«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ризашылық білдірді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдай департаменті су тасқыны кезінде көмекке келген Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарының құтқарушыларын салтанатты түрде шығарып салды.

Петропавл ауыр машина жасау зауыты алдындағы алаңда өткен шарада еліміздің әр өңірінен келген құтқарушылар сап түзеді. Олар бір айға жуық уақыт бойы облыстың құтқарушыларымен, жергілікті атқарушы органдармен, халықпен және еріктілермен бірге өңірдегі су тасқынының салдарын жоюда зор үлес қосты.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің бастығы, полковник Ерік Сарыбаев құтқарушыларға ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар табыстады. Зор құрметке бөленген 114 құтқарушы үйлеріне аман-есен аттанды.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp