Петропавлда бес қабатты үйдің терезесінен құлап кеткен 4 жасар бүлдіршіннің өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр.
Оқыс оқиға 7 маусым күні болды. “Петропавл қаласы полиция басқармасының “102” жедел нөміріне Ысқақ Ыбыраев көшесіндегі бес қабатты үйдің терезесінен баланың құлап кеткендігі туралы ақпарат түскен. Қазіргі уақытта бүлдіршін облыс орталығындағы емдеу мекемелерінің бірінде. Тексеру жүргізіліп жатыр”, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мамандары.
Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының директоры Нұрлан Аймановтың айтуынша, бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Мамандар бүлдіршінді аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.