«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА ӨЛЕҢ ОҚЫП, ӘН АЙТТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қаланың орталық сая­ба­ғында ашық аспан ас­тында балалар байқауы өтті. Онда балғын­дар үш бағыт бойынша өнерлерін ортаға салды. “Туған же­рім – туған өлкем” атты көркемсөз оқу бай­қауын И. Шухов атындағы орта­лық қалалық кітап­хана мен “Мир атрак­цио­нов” серіктестігі бір­лесіп ұйымдастырды. Бала­лар­дың оқуға деген қызы­ғу­шылығын ояту, олар­дың бойында сахна мә­дение­тін қалыптастыру, шы­ғар­машылығына қол­дау көрсету мақсатында ұйым­дастырылған ша­ра­ға 6-15 жас аралығындағы өрендер қатысты.

Байқаудың мәнерлеп оқу бағытында қатысушылар өз­дері жаттаған өлеңдерін ұсын­ды. Талапты өрендер қазақ әдебиеті классиктерінің ел-жер ту­ралы жырларын жаттап ке­ліпті. Дарындылар арасында шын жүйрікті анықтау оңайға соққан жоқ. Ал келгендердің бір тобы өз өлеңдерін оқып берді. Олардың тақырыптары да әр алуан.

– Мен бұл байқауға бір ай дайындалдым. Мұқағали Ма­қатевтың “Үш бақытым” өлеңін жаттадым. Бұл туынды өзіме ерекше ұнайды. Жаттауға оңай, тілі жеңіл. Бұған дейін де осындай байқауларға қатысып, жүлделі орын иеленгенім бар. Бүгін де жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысып бақтым, – дейді Қызылжар ауданынан келген Нұрислам Серәлі.

Шара соңында үздік өнер көрсеткендер сый-сияпатқа ие болды. Оларға демеуші та­рапынан ақшалай сыйлықтар табысталып, барлық қатысу­шы­ларға саябақтағы әткен­шек­терде ойнауға мүмкіндік берілді.

Алтынай СЫЗДЫҚОВА,

И.Шухов атындағы қалалық кітапхананың қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp