«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Сейсенбі күні бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясы болды. Онда облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев облыстық мәслихаттың жаңадан сайланған депутаттары – “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұловқа, Мамлют ауданындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігінің бас директоры Еркебұлан Мәмбетовке және Уәлиханов ауданының “Нұр” көтерме-бөлшек сауда желісінің директоры Рашида Темірбековаға …

ЖАҢА МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ Read More »

СЫЙАҚЫ СТАВКАЛАРЫНА ЖӘРДЕМҚАРЖЫ БЕРУ – мемлекеттік қолдаудың бір түрі

Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңесте алдымен “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының “Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау” атты бірінші бағыты бойынша жеке кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктерден алған кредиттерінің сыйақы ставкаларын жәрдемқаржыландыру және оларға кепілдік беру туралы …

СЫЙАҚЫ СТАВКАЛАРЫНА ЖӘРДЕМҚАРЖЫ БЕРУ – мемлекеттік қолдаудың бір түрі Read More »

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ЖҮЙКЕНІ ЖҰҚАРТАТЫН ЖОЛДАРЫ жөндеу көре ме?

“Қазақстан” республикалық телерадиокорпорациясы” АҚ облыстық филиалында аудан басшылары қатысатын кезекті брифинг өтіп, бұл жолы Жамбыл ауданының әкімі Орал Қаппасов жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық даму барысымен таныстырды. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Әуелі Жамбыл ауданының рухани және табиғи байлығын тілге тиек еткен аудан әкімі бұл өңір егіншілікті және мал шаруашылығын дамытуға аса қолайлы екендігін атап өтті. Бүгінде ауыл …

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ЖҮЙКЕНІ ЖҰҚАРТАТЫН ЖОЛДАРЫ жөндеу көре ме? Read More »

ЖЕТІ ОЙЫНДА ТӨРТ МӘРТЕ ЖЕҢІЛГЕН “Есілдің” есесі кетіп тұр

Өскеменде “А” жоғары тобында ойнайтын командалар 11 қарашада басталған алғашқы турдың жекпе-жектерін айдың 18-і күні тамамдады. Жерлестеріміз “Есіл-Виктория” клубы ала-құла ойнауда.Жарыс көшін 19 ұпаймен Шымкенттің “Динамо-Қазықұрт” клубы бастады.Өскеменнің “Шығыс-Свинец-Строй-2” командасының ойыншылары 17 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты.

ТОҒЫЗЫНШЫ ПАРТИЯНЫҢ НӘТИЖЕСІ әлем чемпионының ұнжырғасын түсірді

Үндістанның Ченнаи қаласында шахматтан ФИДЕ-нің тәжі үшін қазіргі әлем чемпионы Вишванатан Ананд пен оның жаңа қарсыласы – норвегиялық жас дарын Магнус Карлсеннің арасында жекпе-жек өтуде. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Әлем жұртшылығы көз тігіп отырған бұл тайталас көпшілік алдын ала болжағандай, алаң иесі В. Анандтың пайдасына шешілер емес. Керісінше, әлемдегі ең жоғары рейтингке қол жеткізген М. …

ТОҒЫЗЫНШЫ ПАРТИЯНЫҢ НӘТИЖЕСІ әлем чемпионының ұнжырғасын түсірді Read More »

САН ҚЫРЛЫ ТАЛАНТ ИЕСІ

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Бақытжан Тобаяқов белгілі ақын, аудармашы, журналист, ғалым, 40-тан астам поэзиялық, прозалық, сын-зерттеу кітаптарының авторы ретінде жақсы танымал. Ол – Халықаралық түркі поэзиясы, Абай поэзиясы сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлттық инженерлік академияның мүше-корреспонденті. Сан қырлы талант иесінің 60 жасқа толу мерейтойы Қызылжар өңірінде де атап өтілді.

ТҮНГІ УАҚЫТТА КӨШЕ КЕЗГЕН 50 жасөспірім анықталды

Ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыс орталығындағы ойын-сауық орындарында рейдтер өткізді.  Полиция қызметкерлері “Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күрес күні” акциясы барысында түнгі уақытта ересектердің бақылауынсыз көшеде жүрген кәмелет жасына толмаған 50 баланы анықтады. Солардың бірі – 16 жастағы бойжеткен кешкілік құрбыларымен бірге қыдыруға шыққан. Жасөспірімнің ата-анасы шақыртылып, …

ТҮНГІ УАҚЫТТА КӨШЕ КЕЗГЕН 50 жасөспірім анықталды Read More »

ЕРІККЕНДЕРДІҢ ЕРМЕГІ бірінің – жарақат, екіншісінің әкімшілік жаза алуымен аяқталды

Ішімдікке сылқия тойып, көлік жүргізетіндерге қатысты заң талабы күшейтіліп жатқанымен, мұндай құқық бұзушылыққа барғандардың қатары азаяр емес. Жақында тағы бір мас көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай, жарға құлап түскен.  Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда “ВАЗ-2107” автокөлігі үлкен биіктіктен өзен жағалауына құлап, жолаушыларының бірі соқтығысудан құтылу мақсатында “темір тұлпардан” шыға бергенінде дене жарақаттарын алды.

КӨШПЕЛІ СЕМИНАР кәсіби біліктілікті арттыруға арналды

Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма Шал ақын ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында мемлекеттік тілдегі құжаттардың редакторлары, іс жүргізушілер мен үйірме жетекшілеріне арналған “Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы және мемлекеттік тілді сапалы оқытудың жолдары” деген тақырыпта өңірлік көшпелі семинар өткізді. Оған Айыртау, Ғ.Мүсірепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Мамлют, Тимирязев, Шал ақын аудандарынан 56 өкіл қатысты.

БАС ПОЛИЦЕЙДІҢ БАСТАМАСЫ мүгедек балаларға қуаныш сыйлады

СҚО ІІД-нің басшылығы мүгедек балаларды атқа отырғызып, қыдыртты. Алғашқы күні тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат-үйдің жеті тәрбиеленушісі иппотерапия курсынан өтіп, мәз-мейрам болды.  Тың бастаманы СҚО ІІД-нің бастығы, полиция полковнигі Ақан Қажкенов ұйымдастырып отыр. Тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек балаларға арналған интернат-үйдің басшылығы бас полицейдің мұндай ұсынысын ризашылықпен қабылдады. Өйткені, аттардың көмегімен мүгедектерді оңалту ісіне …

БАС ПОЛИЦЕЙДІҢ БАСТАМАСЫ мүгедек балаларға қуаныш сыйлады Read More »

КУРСТАН РИЗА БОЛЫП ТАРҚАСТЫҚ

Таяуда “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалында “Бастауыш мектепте білім сапасын арттыруда инновациялық технологияларды қолдану” тақырыбында дәрістер өтті. Бақыт ҚАБДІЛМӘЖИТОВА ,   Жанар АҚЖІГІТОВА, “Парасат” мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері. Біздің курсымыз институттың 65 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Екі аптаға созылған курс барысында осызаманғы технологияларды бастауыш …

КУРСТАН РИЗА БОЛЫП ТАРҚАСТЫҚ Read More »

“ҚАРЫЗҒА БАЛА БЕРШІ…” немесе шағын жинақты мектептер жайлы

Мектеп – ауылды алға сүйрейтін нысан. Осыны түсінетін ауылдағы зиялы қауым – ұстаздар елді мекендердегі мектептердің жабылмауы және өздерінің жұмыссыз қалмауы үшін түрлі амалдарға барады. Тіпті, мектептердің жинақтау уақыты өткенше, оқушысы көбірек білім ошақтарынан баланы уақытша сұрап алады немесе жан-жақтағы туыстарынан жинайды.  Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Мұғалімдер ауыл мектептерін сақтап қалуға қанша тырысқанымен, облыстағы білім ошақтары …

“ҚАРЫЗҒА БАЛА БЕРШІ…” немесе шағын жинақты мектептер жайлы Read More »

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ 10 ОҚУШЫ республикалық кезеңге өтті

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Еліміз бойынша 15-ші қараша күні жаратылыстану-математика бағытындағы VІ Президенттік олимпиаданың екінші іріктеу кезеңі online режімінде өткен болатын. Оған бірінші іріктеу кезеңінен өткен облыс мектептерінің 20 оқушысы қатысты. Қашықтықтан өткен олимпиаданың екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы 22 қараша күні шықты. Енді республикалық кезеңге өткен 10 бала облыс намысын қорғайды. Президенттік олимпиаданың екінші кезеңі …

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ 10 ОҚУШЫ республикалық кезеңге өтті Read More »

КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Латвия Республикасының Президенті Андрис Берзиньшке Рига қаласындағы “Maxima” сауда орталығы төбесінің құлап түсуі салдарынан көп адамның қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Мемлекет басшысының қайғылы жағдай туралы хабарды күйзеле отырып қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы атынан және жеке өз атынан шын ниетпен көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасылары …

КӨҢІЛ АЙТУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ Read More »

“АСТАНАБАСЖОСПАР” ҒЗЖИ” ЖШС-де БОЛДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Астанабасжоспар” ҒЗЖИ” ЖШС-де болды. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта белсенді көші-қон үдерісі есебінен елорда тұрғындары 900 мың адамға жақындап қалғанын атап өтті. – Бүгінгі күні елорданың ауқымын кеңейтіп, халқының санын 2-3 млн. тұрғынға жеткізу жобасы жоқ. Бұл үшін көп нәрсе – коммуникациялар, сумен жабдықтау және өзге де инфрақұрылымдар жеткіліксіз. Сондықтан бірнеше мәселені …

“АСТАНАБАСЖОСПАР” ҒЗЖИ” ЖШС-де БОЛДЫ Read More »

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ Петропавл қаласында жетісіп тұрған жоқ

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бірде кешкілік қызмет уақытым аяқталған соң Петропавлдың Пушкин көшесінде, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының тұсындағы аялдамада №7 автобусты тосуыма тура келді. Қараңғылық түсіп қалған кез. Қажет автобус біраздан соң жетті. Алайда, ол аялдамадан оза барып тоқтап, бірді-екілі жолаушыны түсірді де, жөней берді. Амалсыз келесісін тосып қалдым. Жарты сағаттай уақыттан соң …

ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ Петропавл қаласында жетісіп тұрған жоқ Read More »

“ҚАЗПОЧТА” АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА жаңа басшы

Кеше өңір басшысы Самат Ескендіров “Қазпочта” АҚ облыстық филиалының ұжымына оның жаңа директоры Ерік Нұрақаевты таныстырды. Бұл шараға “Қазпочта” АҚ Басқармасының төрағасы Асхат Бейсенбаев қатысты. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Екі жүз жылға жуық тарихы бар өңіріміздің пошта қызметі бүгінгі күні 13 аудандық пошта байланысы торабын, 113 ауылдық және 14 қалалық пошта байланысы бөлімшесін, 29 пошта …

“ҚАЗПОЧТА” АҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА жаңа басшы Read More »

ЖҮЗДЕН – ЖҮЙРІК ШЫҚҚАН жеңімпаздар

“Жүзден – жүйрік” байқауы қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектептердің, балабақшалардың және колледждердің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері арасында өтті. Оған сырттай кезеңде іріктелген 70-тен астам ұстаз қатысты.  Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Байқау 4 турдан тұрды. Бірінші турда қатысушылар алдын ала таратылып берілген сауалнаманы толтырып, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ СҚО бойынша …

ЖҮЗДЕН – ЖҮЙРІК ШЫҚҚАН жеңімпаздар Read More »

АУДАРМАШЫЛЫҚТЫ ТАҢДАҒАН АЛЕКСАНДРА Мағжанның 25 өлеңін жатқа айтады

Өмір-дерек: Аты-жөні – Александра Назаренко. Жасы – он сегізде. Әлеуметтік жағдайы – студент. Оқу орны – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Тіл және әдебиет институты. Таңдаған мамандығы – орыс тілі бөлімшесінің “Аударма ісі” бөлімі. Қабілеті – орыс, қазақ, ағылшын, неміс тілдерін меңгерген. Биыл университеттің Тіл және әдебиет институтының қазақ тілі бөлімшесінде оқып жүрген …

АУДАРМАШЫЛЫҚТЫ ТАҢДАҒАН АЛЕКСАНДРА Мағжанның 25 өлеңін жатқа айтады Read More »

“КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА” ҚАРСЫ КҮРЕС кеңінен жүргізіледі

Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және “көлеңкелі экономикаға” қарсы күрес мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы болып өтті.  Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері тағайындалған соң ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының мақсаты мен міндеттері, жұмыс жүргізу барысы талқыланды. Солтүстік Қазақстан Кәсіпкерлерінің өңірлік палатасының директоры Нелли Кукушкинаның айтуынша, бүгінде …

“КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАҒА” ҚАРСЫ КҮРЕС кеңінен жүргізіледі Read More »