Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты 25 жұлдызды күн акциясы басталды. Акцияның алғашқы күнінде “Конституция – менiң қорғаным, ал бiз Отанды қорғаушылармыз” шарасы ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада аудан әкімі Владимир Дудов жиналған қауымды мерейтойымызбен құттықтап, осы күні 16 жасқа толғандарға жеке куәлiктерін табыс еттi. Жастарға игі тілек айтылғаннан кейін, бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына, Ауғанстанда интернационалдық борышын орындау кезiнде көрсеткен ерлiгi мен әскери айбындығы, белсендi өмiрлiк ұстанымы және өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге қосқан зор үлес үшiн аудан әкiмiнiң Құрмет грамотасымен марапатталды.
Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.