«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Екінші ғимарат ашылды

Кеше облыс орталығындағы сот-сараптама институтының екінші ғимараты ашылды. 1997 жылы құрылған институттың бірінші ғимаратының тарлығынан қызметкерлер бүгінге дейін қолайсыз жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр болған еді.

– Бүгінде институтта 18 қызметкер сараптамалық зерттеудің 22 түрін жүргізеді. Жаңа ғимараттың ашылуы және оның қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілуі қызметкерлердің жұмысын сапалы ете түседі, – деді облыстық сот-сараптама институты директорының орынбасары Бақытгүл Жұманбаева.

Сонымен қатар, кеше институт ішінде молекулярлы-генетикалық зертхана ашылып, сарапшылардың қатары жас маманмен толығыпты.

– Менің міндетім – адамның қанын, шашын, тырнағын пайдалану арқылы ДНК-ның кімге тиесілі екенін тексеру. Бұл іске аса үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Өйткені, сараптаманың қорытындысы адамның тағдырына тікелей әсер етуі мүмкін. Сол себепті Астана және Атырау қалаларының сот-сараптамасы институттарында екі ай тағылымдамадан өтіп, білімімді жетілдірдім, – деді Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі Мадина Жандосова.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp