Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы бойынша қорғанысы нығайтылып, кеңейтіліп жатқан 8 бөгеттің құрылысын тексерді.
Бұл жұмыстарға 158 техника тартылып, 1,5 миллион тонна инертті материал жеткізілген. Сөйтіп, бөгеттердің биіктігі айтарлықтай ұлғайтылған. Прибрежное мен Тепличное ауылдарында жұмыс аяқталып, облыс орталығында жалғасуда.
Мамандардың айтуынша, жан-жақты жүргізілген ғылыми талдамалар биылғы тасқын кезіндегі судың ең жоғары деңгейі, Балтық биіктік жүйесімен есептегенде, 98,58 метрді құраған. Жаңа бөгеттердің биіктігі 101,2 метрге дейін жобаланған. Мұндай қорғаныс болашақта елді мекендерді су тасқынынан сенімді қорғауға кепілдік бермек.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.