«Қызылжар су» ЖШС Петропавл қаласының тұрғындары мен меймандарына сумен жабдықтау желілерін жуып-шаю бойынша алдын алу жұмыстарының өткізілуіне байланысты 2017 жылы 16 қыркүйек күні сағат 00:00-ден бастап 18 қыркүйек күнгі сағат 06:00 дейін су беру тоқтатылатынын хабарлайды.
Көрсетілген мерзімге қажетті ауыз су қорын жасап алуды өтінеміз.
Назар аударыңыздар! Желілерді жуып-шаю жұмыстарын өткізу уақытында ішу және тамақ дайындау үшін суды краннан немесе су бөлетін колонкалардан қолдануға тыйым салынады.