«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЛКЕН КҮШ

Мемлекет басшысы азаматтық қоғам белсенділігін арттыруда – үшінші секторға үлкен міндеттер жүктеп, зор сенім артып келеді. Елімізде жалпыға бірдей еңбек қоғамын құруда мемлекет, бизнес және үкіметтік емес сектор айрықша маңызға ие.

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық коммуникациялар қызметінің жергілікті филиалында “Азаматтық альянс” қауымдастығының төрағасы Сергей Худяков пен “The Last Hope” үкіметтік емес ұйымы” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Асаубаевтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Онда VII Азаматтық форумның қорытындылары әңгіме арқауына айналды.

Форумға қатысқан өңіріміздегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері толымды пiкiрлер айтып, маңызды мәселелерді қозғады.

Сергей Худяков облысымыздан ұсынған он ұсынымның жетеуі өткендігін айтты. Бүгінгі таңда өңірімізде әртүрлі бағытта қызмет ететін 308 үкіметтік емес ұйым тіркелген, олардың 190-нан астамы белсенді жұмыс атқаруда, 82-сі облыс аудандарында қызмет етеді.

Баспасөз мәслихаты барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Жанаргүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp