«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮРЕКТЕРДІ ҚУАНЫШҚА БӨЛЕДІ

 

Мұсылмандар үшін сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған күні – Мәулiт айы қаншалықты маңызды болса, христиандар үшiн Рождество мерекесiнiң де мәні соншалықты. Аталған діни мерекенің өңір тұрғындарының 52 пайызын құрап отырған православие христиандары үшін айтулы күн екенін осыдан-ақ түсінуге болады. Мереке қарсаңында облыста орналасқан барлық православиелік шіркеулерде діни рәсімдер өтті. Солардың бірі – облыс орталығындағы Вознесенский кафедралдық соборына барған өңір басшысы Ерік Сұлтанов құлшылық етуге жиналған қауымды Рождество мерекесімен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында елiмiз конфессияаралық келiсiм мен толеранттылықтың үлгiсi ретінде танылғандығын, православиелiк дiндарлар мен Петропавл және Булаев епархиясы өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық және рухани дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимир жарқын Рождество мерекесімен құттықтаған өңір басшысына алғысын айтып, арнайы әзірлеген сыйлығын тарту еттi.

Жүректері ерекше қуанышқа, бақытқа және таза пейілге кенелген халықты сол жердегі жексенбiлік мектептің тәрбиеленушiлерi де құттықтады.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp