалары үшін де пайдаланылатыны белгілі. Ол үшін алаяқтар арнайы шағын бағдарлама-боттардың көмегіне жүгініп отырады. Сондықтан жосықсыз мақсаттар үшін де қолданудан еш тайынбайды. Мекемелер әртүрлі алаяқтықпен белсенді күресіп жатқанымен, интернет-алаяқтық шекара дегенді білмейді. Интернет-ресурстар арқылы ең көп таралғаны – “танымал алдау схемалары” мен түрлі жұмыстар ұсыну. Екі сағат ішінде үйде отырып-ақ “ақша табуға” түрлі қарапайым тапсырмалар мен жарнамалық роликтер жібереді. Жеке есеп-шотыңызға қанша қаражат түсетініне дейін “балгерлікпен” айтып береді. Кейде ғылым немесе медицина саласындағы “танымал сарапшылардың” атынан боттар жасалады. Мысалы, олар эстрада жұлдыздарымен жұмыс істеген косметолог әйел немесе әйгілі маркетолог болуы мүмкін. “Сарапшы” өз жазбаларын аудиториямен бөліседі, кеңестер береді, сонымен қатар ақылы қызметтер ұсынады.
Алдап-арбаудың ықтимал тәуекелінің бірі – акцияларға немесе криптовалютаға инвестиция салумен айналысатын “сарапшылардың” арналары. Алаяқтар ізбасарларына сәнді өмірдің атрибуттарын көрсетеді және миллиондаған адамдар қаншалықты оңай ақша таба алатынына сендіреді. Алаяқтар қолданатын тағы бір танымал әдіс – жалған сілтемелерді пайдалы ресурсқа, жаңа интернет-дүкендерге жіберу. Беттер көбінесе белгілі бір сайт ретінде жасырылады болмаса атауында бірнеше әріп өзгертіледі. Сілтемені басқаннан кейін оған кіру сұралады, жеке ақпаратты енгізсеңіз, тұзаққа түстім дей беріңіз. Бұл схема фишинг деп аталады.
Боттар көпшілікке қол жетімді деректерді іздейді, мысалы, пайдаланушылардың телефон нөмірлерін жинайды. Өйткені ұйымдар спам және қоңыраулар жіберу үшін нөмір базаларын орналастырады. Осылайша кездейсоқ жарнамалық хабарламалар арқылы нақты адамдардың телефондарының тізімін пайдалануға мүмкіндік алады. Әртүрлі елдерден (оның ішінде Қазақстан да бар (“Facebook” қолданушыларының телефон нөмірлерінің орасан зор (жарты миллионға жуық) базасына қол жеткізгендер жеке тұлғаға қатысты нақты ақпараттарды “Facebook” есептік жазбасының идентификаторы арқылы тапқан.
Қыжылжар ауданы бойынша соңғы 12 айда бұл көрсеткіш 22-ден 38-ге дейін көбейген. Оның ішінде 32 факт интернеттегі алаяқтыққа қатысты. Қоғамға келтірілген шығын – 63,4 млн. теңге. Алданғандардың орташа жасы – 54.
Интернет-сайттардағы алаяқтар пайдаланушыларға өз баласына (туысына) арналған конкурста дауыс беруді сұрап, жеке хабарламалар жіберіп жатады. Мұндай жағдайларда адам жіберілген сілтемеге өтсе, пайдаланушы интернет-сайттарда алынған телефон мен кодты енгізеді. Сөйтіп есептік жазбаға кіріп, парольді өзгертеді.
Интернет-сайттардағы алаяқтардан қорғану жолдары қарапайым: жаңа құрылғыны авторизациялау кезінде интернет-сайттарды қолдау қызметі жіберетін кодты үшінші тарап ресурстарына енгізбеңіз, мессенджерде файлдарды іске қосуды өшіріңіз, үнемдеу үшін бұзылған қолданбаларды жүктемеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, олардың зияндылығын тексермеңіз. Ол үшін арнайы бағдарламалар бар, мысалы, “Kaspersky VirusDesk” арқылы сілтеменің түпнұсқаға сәйкес келетіндігін тексеруге болады. Күмәнді және заңсыз қызметтерге келіспеңіз. Алданып қалсаңыз, сотқа да шағымдана алмайсыз. Бұдан бөлек, несие тарихын тазарту немесе жалған құжаттарды рәсімдеу туралы ұсыныстар келуі де мүмкін. Ең тиімді әдіс – барлық жүктелетін файлдарды тексеретін антивирус қою. Сосын ресми шоттардың дизайнына назар аударған жөн (көк белгінің болуы шарт). Мұндайда ресми техникалық қолдау қызметін бұғаттауға да, контактілер тізіміне қосуға да болмайды. Екі факторлы аутентификацияны қоссаңыз, есептік жазбаны қорғау сенімді болады. Үшінші тарап ресурстарын қолдану арқылы ынтымақтастық ұсыныстарымен келіспеңіз (пароль мен кіру кодын енгізу). Егер әлеуетті жарнама беруші мұрағатталған файлды жіберсе, оларды мәтінмен жіберуді талап етіңіз.
Интернеттегі, телефондағы, басқа жағдайлардағы алаяқтық адамдардың сауатсыздығын пайдалануға, эмоциялық көңіл күйлеріне негізделген.
Мақсат СМАҚОВ,
Қызылжар аудандық прокуратурасының прокуроры.