«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шалғайдағы шырайлы ауыл

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылжар – сұлулығын сипаттауға тіл жетпейтін табиғаты ақ қайыңдармен көмкерілген, топырағы құнарлы қасиетті өңірлердің бірі. Сылдырай аққан ерке Есілдің қос жағалауы – орманды алқап, шабындығы мен жайылымы мол шұрайлы дала. Шалғайдағы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданға “Ауыл аманаты – ел аманаты” экспедициясын облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов бастап апарды. Есіл, Шал ақын аудандарын басып өтіп, Қостанай бағыты бойынша 380 шақырым жолды артқа қалдырдық.

Аудан әкімі Руслан Аңбаев бізді ежелгі танысындай жылы шыраймен қарсы алып, жұмыс жоспарымен танысқаннан ке­йін жанымызға орынбасары Берік Сапановты қосып берді. Тіршілігі қыж-қыж қайнаған сауда орын­дары, басқа да әлеуметтік ны­сандар қаз-қатар тізілген кең кө­шелерді басып өттік. Сапарымыз Көкше­тау ба­ғытындағы Тахта­брод ауыл­дық округіне қарай жал­ғас­ты. Республикалық маңы­зы бар Пет­ропавл-Қостанай-Жез­қазған ба­ғы­тындағы күре­жол­­дың сапасы талапқа сай бол­ғанымен, аудан­аралық жол­дар­дың тозып кетке­ні бірден байқа­ла­ды. Осы се­бепті 150 шақырым аралықты 3 са­ғаттан аса еңсеру­ге тура кел­ді. Уақыт ұту үшін Тахтабродты жанай өтіп, Ко­выльныйға тіке тарттық. Ауылға кіре кірбің тарт­қан көңіліміз шай­дай ашылып сала берді. Оқтай түзу көшелер түгел асфальтталған. Мектеп үйі гүлден алқа тақ­қан тәріздес. “Ақ­селеу” ЖШС-ның еңселі ғи­ма­ра­ты алдында басты ке­йіп­керіміз – шаруашылықтың ди­ректоры Се­рік Ма­лаев­тың ұлы, жігіт ағасы Нұрлан Серікұлы күтіп тұр екен. Аман­дық-саулық сұрасқан соң бірден Секеңнің кабинетіне алып келді.

Жол бойы “овка”, “евка” де­ген атаулардан көз ашпай кел­гендіктен бе, “Ақселеу” атауы­мен жы­лап көріскендей бол­дық. Се­кең, қанша айтқанмен, ша­руа­ның адамы емес пе, әңгі­мені қысқа қайырып, орны­нан тұра берді. Ол ишараны айт­қызбай ұғып, соңынан ілестік. Алдымен 14 түрлі нан өнімде­рін пісіретін наубайханаға бас сұқтық. Мұнда “Оңтүстіктен – Солтүстікке!” мем­лекеттік бағ­дарламасы арқылы келген от­басы мүшелерін қызу еңбек үстінде кезіктірдік.

Серіктестікте 700 бас ірі қара бағылады. Бұдан бөлек, жылқы, қой түліктері өсіріледі. 15500 гек­тар алқапқа дәнді және майлы дақылдар егіледі. Элеваторға гер­маниялық зама­науи қондыр­ғылар орнатылған, желілер тү­гел автоматтанды­рылған. Жылу қазан­дығы Поль­шадан әкелін­ген. Зығыр саба­нымен жылы­ты­лады. Ауылдың бір шетінде под­стан­ция мен мұ­най базасы ор­на­ласқан. Күзгі орақ аяқталып, қыр­ман қызу еңбек дүбіріне бө­лен­ген. Ойы­мызға “Қырманға кел, қалқа­тай, білегіңді сыба­нып” деген өлең жолдары орал­ды. Диспет­чер­ бірқатар ақ­па­рат­қа қанық­тырды. Өңірдегі маң­­дайалды аг­роқұрылымның ауылды за­ман ағы­­мына лайықты ғажап ел­ді ме­кенге айналдырғаны қажыр­лы ең­бектің, зор ұйымдастыру­шы­­лық қарым-қабілеттің, жұ­мыс­­тың жүйелі жолға қойылуы­ның ар­қасы екенін іштей түй­сін­дік. Ең бастысы, тұрғындардың ер­теңгі күнге деген сенімі ме­йі­рімді жүздерінен, алға қарай бас­қан нық қадамдарынан, жа­уап­кер­шілікті бек сезінген сөзде­рі­нен анық аңғарылады.

Тахтаброд ауылдық окру­гіне қарасты “Ақселеу” ЖШС ша­руа қожалығының дирек­торы, “Құр­мет”, “Парасат” ор­ден­дерінің ие­гері Серік Малаев­пен әңгіме­міз әріден өр­біді. Оның Ко­выльный ауылымен тағдыр то­ғыстырға­ны­на 37 жыл өте шы­ғыпты.

“Егемендігіміздің елең-алаң ке­зеңінде барды сақтап қалу­дың өзі оңайға соққан жоқ. Тек 2000 жылдардан бастап қана жылы­мықтың жылы лебі есіп, жағдай ептеп түзеле бастады. Алдымен техникаларды жаңа­ладық. Со­сын тұрғындардың өмір сапасын жақ­сартуға кіріс­тік. Мектепті өз қамқорлығымыз­ға алдық”, – деді Серік Тәтті­байұлы өткенді еске алып.

Қазір ауылда 130 тұрғын үй бар, 120 адам тұрақты жұмыс­пен қамтамасыз етілген. Бас­пана­лар­ға жылу, су тартылған. Қа­ла өмірінен бір мысқал кем емес. Нау­байхана, монша, ас­ха­­на, дү­кен, ФАП үзіліссіз жұ­мыс істейді. Мектептегі спорт кеше­нінде ат спортына айрық­ша ба­сымдық бе­рілген. Оқушы­лар көк­пар тарту, теңге ілу, ау­дарыспақ дегеннің не екенін сөз емес іс жүзінде бі­ле­ді. Кү­рес, хоккей, волейбол, баскет­бол секцияла­рын таңдау­шылар да аз емес.

Мектепке жылына 5 мил­лион теңге мөлшерінде түрлі жәр­дем беріледі. Оқушылар тү­гелдей шаруашылық есебінен те­гін та­мақтанады. Дү­ние есігін ашқан сәбиге біррет­тік 40 мың, сосын ай сайын 10 мың тең­геден жөргек пұлы тө­леніп тұра­ды. Бір кезде жабы­луға шақ қал­ған білім ошағы қай­тадан еңсе тү­зеп, оқушы саны 80-нен асқан.

Ауылда елтең-селтең жүр­ген адамды кездестіру қиын. Әркім өз міндетін адал, ұқыпты атқа­руға дағдыланған. Мемле­кеттік бағдарлама бойынша көшіп кел­ген 21 отбасыдан 12-сі тұрақтап қалған. Бәрі жайлы баспанада тұрады, түгелдей жұмыспен қам­тылған, қосалқы шаруа­шылық­пен шұғылдана­ды. Сейдәлі Өс­кенұлы 2019 жылы Оңтүстік Қа­зақстанның Келес ауданынан көшіп келіпті. Бес баласы бар. Бір ұлы жанында. Тағы бір ұлы жоғары оқу орнын тамамдаған соң осында келмек. Мал ша­руашылығы бригадирі кәсібіне төселіп алған. Өскен Мерейжан Бура­байдағы Қатар­көл ауылшаруа­шылық колледжін бітіріп, еңбек жо­лын осы серіктестіктен бас­таған. Бес жылдың ішінде тәжірибесі толысып, біржола тұ­рақтап қалған. Алпысбай Нұра­қанұлы – элеваторда оператор.

Өңірде арақ-шарап сатыл­майтын 4 елді мекен болса, бірі – Ковыльный. “Ащы суға” 2010 жылдан бері тыйым салынған. Бастамаға бастапқыда ішінара қарсылық танытқандар кездес­кен. Уақыт өте келе түсіністік танытқан. Шаруашылықта озық технологияларға, цифрлан­ды­руға жете көңіл бөлінген. 1987 жылы кеңшарда 66 комбайн, 90 трактор болса, соның жұмысын қазір 35 техника ғана атқарады.

Серік Тәттібайұлының ойын­­ша, тек мемлекетке ала­қан жа­йып, қарап отыру ма­сылдық пи­ғылға соқтырады. Әр адамның бойында елге, жерге деген сүйіс­пеншілік пен жана­шырлық сезімі болуы шарт. Оған ешкім үйіп-төгіп ештеңе бермеген. Маң­дай тердің, адал еңбектің ар­қасында талай қиын асуларды бағынды­рып, көпші­лік құрметіне бөлен­ген. 1991-2005 жылдар ара­лы­ғында 110 неміс отбасы та­рихи отанына көшіп, тәжірибелі маман­дар­дың орны ойсырап қал­ған. Олардың баспаналары са­тып алынып, көрші ауылдар­дан жұ­мыс іздеп келген адамдар те­гін орналастырылған. Ескі­лері қал­­пына келтіріліп, көп ба­лалы, аз қамтылған отбасы­ларға тегін бе­рілген. 10-11 сы­ныптарға жа­былу қаупі төнген­де Секең ау­данның білім бөлі­міне барып, мұ­ғалім­дерге ай­лық төлеу, басқа да қо­сымша шы­ғындарды ша­руа­шы­лық мін­детіне алған. Ба­лалар са­ны то­лыққанша уәде­сін­де тұрған.

Ауыл аудан орталығынан 150, облыс орталығынан 400 ша­қырым шалғайда орналас­қан. Ең жақын те­мір жол – 120 ша­қы­рым. Астық өнім­дерін сонда жет­кізуге тура ке­леді. Жанар-жағармай да алыстан тасымалда­нады. Мұ­ның бәрі – қып-қызыл шығын. Бірақ жоқ­тан бар жасаған, істің көзін тапқан басшы тұрғын­дардың өмір сапасын арт­тыру­ды на­зардан тыс қалдыр­ған емес.

Жол жайы да – түйінді проб­лемалардың бірі. Әсіресе ау­данаралық жолдардың сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржы талап ететін жобалар облыс­тық, республикалық деңгейдегі басшы­лардың араласуымен ғана шешіледі. Жұртшылықтың өті­нішіне орай округ орталығы мен Ковыльный аралығындағы 16 ша­­қырымды келесі жылға дейін толық жөндеуден өткізу жөнін­де шешім алыныпты.

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ,

“Қазақстан дәуірі” газетінің тілшісі.

Нұрсайын ШӘРІП,

Қазақстанның құрметті журналисі.

СУРЕТТЕ: С.Малаев (сол жақтан төртінші).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp