«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Суға батып кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданы, Приб­­режное елді мекенінің ма­ңында орналасқан “Чер­ное” көліне суға шомылуға бар­ған 20 жастағы жігіт мерт бол­ды. Облыстық төтен­ше жағ­дайлар де­партамен­ті бас­пасөз қыз­метінің мәліме­тінше, оқыс оқиға 1 шілде күні кеш­ке болған.

“Белгісіз жағдайда жоғалған 2003 жылы туған ер адамды із­деуге төтенше жағдайлар депар­таментінің жеке құрамынан 3 адам, 5 құтқарушы жұмылды­рылды. Сондай-ақ оқиға орнында полицияның 5 қызметкері және 2 техникасы жұмыс істеді. Сағат 22.45 кезінде жігіттің денесі та­былды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себебі анықталып жа­тыр, сот-медициналық сараптама та­ғайындалды”, – делінген баспа­сөз хабарламасында.

Бұл – өңірде жаз басталғалы суда болған төртінші қайғылы оқи­ға. Бұған дейін үш жасөспірім суға батып кеткен еді.

Мамандар суға шомылу ке­зінде сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Арнайы бел­гілер орнатылған орындарға суға түсуге болмайды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp