«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

QAS-QAǴYM SÁT

Шабандоздың қазасы

Италиялық әуесқой шабандоз Джованни Яннелли “Molino Dei Torti” турнирінің мәресіне жақындаған сәтте мерт болды.
Шабандоз мәреге 100 метр қалғанда құлап, басын жиектасқа соғып алған. Спортшы бірден ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтай алмады.
Джованни Яннелли бұған дейін “Hato Green Tea Beer” әуесқой командасында өнер көрсеткен еді.

Киберспортқа бет бұрды

Әйгілі футболшы Роналдиньо киберспорт ұйымын құруды жоспарлап отыр.
Шетелдік “The Loadout” басылымының хабарлауынша, жаңадан құрылатын ұйым “R10” деп аталмақ. Командаға Бразилияның ең үздік деген ойыншылары шақырту алатын болады.
Роналдиньо киберспорт командасын жасақтап жатқан алғашқы футболшы емес. Қазіргі уақытта Месут Озилдің, Бернд Леноның және Рууд Гуллиттің “FIFA” ойыны бойынша сынға түсетін жеке командалары бар.

Осалдық танытты

Елорданың “Астана” футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі екінші ойынын өткізіп, бұл жолы да жеңіліп қалды. Өз алаңында Сербияның “Партизан” командасын қабылдаған жерлестеріміз 1:2 есебімен есе жіберді.
Матчтың алғашқы 15 минуты тең дәрежеде өтіп, қос команда да алма-кезек шабуылдаумен болды. Кездесудің 20-ші минутынан бастап сербиялық команда ұрымтал сəттердi iздеп, қарсы шабуылға жиi шығып жатты. Матчтың 28-ші минутында Умар Садик мүмкiндiгiн мүлт жібермей есеп ашты.
Кездесудiң екiншi таймы да “Парти­зан­ның” допқа иелiк етуiмен жалғасты. 60-шы минутта Умар Садик кездесудегі екінші голын соққан болатын. Алайда, бас төреші голды есептемеді. Арада 13 минут өткенде Умар Садик дегеніне жетіп, дубль авторы атанды. “Астана” тек 85-ші минутта есеп айырмасын қысқартты. Рунар Сигурьонссон алыс бұрышты дəл кɵздедi. Қорытынды есеп – 1:2.
Енді елордалықтар Еуропа лигасындағы 3-ші тур ойынын 24 қазан күні сырт алаңда Нидерландының “АЗ Алкмар” командасына қарсы өткізеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp