«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тасқыннан зардап шеккен ауылдарды аралады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қызылжар ауданындағы су  астында қалған Семиполатное, Бескөл, Большая Малышка ауылдарына барды. Өңір басшысы су тартылып жатқан үйлерді аралап, зардап шеккен  тұрғындармен сөйлесті.

Семиполатное  ауылының тұрғыны Дмитрий Фазыловтың үйі тұруға жарамсыз.  Сондықтан жергілікті диқан Ләззат Жакеева өзінің жұмысшысына сол ауылдан басқа үйді алып, жөндеп жатыр.

“Су үйлердің аумағынан кеткен кезде тез арада мүлікке техникалық тексеру мен бағалау жүргізу қажет. Бұл жұмыстар қазірдің өзінде аудандарда жүргізілуде. Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласының әкіміне ештеңені күтпей, су тартылған үйлерді  тексеру үшін бағалау комиссияларын жылдам іске қосуды тапсырдым”, – деді өңір басшысы Ғауез Торсанұлы.

Комиссия үйді жөндеуді ұсынса, қалпына келтіру жұмыстары шұғыл түрде басталуы керек. Егер ол өмір сүруге жарамсыз болса,  жаңа үй салынады немесе екінші нарықтан баспана сатып алынады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp