«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 10.10.2024

“Жұрттың баласы” неге жақсы?

Кейде ата-ананың шамадан тыс талапшылдығы баланың жігерін жанудың орнына, оның еңсесін түсіріп, ертеңіне кері әсер етіп жатады. Үлкендердің өз ұрпағынан үлкен үміт күтіп, келешегі жарқын болғанын қалайтыны анық. Алайда баланың әрекеті үшін шектен тыс алаңдаудың оған теріс әсер ететінін ұмытпайық. Отбасы бала үшін өзін ба­қытты, қауіпсіз, мейірім құша­ғын­да сезінетін қолайлы орта болуы керек. Ата-ананың ма­хаб­батына …

“Жұрттың баласы” неге жақсы? Read More »

“ҰЯ БҰЗҒАН ОҢБАЙДЫ”

Төртінші, әлде бесінші сы­нып­­­та оқитын кезім. Ерте көк­тем­де мал қораның ішінде қар­лығаш ұя салады. Кіп-кішкентай құстың сон­шалықты еңбек­қор­лығына қай­ран қалатын едім. Есіктен зып етіп шыққаны сол, әлгіндей бол­май қайтып орала­ды. Аузында шөп-ша­лам, жүн-жұрқа, кейде бал­­шық та тістеп әкеледі-ау дей­мін. Сал­ған ұясы сондай әдемі. Теп-тегіс, жұп-жұмыр етіп түсі­ре­ді. Жуан бөре­ненің қапта­лына қа­лаған ұяның беріктігін көргім кел­ді-ау …

“ҰЯ БҰЗҒАН ОҢБАЙДЫ” Read More »

ХАЛҚЫН СҮЙГЕН – САЛТЫН СҮЙЕР

Ұлттың басты сипаты оның салт-дәстүрінен бастау алады. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан игі дәстүріміз – ұлтымыздың айнасы. Дәстүрімізге жай ғана қызығушылық танытпай, оның терең мағынасына мән берген жөн. Бұл орайда “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігі салт-дәстүрді ұлықтап, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосуда. “Қазақ аналары – дәстүрге жол” қоғамдық бірлестігі қазақ аналарына отбасы, …

ХАЛҚЫН СҮЙГЕН – САЛТЫН СҮЙЕР Read More »

ӘР ҮЙДІҢ ТӨРІНДЕ ТҰРУЫ КЕРЕК

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы, Алаш арыста­ры­ның арман-мұратының көрінісі, ұлтының үні болған “Қазақ” га­зеті шыға бастаған тұста ұлт ұс­тазы Ахмет Байтұрсынұлы: “Дү­ниенің төріне ұмтылғандар төр­ден орын алып жатыр. Ұмтыл­мағандар есікте қалып жатыр… Қалмайық десек, қарап жатпа­лық… Көп ісіне көп болып жабы­лайық… Қолымнан не келеді деп қорынбайық. Ұлтына қыз­мет етуге ниет болса, жұмыс та­былады. Көп жұмыстың ауыры …

ӘР ҮЙДІҢ ТӨРІНДЕ ТҰРУЫ КЕРЕК Read More »

Жанды баураған кеш

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда белгілі өнерпаздар, мәдениет саласының үздіктері Динара және Асхат Таушевтардың классикалық ән кеші өтті. Шарада өнерпаздар Австрия композиторы, музыкадағы романтизм бағытының негізін қалаған Ф. Шуберттің туындыларын орында­ды. Сондай-ақ Ж.Бизенің “Перт­ сұлуы” операсынан Смит серена­дасы, Д.Пуччинидің “Джан­ни Скики” операсынан, И.Каль­ман­нің “Сильва” опереттасынан Сильва­ның ариялары шырқалды. Әнші­лерді рояльда сүйемелдеген Ан­дрей Слезконың өнерін жоғары …

Жанды баураған кеш Read More »

Президенттік олимпиада басталды

Елімізде Президенттік олимпиада басталды. Биыл 17-ші рет ұйымдастыры­лып жатқан олимпиадада 11-сынып оқушылары жаратылыстану-математи­ка бағытындағы білімдерін сынға салуда. Өңірлік кезеңге 166 оқушы қатысып жатыр. Тестілеу пәндері арасында ма­тематика, физика, химия жә­не биология бар. Тайынша ау­да­нынан келген Альбина Бай­ғаж­қызы бұл сынақтан сүрінбей өтетініне сенімді. – Мен болашақта физика жә­не математика пәндерінің мұға­лімі болғым келеді. Қазір 11-сы­ныпта оқып …

Президенттік олимпиада басталды Read More »

Сақтыққа салғырт қарамаңыз

Өткен тоғыз айда Солтүстік Қа­зақстан облысында үш жүзден ас­там өрт оқиғасы орын алып, сал­дарынан жиырма үш адам, оның ішінде үш бала қайтыс болды. Жақында ғана облыс орталы­ғындағы Зайцева көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған өрттің салда­рынан екі ересек адам және 2021 жылы туған бала қаза тапты. Ал ке­лесі күні “Ракета” саяжай қоға­мындағы үйден өрт шығып, оқиға …

Сақтыққа салғырт қарамаңыз Read More »