«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАУЫРМАЛДЫҚ – ҚАНҒА СІҢГЕН ҚАСИЕТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Президент “Әділетті Қазақ­стан: заң мен тәртіп, экономи­ка­лық өсім, қоғамдық оптимизм” Жолдауында әлеуметтік-экономи­калық, мәдени-рухани бағыт­тардағы бірегей шараларды жү­зеге асыруды көздейтін страте­гиялық мақсатымызға жету үшін еліміздің бейбіт өмір сүруіне және тұрақты дамуына қолайлы ішкі-сыртқы жағдай қалыптас­ты­рудың маңызы өлшеусіз екенін айрықша атап көрсетті.

“Бұл – қа­зіргі аса күрделі гео­саяси ахуал кезінде өте жоғары кәсібилікті та­лап ететін диплома­тияның мін­де­ті”, – дей келіп, Қа­сым-Жомарт Кемелұлы Қазақ­стан Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын қа­таң ұстайтынын, көп­жақты ынты­мақтастық орнатуға қа­шанда дайын екенімізді, алда­ғы уақыт­та да халықаралық қауіп­сіздік және тұрақтылық мә­селелерін шешуге белсенді атса­лысаты­нын мәлімдеді. Респуб­ли­ка жұртшылығы сияқты этно­мә­де­ни бірлестіктер де халық­аралық ұйымдардың терроризм­ге, экстремизмге, заңсыз көші-қон­ға, өзге де қауіп-қатерлерге қарсы күресу жолындағы қадам­дарын қолдай отырып, кез кел­ген шетін мәселелерді бейбіт және теңгерімді саясат шеңбе­рінде шешу қажет деп есептейді. Астанада Қазақстанның төраға­лы­ғымен өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Тәуелсіз Мем­ле­кеттер Достастығына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Түркі мемлекет­тері ұйымына мүше ел­дер басшыларының саммиттері сияқ­ты аса маңызды халықара­лық басқосулардың түпкі мақсаты ел бірлігін сақтауға, ұлтара­лық қарым-қатынастарды жан­дан­­дыруға, бір-біріне шын рия­сыз құрмет көрсету арқылы дос­тық байланыстарды орнықтыру­ға бағытталған. Осындай ұста­нымның және берекелі бірліктің арқасында бір шаңырақ астында мекен ететін халқымыз асыл ар­ман-мұраты жолында ауызбір­лік­тің үлгі-өнегесін көрсетіп келе­ді. Өзгелерден ерекшелеп тұра­тын кең пейіл, толеранттылық қа­сиетіміз парасатты ел екенімізді танытып қана қоймай, үйлесімді әрі әділетті қоғам құрудың басты кепіліне айналған. Тіліне, дініне, ұл­тына, әлеуметтік жағдайына бай­ланысты ешқандай қысым жа­салмайтыны Ата Заңымызда нақты жазылған. Демек, теріс пи­ғылды адамдардың ұлтаралық татулығымызға сызат түсіріп, ушық­тыруына ешқандай жол бе­рілмейді деген сөз. Мемлекет басшысы еске салғандай, Әді­летті Қазақстан құрамыз десек, саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, қо­ғамдық сана, азаматтардың ние­ті өзгеруі керек. Сонда жұдырықтай жұмылған біртұтас халықтың бірлігі сетінемейді. Отанымыз­дың іргесі берік, керегесі кең, төрт құбыласы түгел болуы бү­гін­гі күні айрықша маңызды. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы­ның құрамында 2007 жылы өз ал­ды­на шаңырақ көтерген түрік мә­дениеті ұйымы түбі бір түркі тіл­дес халықтардың адамзат өркениетінде өзіндік орны бар ортақ рухани құндылықтарын, бай мә­де­ни қазынасын, саф өнерін, те­легей-теңіз әдеби мұрасын, жау­hардай жарқыраған асыл тілін тал­май насихаттауды басты мақ­сат етеді.

Президенттің озық ойлы ұлт ретінде халқымызды ыдырата­тын емес, біріктіретін идея ма­ңайында топтасып, жалпыұлт­тық құндылықтарды бәрінен биік қою, нағыз отаншыл қасиеттерді мең­ге­ру, жалған патриотизмнен бой­ды аулақ салу, жат мәде­ниет­ке көзсіз еліктеуден сақтау талапта­ры негізінде өзге этномә­дени ұйымдармен бірлескен ме­реке­лерге, концерттерге, фести­валь­дарға, шығармашылық бай­қау­ларға, көрмелерге, шеберлік сы­ныптарына, шығармашылық кез­десулерге, озық бағдарлама­лар­ға үзбей қатысып келеміз. Қа­зақ­стан Түркия секілді түркі ықпал­дастығының қозғаушы күші бо­­лып табылатындықтан, түркі әле­­­мін мәдени ынтымақтастық ар­­қылы біріктіруге атсалысу – бас­ты парыздарымыздың бірі. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің сту­денттері ТҮРКСОЙ мемлекетте­рінің киелі ескерткіштері туралы жан-жақты ақпараттар ұсынып, шетел тілі факультетінің, сондай-ақ құқық және тарих фа­куль­те­ті­нің студенттері, “Қазақстан хал­қы ассамблеясы” кафедрасы жа­нын­дағы ғылыми-әдістемелік қо­ғамның мүшелері үлкен белсенділік танытты. Түркі елдерінде ежелгі сәулет ескерткіштері көпті­гіне қарамастан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрала­ры ішінде жоғары бағаланады. Түр­кі­менстаннан “Гёроглы” эпика­­лық өнері, “Куштдепди” ән мен би сал­ты, кілем тоқудың дәстүрлі өнері, дутар жасау, Өзбекстан­нан “Ләйлі мен Мәжнүн”, “Фар­хад пен Шырын”, “Тахир мен Зух­ра” лирикалық поэмалары, Қыр­ғызс­таннан қырғыз аңызшыла­ры, эпос­тар өнері, ала киіз және шыр­дақ өнері, “Манас”, “Семей және Сейтек” эпикалық шығар­ма­ла­ры, Қазақстаннан үй жасау­дың дәс­түрлі дағдылары, айтыс өнері, жыл­қы өсірушілердің салт­тары, “Қымызмұрындық”, “Бие байлау”, күйді домбырада орындау, ай­тыс, қазақ күресі, Наурыз мере­кесі енген. “Огузнаме” батырлық эпосы, зәйтүн өсіру Түркияда зор құндылық, ал мей көптеген ға­сыр­­лар бойы ойналып келе жат­қан ағаш үрмелі аспап ретінде баға­ланады. Седеппен безендіру – бұл әртүрлі ағаш заттардан жа­салған, тесіктерге жарқыраған седеп бөліктерін шебер енгізетін көне әдістің бір түрі. Бұл қолөнер жалпы мағынада “алтынмен бе­зендіру” деген мағынаны білді­ре­ді. Әзірбайжанда тезхиб өте көне өнер ретінде каллиграфия­лық әріптерде және ою-өрнектерде сақталған. ТҮРКСОЙДЫ құру ке­зінде негізінен тілдік ұста­нымға ба­сымдық беріліп, мүше­лігіне Әзір­байжан, Қазақстан, Қыр­ғыз­стан, Өзбекстан, Түркия және Түр­кіменстан кіреді. Халық­ара­лық Түркі академиясы тара­пы­нан тың серпінмен қолға алынған зерттеулердің мо­лайып, тақы­рып аясының кеңи түскені де қуантады.

Президенттің “Біз “бірлігіміз – әралуандықта” деген қағиданы берік ұстанып, еліміздегі бейбіт­шілік пен келісімді сақтайтын боламыз. Түрлі діндер мен конфес­сияларды жақындастыруды және қазіргі заманғы өзекті мә­селелерге қатысты диалог орна­туды көздейтін мәртебелі мис­сия­мызды атқара береміз. Біздің күшіміз – бірлікте. Жұртымыз ба­сына түскен тауқыметтің бәрін мыз­ғымас бірліктің арқасында жеңіп келеді. Орасан зор сын-қатерлер пайда болған қазіргі за­манда ынтымақ-бірліктің маңы­зы арта түсті. Қазақстан – бәрі­міздің қа­сиетті қара шаңырағы­мыз. Сон­дықтан әрбір азамат ел тағдыры­на өз тағдырындай қа­рау­ға тиіс”, – деген пайымы Алаш­тың әйгілі ақыны Мағжан Жұ­мабаевтың ойымен үндес. Ақынның “Алыс­тағы бауы­ры­ма” атты жауhар жыры 1919-1920 жылғы Ататүрік бастаған ұлт-азаттық қозғалысты қолдау мақсатында жазылғаны мәлім.

Түркияда ең маңызды мере­ке­лердің бірі – Тәуелсіздік және балалар күні 23 сәуірде аталып өтеді. “Cocrur Byiamy” атты іс-шара жыл сайын бізде де Достық үйінде ұйымдастырылып, түрлі этнос балаларын түрік мәде­ние­тінің ерекшеліктерімен, мереке­лік дәстүрлерімен, ән, би, ұлттық ойындарымен таныстырамыз. Кон­церттік бағдарлама бары­сын­да қобыз, домбыра, баян, флей­та сияқты музыкалық ас­пап­тар­дың пайда болу тарихы баянда­лады. Ал “Түркі әлемінің қасиетті ескерткіштері” виртуал­ды экскур­сиясы барысында қа­сиетті жер­лер көрсетіліп, қыз ұза­ту тойын Түркиядан арнайы кел­ген Нұргүл Йылдыз сахналады. “Қызықты адамдар клубы” жоба­сы аясын­да Қазақстан халқы Ас­самблея­сының қызметіне баса көңіл ау­да­рылады. “Аналар ке­ңесі” өкіл­дерінің қатысуымен өт­кен жиын да тағылымдығымен ес­те қалды.

Месхеттік түрік бауырларды туған жерінен күштеп көшіру 1944 жылы күзде Грузияның оң­түстігінен басталғаны белгілі. 220 ауылдан 125 мың адам жедел түр­де еріксіз қоныс аударған. Осындай қиын сәтте қазақ халқы поляктарды, немістерді, украиндарды да құшағына басып, жар­ты нанды бөлісіп жеген. Осынау қасыретті оқиғаның 80 жыл­ды­ғына орай қуғын-сүргіннен зар­дап шеккендерді еске алу кешін­де 95 жастағы еңбек ардагері Ах­мат Бедишевтің естелігін тебі­ренбей тыңдамау мүмкін емес. Ахалтеке ауданының 50 ауылы­нан ересектер мен балаларды күз­дің қара суығында жүк ва­гон­дарына отырғызып, Қазақстан­ға жеткенше жартысына жуығы үсіп өлген, аштықтан жан тәсілім ет­кен.

Халқымыздың қанына сіңген бауырмалдық, қамқорлық, жанашырлық сияқты асыл қасиеттер­ден айнымауы басты бағдар бо­лып қала береді.

Диляра ХАСАНОВА,

“Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp