«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сәйгүліктер сыны

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар ауданындағы “Құлагер” ипподромында ат спорты түрлерінен облыс кубогы өтті. Жарысқа өңір аудандарынан жиналған спортшылар қатысты.

Алдымен 7 шақырымдық жорға жарысының жүлдегер­ле­рі анықталды. Алты жүйріктің іші­нен алға суырылған “Аква­ма­рин” мәреге бірінші бо­лып жетті.

– Бұл сайысқа дейін Дүние­жүзілік көшпенді­лер ойындары­на қатысқан едім. Онда жүлдеге іліне алмадық. Осы жолы жеңім­паз атандым. Алдағы уақытта ірі жарыстарға қа­тысамын, – дейді шабандоз Ев­гений Чибисов.

Облыс кубогына сәйгүлікте­рін сайлап келген шабандоздар құ­нан және аламан бәйгелерге қа­­тысты. Барлық жүлдегерлер ақ­шалай сыйлықтармен мара­пат­­талды. Жалпы жүлде қоры – 2,5 млн. теңге. Спортшы­лар ау­да­рыс­пақтан да өзара мықтыны анық­та­ды. Бұл сында шалақын­дық Ра­ма­зан Сәлім жеңімпаз атанды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp