«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАР

 Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірге жұмыс сапары аясында білім саласы өкілдерімен, этномәдени бірлестіктер және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірқатар кездесу өткізді. Сапардың негізгі мақсаты – өңірде мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының жүзеге асырылу барысымен танысу, қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайту және «Жаңа Қазақстан» идеясын ілгерілету. Сапар барысында Мәлік Отарбаев Петропавл қаласының «Орман» шағынауданында …

МАҢЫЗДЫ БАҒЫТТАР Read More »

ТҰЛҒАСЫ ТҰР ӨЗІНІҢ БИІГІНДЕ

Әдебиетіміздегі алыптар тобының көш басында тұрған академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейтойы туған жері, өскен өлкесі, ғұмыр бойы сағынышы басылмай өткен алтын аймағы – Қызылжар өңірінде аталып өтті. Екі күн бойы облыс орталығы мен Жамбыл ауданында мерейтойлық шаралар өтіп, қаламгердің асқақ тұлғасы дәріптелді. Академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық ме­рейтойына арналған «Сәбит Мұ­қанов: Тұлға. Дәуір. Мұра» …

ТҰЛҒАСЫ ТҰР ӨЗІНІҢ БИІГІНДЕ Read More »

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС

Өңірде «Бір күн қалада» жаз­ғы жобасы жүзеге асырылып жа­тыр. Бұл – ауылдық жерлерден келген балаларға демалысты қы­зықты өткізумен қатар, өздерінің таным көкжиегін кеңейтіп, ден­саулықтарын нығайтып, туған өлкенің тарихы және мәдениеті­мен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. «Бір күн қалада» жобасы Мамлют және Қызылжар аудан­дарынан келген шамамен 90-ға жуық баланы біріктірді. Балалар мұражайларға, аттракциондар саябағына және кинотеатрға барды. …

КӨҢІЛДІ ДЕМАЛЫС Read More »

«САЛАДАН ҚҰСЫМ САЛДЫМ ТАУ ҚИЯЛАП»

Қазақ өнерінің тарихында өлең-жырдың кеніндей болған тұлғалар­дың бірі – Құлтума Өтемісұлы. Өкінішке қарай, заманында атағы алты Алашқа жайылған ақынның көп мұрасы бүгінгі күнге жеткен жоқ. Ал елге белгілі әндері осы күні көп айтыла бермейді. Сарыарқаның сайын даласында туған Құлтума осы маңдағы елді түгел аралап, кешегі Біржан мектебінің ізбасары саналған. Оның «Құл­туманың әні» атты туындысы қызылжарлық …

«САЛАДАН ҚҰСЫМ САЛДЫМ ТАУ ҚИЯЛАП» Read More »

БЕДЕУЛІК БЕЛЕҢ АЛДЫ

Айнұр мен Саматтың отасқандарына бірнеше жыл болды. Араларында бала жоқ. Ағайын-туыстың: «Дәрігерге қаралдыңдар ма? Уақыт оздырып алмаңдар!» деген сөзіне екеуі де ақылдасып алғандай: «Жоқ. Қаралмадық. Әлі жаспыз ғой. Сәби сүюді жұмысымызды бір жөнге келтіріп алған соң жоспарлаймыз», – деп жауап береді. Шын мәнінде ерлі- зайыптының баспаған тауы, тоздырмаған табалдырығы қалмаған. Ақхалаттылар да, емшілер де денсаулықтарыңда …

БЕДЕУЛІК БЕЛЕҢ АЛДЫ Read More »

«ГАЗЕТ СОҢҒЫ ОҚЫРМАНЫ ҚАЛҒАНША ШЫҒА БЕРЕДІ»

«Қазақ газеттері» медиахолдингінің бас директоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Дихан Қамзабекұлымен жуырда Петропавлда өткен Смағұл Сәдуақасұлының 125 жылдығына арналған конференцияда жолығып, аз-кем әңгімелесудің сәті түсті. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңындағы сұхбатымыз ұлттық басылымдардың кешегісі мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы болды. Сәті түскен сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз. – Алаш қайраткерлері жайлы айтқанда сол кезде шыққан га­зет-журналдарға …

«ГАЗЕТ СОҢҒЫ ОҚЫРМАНЫ ҚАЛҒАНША ШЫҒА БЕРЕДІ» Read More »

«ГУЛЕГЕН» ГҮЛ САУДАСЫ

Былтыр қазақстандықтардың гүлге деген сұранысы бір жарым есеге артқан. Қажеттілікті өтеу үшін елімізге шетелден құны 93 млн. доллар болатын 12 мың тонна гүл шоқтары жеткізілген. Қазақстанға гүл жеткізуші­лердің көшін Эквадор бастап тұр. Импорттық өнімнің 6,4 мың тоннасы осы елден әкелінген. Ал қызғалдағымен әлемге та­нылған Нидерландыдан 2,3 мың тонна өсімдік сатып алыппыз. Көршілес Қытайдан 1,1 мың …

«ГУЛЕГЕН» ГҮЛ САУДАСЫ Read More »

СУЛЫҚТЫҢ САПАЛЫСЫ ҚАЙСЫ?

Мейрамханаға келген мейманның даяшыға деген хабарламасын және телефон нөмірін үстел үстіндегі қол сүртетін бір жапырақ қағазға жазып кеткен фильм үзінділерін сіз де көрген шығарсыз. Алайда күнделікті көпшілік қолданып жүрген сулықтардың көбі жазу жазуға жарай бермейді. Дүкенде қолға алсаңыз қураған жапырақтай қырық бөлінетін жұқасы да, матадан тігілгендей қалыңы да бар. Бұлардың қайсысын таңдаған жөн? Дәстүрлі айдарымыздың …

СУЛЫҚТЫҢ САПАЛЫСЫ ҚАЙСЫ? Read More »

ҚОС ӘКІМНІҢ ТӘРТІБІ ҚАРАЛДЫ

Әдеп жөніндегі кеңестің ке­зекті отырысында бірқатар мәсе­лелер қаралды. Соның бірі – Ақ­жар ауданының Кішіқараой ауыл­дық округінің әкімі Ботагөз Саби­роваға қатысты тәртіптік іс. Белгілі болғандай, ол жергілікті әкімдік қабырғасында сауда-саттық жүргізген пошташының ісіне көз жұма қараған. Осы салғырттығы үшін оған «қызметке сәйкес еместігі ту­ралы ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолдану ұсынылды. Сондай-ақ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ломоносов …

ҚОС ӘКІМНІҢ ТӘРТІБІ ҚАРАЛДЫ Read More »

«ЖЫЛ САЙЫН СУ БАСАТЫН ЖЕРДЕ ТҰРУ МҮМКІН ЕМЕС»

Марат Ысқақов – Петропавл қалалық мәслихатының №1 сайлау округі бо­йынша депутаты, бюджет, қаржы, экономи­ка салаларын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төраға­сы. Облыстық кәсіпкерлер палатасы төраға­сының орынбасары, «AMANAT» партиясы­ның мүшесі. Не үшін депутат болдым? Мен кәсіпкерлікті қолдау саласында көп жыл еңбек еттім. Осы бағыттағы салалық басқарманың басшысы бол­дым. Қазір облыстық кәсіп­керлер палатасында қызмет атқарып жүрмін. …

«ЖЫЛ САЙЫН СУ БАСАТЫН ЖЕРДЕ ТҰРУ МҮМКІН ЕМЕС» Read More »

ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНА «САЯХАТ»

Облыс мектептерінің қаржыға жауапты мамандары сыбайлас жемқорлықтың сал­дарын көзбен көрді. Петропавл қаласын­дағы №50 әйелдерді түзету мекемесінде ерекше форматтағы профилактикалық экскурсия ұйымдастырылды. Оған облыс­тың жалпы білім беретін мектептерінің ди­ректорлары мен есепшілері қатысты. Экскурсия барысында қатысушыларға мекеме ішіндегі тәртіп, сотталғандардың жазасын өтеу жағдайлары көрсетіліп, нақ­ты сот тәжірибесінен мысалдар келтірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құ­қық бұзушылықтарының салдары кеңінен …

ӘЙЕЛДЕР КОЛОНИЯСЫНА «САЯХАТ» Read More »

ТӘУЛІК БОЙЫ ҰШАҚ ҚАБЫЛДАЙДЫ

«Қызылжар халықаралық әуежайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық мүмкіншілігі артып, енді халықаралық бағыттарда жаңа рейстер ашу жоспарланған. Осыған байланысты облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әуежайдың жаңа директоры Октем Мұстафа Йылтанмен кездесті. Кездесуде әуежайдың даму перс­пективалары, инфрақұрылымды жақ­сарту және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері талқыланды. Әуежай жұмысы алға ба­сып келеді. Мәселен, жақында түнгі рейстерге рұқсат берілді. Нәтижесінде …

ТӘУЛІК БОЙЫ ҰШАҚ ҚАБЫЛДАЙДЫ Read More »

ЖҮЗ АЙТҚАННАН БІР КӨРСЕТКЕН АРТЫҚ

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыс прокурату­расы облыстық соттың қолдауымен әкімшілік заң бұзушылықтар туралы іс­тер бойынша іс-шара ұйымдастырды. Жиын жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сот жүйесіне деген сенімді арттыруға және әкімшілік іс жүргізудегі «жариялылық пен заңды­лық» қағидаттарын көрсетуге бағыттал­ған. Көрнекі процестер іс жүзінде ұсақ заң бұзушылықтар үшін де «жазаның бұл­тартпайтындығы» қағидасын көрсетеді. Осы …

ЖҮЗ АЙТҚАННАН БІР КӨРСЕТКЕН АРТЫҚ Read More »

ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АУМАҒЫ КЕҢЕЙДІ

«Qyzyljar» арнайы экономикалық ай­мағы кеңейтіліп, бесінші субаймақ пайда болды. Облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, жаңа су­баймақ 10 маусым күні Үкіметтің қаулы­сымен құрылды. Осылайша «Qyzyljar» ар­найы экономикалық аймағы қосымша 24,5 гектар аумаққа ұлғайып, 236,8 гек­тарға жетті. Жаңа құрылған бесінші субаймақта халықаралық деңгейдегі ірі инвестиция­лық жоба жүзеге асады. «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС компаниясы жаңа …

ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫҢ АУМАҒЫ КЕҢЕЙДІ Read More »

ӨЗ КІРПІШІҢ БОЛМАСА — КІРІПТАРСЫҢ

 Импортқа тәуелділік, ішкі өндірістің шектеулілігі және құрылыс материалда­рының баға жағынан қолжетімсіздігі – қазіргі құрылыс саласының жүйелі әрі күрделі мәселелерінің бірі. Бұл ахуал тек экономиканың белгілі бір секторы­ның проблемасы ғана емес, ұлттық инфрақұрылым мен әлеуметтік тұрақты­лыққа әсер ететін маңызды факторға айналды. Елімізде үй салғысы келетін әр азамат, ең алдымен, құрылыс материалдарының бағасы мен қолжетімділігі­не назар аударады. …

ӨЗ КІРПІШІҢ БОЛМАСА — КІРІПТАРСЫҢ Read More »

ХАС ЖҮЙРІКТЕР ҚАРА ҮЗДІ

Өткен демалыста спортсүйер қауымның назары Қызылжар ауданындағы «Құлагер» ип­подромына ауды. Бәйгеден ел чемпионатының іріктеу кезеңіне келгендер арасында қатысушы да, жанкүйерлер де көп. Сайысқа сайланған сәйгүліктер құнан бәйге, топ бәйге мен жорға жарыста сынға түсті. Бәйгенің жалпы жүлде қоры 22 млн. теңгеден асады. – Бұған дейін аламанның үш кезеңі өтті. Үш кезеңнен де сүрінбей өткен сәйгүліктер …

ХАС ЖҮЙРІКТЕР ҚАРА ҮЗДІ Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ БІР ДӘУІРІ

Облыста академик-жазушы Сәбит Мұқановтың 125 жылдық мерейто­йына орайластырылған шаралар легі бастау алды. Ең алдымен, мерейтой меймандары қаламгердің атын иелен­ген облыстық ғылыми-әмбебап кі­тапхана алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қойып, руханият ордасы­ның бүгінгі тыныс-тіршілігімен та­нысты. Кейін Оқушылар сарайында «Сәбит Мұқанов: Тұлға. Дәуір. Мұра» тақырыбында республикалық ғылы­ми-тәжірибелік конференция ұйым­дастырылды. Жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қызыл­жарлықтарды қазақ әдебиетін шоқ­тығы …

ҚАЗАҚТЫҢ БІР ДӘУІРІ Read More »

АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫ

Өңірде соңғы аптада үш интернет-алаяқтық тіркелді. Қаскөйлер өңір тұрғындарының 13 мил­лион теңгеден астам қаржысын иемденген. Мәселен, 37 жастағы петро­павлдық 6 миллион теңгеден ас­там қаражатынан айырылды. 4 маусымда облыс орталығының тұрғыны полицияға жүгінді. Алаяқтар оған банк қызмет­керіміз деп хабарласып, SIM- карта мерзімі аяқталуға жақын екенін айтқан. Олар оны алдап, SMS-кодты айтуға мәжбүрлеп, бірнеше банктен онлайн несие …

АЛАЯҚТАРДЫҢ АРБАУЫ Read More »

ҚИЯЛ ҚАНАТЫНДА

Облыстық бейнелеу өнері музейінде ашылған көрме «Young Dreamers» («Арман­шыл жастар») деп аталды. Бұл көрмеге Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 оқушысы өз туындыларын ұсынды. Цифр­лық форматта жасалған 28 картинада жас суретшілердің қиялы мен технологияға деген қызығушылығы тоғысқан. Көрменің ерекшелігі – за­манауи технологиялар мен жасанды интеллект құралда­рының қолданылуы. Жақсы­лық жасауды, игілікті наси­хаттап жүрген бір блогердің бейнежазбасынан ерекше әсер …

ҚИЯЛ ҚАНАТЫНДА Read More »

ӨЗІН ӨРТЕМЕК БОЛҒАН

Петропавлдың Заречный кентіндегі тергеу изолято­рында отырған ер адам өзіне қол жұмсады. Әлеуметтік желіде та­раған ақпаратқа сүйенсек, 37 жастағы күдікті аяғына дәретхана қағазын орап, өзін өртеп жібермек бол­ған. Оған Петропавлдағы емдеу мекемелерінің бірін­де көмек көрсетілді. Облыстық қылмыстық- атқару жүйесі департа­ментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растады. «Тергеу изоляторында адам өлтірді деген күдікпен отырған ер адам өз-өзін өр­теуге …

ӨЗІН ӨРТЕМЕК БОЛҒАН Read More »