Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Тайынша ауданына жұмыс сапары барысында “BIOHIM” ЖШС өндірістік кешенінде болды. Өңір басшысы нысан басында инвесторлармен кездесіп, кәсіпорынды іске қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
“BIOHIM” ЖШС-не ықтимал инвесторлар “ҚазМұнайГаз” АҚ мен “BioLinekz” ЖШС қаржы құймақ, қазіргі таңда кешенді қайтадан іске қосу үшін ол “BioOperating” компаниясысының қарамағына берілген. Жақын күндері инвесторлар диірменге ревизия жүргізеді, кейін крахмал мен балауыз өндіретін цехтар тексерілмек. Сонымен қатар, ертеректе Ресей, Ангия, Түркия мен Қытайдан әкелінген құрылғыларды қайтадан жаңғырту жоспарланған. Кешеннің жылу жүйесі де қалпына келтіруді қажет етеді.