«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕНІМДІ ҚОРҒАНЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Пет­ро­павл қаласы мен Қызылжар ауданы бойынша қорғанысы нығайтылып, кеңейті­ліп жатқан 8 бөгеттің құрылысын тексерді.

Бұл жұмыстарға 158 техника тарты­лып, 1,5 миллион тонна инертті материал жет­кі­зіл­ген. Сөйтіп, бөгеттердің биіктігі ай­тар­лықтай ұлғайтылған. Прибрежное мен Теп­лич­ное ауылдарында жұмыс аяқ­талып, облыс орталығында жалғасуда.

Мамандардың айтуынша, жан-жақты жүр­гізілген ғылыми талдамалар биылғы тас­­қын кезіндегі судың ең жоғары деңгейі, Бал­тық биіктік жүйесімен есептегенде, 98,58 метрді құраған. Жаңа бөгеттердің биіктігі 101,2 метрге дейін жобаланған. Мұндай қор­ғаныс болашақта елді мекен­дерді су тасқы­нынан сенімді қорғауға ке­пілдік бермек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp