«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛУАННЫҢ ЖЕҢІСІ – БАПКЕР ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ

Қазақ күресі – ешқандай да күрес түріне ұқсамайтын төл спортымыз. Зерттеулер қазіргі самбо, дзюдо, еркін күрестегі негізгі айла-тәсілдер қазақ күрес өнерінен алынғанын дәлелдеуде. Ұлттық күрес Балуан Шолақ белдескен, Қажымұқанның табаны тиген Қызылжарда да өркендеп келеді. Боз кілемде атой салған балуандарымыздың артында білікті бапкерлер тұрғанымен, олар көбіне жеңімпаздың көлеңкесінде қалып жатады. Қазақ күресінен облыстың аға жаттықтырушысы …

БАЛУАННЫҢ ЖЕҢІСІ – БАПКЕР ЕҢБЕГІНІҢ ЖЕМІСІ Read More »

Жанат АЙТБАЕВ: «ДОМБЫРА ҮНІ РУХТАНДЫРАДЫ»

– Жанат Хамитұлы, Қызыл­жар өңіріне келгеніңізге ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті. Соң­ғы кезде қазақтың ұлттық өнерін дамытуға көңіл бөлініп жатыр. Мәселен, күні ертең аталып өтетін ұлттық домбыра күні – осы сөзіміздің айғағы. «Руха­ният қоғамды тәрбиелейді» деп жатамыз. Олай болса, қазағы­нан қонағы басым өңірдің дом­быраға, дәстүрлі әнге деген көз­қарасы қалай өзгерді? – Бұрын мектептерге ба­рып, концерт …

Жанат АЙТБАЕВ: «ДОМБЫРА ҮНІ РУХТАНДЫРАДЫ» Read More »

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗАУЫТ

Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Ол – жарма және түрлі дән өнімдерін өндіретін жоғары технологиялық зауыт. Жобаны «Қазақстан бида­йы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жобаның жалпы құны 3 миллиард теңгеден асады. Ал қажетті инфрақұры­лымды тарту үшін облыстық бюджеттен 291 миллион теңге бөлін­ген. Зауыт құрылысы 2024 …

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЗАУЫТ Read More »

АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН

Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап еліміз тарихи дамудың жаңа кезеңіне өтті. Егемен Қазақстанның алдында жаңа асулар тұрды. Әлемдік аренада ұлт бо­лып қалу үшін атқарылар жұмыс көп еді. Соның бірі – алты алашқа алтын тұғыр болатын жаңа астананың орнын айқындау. Бұл мәселе тоқсаныншы жылдардың басында көтеріле бастады. Ал 1994 жылдың 6 шілдесінде Жоғарғы Кеңес елорданы ауыстыру туралы …

АҚИҚАТҚА АЙНАЛҒАН АРМАН Read More »

ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ ӘРІПТЕСТІК

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Қытайлық «Beijing Guancheng Shenghua Investment» компаниясының басқарма төрағасы Ма Юнхумен жүздесті. Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысында инвестициялық жобаларды іске асыру әлеуеті талқыланды. Аталған корпорация өнеркәсіптік және тұрғын үй нысанда­рын салу, сондай-ақ ауыл шаруа­шылығын дамыту саласына ма­манданған. Инвестор облыста элеватор мен құрамажем зауытын салуға қызығушылық білдірді. Өңірде «Qyzyljar» арнайы эко­номикалық аймағын кеңейту …

ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ ӘРІПТЕСТІК Read More »

ҚЫСТЫҢ  ҚАМЫ ҚАЗІРДЕН

Өңірде жаздың бірінші айы ерекше ылғалды болды. Маусымда орташа есеппен 49,2 миллиметр жауын-шашын түсті. Бұл топырақтың ылғалдылығын арттырып, шөптің жайқала өсуіне септігін тигізді. Биыл облыста 392 мың гектар алқапқа мал азығы егілген.  Бұл былтырғы жылға қарағанда 37,9 мың гектарға көп. Оның ішін­де 109,5 мың гектары – біржылдық, 9,6 гектарға көпжылдық шөп және 30 мың гектардан …

ҚЫСТЫҢ  ҚАМЫ ҚАЗІРДЕН Read More »

СОРҒЫ СТАНСАСЫ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

 Облыс орталығында жұмыс істеп тұрған бірінші көтергіш сорғы стансасы 1974 жылы пайдалануға берілген болатын. Былтырғы су тасқыны кезінде қуат беретін электр желісінің бағандары құлап, аталмыш нысан қатты зақымданған. Салдарынан баламалы резервтік станса арқылы тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз етуге тура келген. Үкімет тарапынан қалпына келтіру туралы шешім қабылданып, осыған орай жобалық-сметалық құжаттар әзірленді, «RAZ Mineral Demeu» корпоративтік …

СОРҒЫ СТАНСАСЫ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ Read More »

АҚ АЛМАСТАЙ АҚЫН

Қолымда Зекеңнің – талантты ақын, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зейнолла Әкімжановтың 1993 жылы жарыққа шыққан «Жерұйық» деп аталатын жыр жинағы. Бұл – алғашқы кітабы. Қайтыс болғаннан кейін басылған «Оттай ыстық Отынағашпен» салыстыруға келмейді. Мұқабасы жұп-жұқа, 121 бет, 101 өлең ғана басылған. Қолға ұстауға келмейтіндей жұқа болғанымен, мазмұны терең. Бұл кітаптің салмақты екенін бір-екі …

АҚ АЛМАСТАЙ АҚЫН Read More »

ТАУ ТҰЛҒА

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда есімі республика жұртшылығына жақсы таныс қоғам және мемлекет қайраткері Еркін Әуелбековтің 95 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Оған Ақмола, Қызылорда, Қызылжар, Торғай өңірлерінен арнайы өкілдер, марқұмның туыстары, еңбек ардагерлері, ұстаздар, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиын басталар алдында аудан орталығында ор­наласқан Еркін Нұржанұлының мүсініне гүл шоқтары қойылды. Орталық алаңда орнатылған …

ТАУ ТҰЛҒА Read More »

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН САЛЫҚ

Мүгедектігі бар жұмысшылардан жеке табыс салығы ұсталып келген. Облыстық прокуратураның мәліметінше, қадағалау органы салық заңнамасын өрескел бұзу фактілерін талдау барысында анықтады. Мәселен, 2023-2024 жылдары Ақжар, Есіл, Ғабит Мүсірепов атындағы, Мамлют, Шал ақын, Та­йынша аудандарының жұмыс бе­рушілері Салық кодексінің талап­тарына қайшы, мүгедектігі бар 366 жұмысшыдан жалпы сомасы 16,9 млн. теңге жеке табыс салығын ұс­тап қалған. Бұл …

ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН САЛЫҚ Read More »

КҮТПЕГЕН НӘТИЖЕ

«Астана» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжар» командасын қабылдады. Матч тең нәтижемен аяқталды. Матч бастала сала, яғни 6-минутта астаналықтар күтпеген жағдайға тап болды. Команданың тәжірибелі жарты­лай қорғаушысы Александр Нойок өз қақпасына гол соғып алды. Бірақ елор­далықтар жылдам ес жиды. 28-минутта Елисей Горшунов қақпашымен бетпе- бет шығып, өз мүмкіндігін мүлт жібер­меді. Екінші тайм қарқынды басталды. 51-минутта Назми Грипши …

КҮТПЕГЕН НӘТИЖЕ Read More »

ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР

Халықаралық есірткімен күрес күніне орай қала орталығындағы алаңда көпшілік шара өтіп, оның арты концертке ұласты. Аудандардан келген өнерпаздар сахнада ән салып, би биледі. Ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы есірткінің зиянын түсіндіріп, жастарды саламатты өмір салтын ұстануға шақыруды көздеген. – Бір ай ішінде облыста түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Жүгіру акциясын, семинар, кинокөр­сетілімдер мен дәрістер өткіздік. Бүгінгі шара арқылы …

ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР Read More »

ҒАСЫРЛЫҚ МҰРА – ТӨЛ МҰРАЖАЙДА

Журналистердің төл мерекесі қарсаңында 105 жылдық тарихы бар «Soltüstık Qazaqstan» газетінің музейі ашылды. Осы бір маңызды шараны тамашалау үшін редакцияға жиналғандардың қарасы қалың болды. Олардың арасында өңірдегі бірден-бір ұлттық басылымда көп жыл бойы басшылық еткен, шығармашылық қарым-қабілетін танытқан, оқырман қауымның көбеюіне ұйытқы болған, былайша айтқанда «отымен кіріп, күлімен шыққан» қалам иелері, дүниеден өткен қаламгерлердің жан …

ҒАСЫРЛЫҚ МҰРА – ТӨЛ МҰРАЖАЙДА Read More »

ҚАРЖЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЖЕТТІЛІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

Облыстық мәслихаттың жиырма жетінші сессиясы өтіп, күн тәртібінде өңір дамуы үшін аса маңызды екі мәселе қаралды. Негізгі баяндаманы облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев жасады. Ол өткен жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды. Облыстың былтырғы бюджеттік кірісі 488 млрд. теңге­ден асты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,1 пайызға артық. Оның ішінде меншікті кірістер 18,5 пайызға, …

ҚАРЖЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЖЕТТІЛІКТЕРГЕ БАҒЫТТАЛДЫ Read More »

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ – ҚУАТТЫ КҮШ

 Петропавлда «Уақытпен үндес үн: азаматтық қоғам және ұлттық құндылықтар» тақырыбымен үкіметтік емес ұйымдардың XII облыстық форумы өтті. Бұл – азаматтық қоғам институттарын нығайтуға, мемлекет пен халық арасындағы байланыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қоғамдық-саяси іс-шара. Алқалы жиынға облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов пен Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова қатысты. Форум аясында азаматтық қо­ғам өкілдері, мемлекеттік …

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ – ҚУАТТЫ КҮШ Read More »

ҮЗДІКТЕРГЕ — ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

 Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтіп, 60-тан астам журналист түрлі марапатқа ие болды. Бұл – ақпарат кеңістігін дамытуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан медиа саласы мамандарының тынымсыз еңбегіне берілген зор құрметтің көрінісі. Өңір журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жүрекжарды тілегін ай­тып, журналистер – билік пен қоғам арасындағы алтын …

ҮЗДІКТЕРГЕ — ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ Read More »

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЖӘРДЕМІ мен ЗАРДАБЫ

Алғашқы алаңдаушылық осыдан тоғыз жыл бұрын басталып еді. 2016 жылы қытайлық өнертапқыштар көркем шығарма жазатын қабілетті робот ойлап тауып, бар әлемді таңдай қаққызған. Әлемдегі алғашқы мәтін жазатын роботтың шығармасы кейін беделді әдеби байқауда жоғары бағаланып, үздіктер қатарынан көрінді. Сол кездің өзінде қалам ұстаған ағайын өз кәсібінің болашағы туралы ойланып қалғаны бар. Содан бері көз ілеспес …

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: ЖӘРДЕМІ мен ЗАРДАБЫ Read More »

«ЖУРНАЛИСТЕР ДЕМОКРАТИЯНЫҢ САҚШЫСЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

Журналистика саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен Сағындық Рахымжан кәсіби қызметтің әр саласында қалам тартып, бірнеше ақпарат құралында тер төкті. Бұған дейін «Дөңдегі ауыл» кітабы жарық көрген оның күні кеше «Сағыныш дәптері» атты жаңа жинағы оқырман қолына тиді. Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Сағындық Сәбитұлынан алынған сұхбатты назарларыңызға ұсынып отырмыз. – Қабырғалы қаламгер Орал­хан …

«ЖУРНАЛИСТЕР ДЕМОКРАТИЯНЫҢ САҚШЫСЫ БОЛУЫ КЕРЕК» Read More »

ШОЛПАНДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН

Адам баласы үшін саналы ғұмырының қай кезеңі болмасын елеулі. Десек те жеті асу белестің орны бөлек. Неге десеңіз, 70 жас – ақыл-ойдың, сана-сезімнің әбден толығып, кемеліне келетін, өткен өмірін ой елегінен өткізіп, таразылайтын, ел алдында есеп беретін кезі. Осы тұрғыдан сөз сабақтайтын болсақ, өзіміз сүйіп оқитын, тұрақты оқырманы саналатын аудандық «Есіл өңірі» газеті арқылы киелі …

ШОЛПАНДАЙ ЖАРҚЫРАҒАН Read More »

ЕРЛІГІ ЕЛГЕ МӘЛІМ ЫСҚАҚ БАТЫР

… 1965 жылдың шілде айының орта кезі. Күн ыстық. Балықты көлінің биік дөңінде орналасқан Жаңаталап ауылының бір топ баласы Есіл өзенінің салқын суына шомылып, құмына аунап қайту мақсатымен ауылдан шықтық. Іргеде тиіп тұрған өзенге жеткесін екі-үш сағаттай суға шомылып, құмарымыз қанған соң көп ойланып жатпастан келесі бетке жүзіп өттік және қалың тоғайдың артында әрі кетсе …

ЕРЛІГІ ЕЛГЕ МӘЛІМ ЫСҚАҚ БАТЫР Read More »