«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘУЕДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЕРЕКШЕ НАЗАРДА

Көліктегі ІІД Петропавл станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімі стратегиялық нысан – Петропавл қаласының халықаралық әуежайына жедел қызмет көрсетіп келеді. Соңғы уақытта халықаралық ахуалдың шиеленісуіне, сондай-ақ әлем бойынша әуе көлігіндегі лаңкестік әрекеттердің жиі орын алуына байланысты оған қарсы әрекет ету түрлерін жетілдіру баршамыз үшін маңызды болып табылады.

“ҚЫС –2013” төтенше жағдайлардың алдын алуға арналды

21-22 қараша күндері Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың басшылығымен “Қыс маусымы жағдайында ТЖ зардаптарын жою үшін апаттық және басқа да шұғыл жұмыстарға әзірлену және оны өткізу” тақырыбында республикалық “Қыс – 2013” командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Қызылжар өңірінде аталмыш шараны облыс әкімінің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағасы Қайрат Бекенов, басшының орынбасары, Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы …

“ҚЫС –2013” төтенше жағдайлардың алдын алуға арналды Read More »

КӘСІПОДАҚТАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облысымызға жұмыс сапарымен Республикалық мәдениет, спорт және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Светлана Иманқұлова келді. Ол мәдениет және спорт ұйымдарының өкілдерімен кездесуде кәсіподақтар туралы жаңа заң жобасын талқылап, сұрақтарға жауап берді.  Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бүгінде кәсіподақтар 1993 жылы қабылданған заң негізінде жұмыс істеуде. Алайда, аталмыш заң қазіргі заман талаптарына сай емес. Сол себепті …

КӘСІПОДАҚТАР ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Read More »

САХНА СӘНІ – ТАЛАНТТЫ БАЛҒЫНДАР екі бірдей халықаралық байқауда бақ сынауда

“АРТ Фестиваль – Роза ветров” қорының (Мәскеу қаласы) балғын өнерпаздар арасында жыл сайын ұйымдастыратын байқаулары биыл біздің өңірде өтуде. СҚО Мәдениет басқармасы мен облыстық Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс қызметі орталығымен бірлесе ұйымдастырылған “Қазақстандағы жел бағыты” III халықаралық балалар мен жасөспірімдер және “Балалар балалар үшін ойнайды” халықаралық театр байқаулары Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрына талантты …

САХНА СӘНІ – ТАЛАНТТЫ БАЛҒЫНДАР екі бірдей халықаралық байқауда бақ сынауда Read More »

ЖАН ЖЫЛУЫН СЕБЕТІН шуақты мереке өткізіледі

Қарашаның соңғы бейсенбісінде облыстың жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған он екі білім беру мекемесінде “Бөбек” қорының президенті Сара Назарбаеваның бастамасымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитетінің қолдауымен “Ризашылық” – “Мейірімділік балалар игілігі үшін!” атты қайырымдылық мерекесі өтеді.   Ирина ПОПОВА, СҚО Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың бас маманы. …

ЖАН ЖЫЛУЫН СЕБЕТІН шуақты мереке өткізіледі Read More »

“САЛТАНАТТАҒЫ” СЕМИНАР

Петропавлдағы “Салтанат” бөбекжай-бақшасында тәжірибе алмасуға байланысты семинар өтті. Оның жұмысына қалалық Білім бөлімінің, қаладағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінің және Шал ақын ауданындағы Сергеевка қаласының “Бөбек” балабақшасының өкілдері қатысты.  Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. – Облыстық Білім басқармасының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі мекемелер ауылдық жерлердегі балабақшалармен ынтымақтаса жұмыс істеп, олармен тәжірибе алмасамыз. Бізге екі …

“САЛТАНАТТАҒЫ” СЕМИНАР Read More »

БАЛА КӨҢІЛІНЕ кірбің түсірмейік

20 қараша Дүниежүзілік балалар күні болып белгіленген. Осыған орай еліміздің барлық өңірлерінде республикалық “Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ” атты ақпараттық науқан ұйымдастырылды. Облыстық Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың мұрындық болуымен сәрсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында қоғам назарын балаларға аударуға қадам жасалды. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ондағы мақсат – балаларға қатыгездік пен зорлық-зомбылық көрсету мәселелеріне қоғамның …

БАЛА КӨҢІЛІНЕ кірбің түсірмейік Read More »

АЙҚЫН ҚАЛАМЫ” – оқушылар қолында

Шұқыркөл ауылының перзенті, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі – Айқын Нұрқатов. Қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан тұлғаның есімін ардақтау – елдік парыз. Осыған орай Шұқыркөл орта мектебінде оқушылар арасында “Айқын қаламы” атты аудандық әдеби байқау өтті. Осы күндері Алматы қаласында Айқын Нұрқатовтың төрт томдық кітабы жарық көргенін де айта кеткен жөн. …

АЙҚЫН ҚАЛАМЫ” – оқушылар қолында Read More »

МҰСТАФА ГУЛИЕВТІҢ ҚУАНЫШЫ

Шөптікөл ауылдық округінің Разгульное ауылына мұхиттың арғы жағынан 200 бас ірі қара әкелініп, “Агрофирма Приишимский” ЖШС директоры Мустафа Гулиев қуанышқа бөленді.  Сағыныш УРАЗБЕКОВА. Ол “ҚазАгроФинанс” АҚ көмегімен 147 миллион теңге жеңілдетілген несие ресімдеп, мал шаруашылығын дамыту ісін қолға алды. Жуырда ірі қара сұрыптап алынып, карантинге қойылып, Абердин-Ангус тұқымының 193 бас сиыры және 7 бас бұқасы …

МҰСТАФА ГУЛИЕВТІҢ ҚУАНЫШЫ Read More »

ҚАЛАУЫН ТАПСА, қаз-үйректің де пайдасы зор

Үй шаруасымен қатар, өзіне тапсырылған қоғамдық жұмысты да абыроймен атқара білген қыз-келіншектердің күш-қайратына кейбір ер адамдардың өзі қызыға қарайтыны да рас. “Еңбек бәрін жеңбек” деген сөзді арқау етіп жүрген әйел аналардың бірі – Гүлмира Ибраева. Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Аққайың ауданына қарасты Смирново ауылында тұратын кейіпкеріміздің мамандығы – ұстаз. Отбасының шырайын келтіріп отырған Гүлмира басқа …

ҚАЛАУЫН ТАПСА, қаз-үйректің де пайдасы зор Read More »

АУЫЛДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ СТАНЦИЯСЫ

Жуырда Новоишим ауылында жеке кәсіпкер Иван Федоров жаңа салған ғимаратында “Реактор” техникалық байқау станциясын (ТБС) ашты. Салтанатты рәсімге ауыл тұрғындары, аудандық мемлекеттік мекемелердің басшылары келді.  Сағыныш УРАЗБЕКОВА. Ғимарат екі қабатты, 520 шаршы метр жерді алып жатыр, Германия, Ресей, Қытай елдерінің заманауи техникаларымен жабдықталған, жарық пен жылу тартылған. Мұнда доңғалақтарды жөндеу, ауыстыру, көліктерді жуу шеберханасы, 2 …

АУЫЛДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ СТАНЦИЯСЫ Read More »

Берік МҰҚАНҒАЛИЕВ: “ҚАЖЫЛЫҚТАН ИМАНЫМ КҮШЕЙІП, ЖҮРЕГІМ ТАЗАРЫП ОРАЛДЫМ”

Биыл елімізден қажылық парызын өтеуге 4 мыңнан аса адам аттанған болатын. Сол бақытты жандардың бірі – өңіріміздің азаматы Берік Мұқанғалиевпен кездесіп, қажылық сапары туралы сұхбаттасқан едік.  – Қажылығыңыз, тілеген дұға, тілек, мінажаттарыңыз қабыл болсын! Осы қажылық сапарынан алған әсеріңізбен бөліссеңіз. – Әмин, рахмет! Қажылық сапарынан алған әсерді сөзбен айтып жеткізу қиын, әрине. Бірақ тырысып көрейін. …

Берік МҰҚАНҒАЛИЕВ: “ҚАЖЫЛЫҚТАН ИМАНЫМ КҮШЕЙІП, ЖҮРЕГІМ ТАЗАРЫП ОРАЛДЫМ” Read More »

ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ мен ТОЗЫҒЫ БАР

Ислам діні қазақ жеріне VIII ғасырда келді. Осы діннің келуімен бүкіл Орталық Азия аймағына Исламның құндылықтары ғана емес, сондай-ақ оның мәдениетінің де еркін таралуына жол ашылды. Ата-бабадан қалған жәдігерлердің ішкі сырына үңіліп, тілін түсіне білген жан Ислам мәдениетінің ізін айқын көре алады. Сонымен қатар дала жыраулары мен ақындардың, дана билердің үкімдері де дін мен дәстүрді …

ДӘСТҮРДІҢ ОЗЫҒЫ мен ТОЗЫҒЫ БАР Read More »

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМДЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ заңнаманы бұрмалаушылықтарға жол беруде

Марат ЕБЖАНОВ, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Тексеру комиссиясы бақылаулық іс-шаралардың жоспарына сәйкес 2012 жылдың 1 шілдесі мен 2013 жылғы 30 қыркүйек аралығында облыстың жер қатынастары жөніндегі бөлімдерінде 12 сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізді. Жүргізілген бақылаулардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 485,9 млн. теңге немесе бақылаумен қамтылған қаражаттың жалпы көлемінің …

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БӨЛІМДЕРДІҢ БАСШЫЛАРЫ заңнаманы бұрмалаушылықтарға жол беруде Read More »

Ғалымбек НҰРБАЛИЕВ: “ОБЛЫСЫМЫЗ ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕХАБАР ТАРАТУ ЖЕЛІСІНЕ КӨШУДЕ, ОЛ ӘР ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ДЕЙІН ЖЕТЕДІ”

Таяу арада Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары теледидарды ең жоғары сапада тегін көре алатын болады. Жылдың соңына дейін цифрлық телехабар тарату желісі еліміздің барлық облыс орталықтарында, оның ішінде Петропавл қаласында іске қосылады. Цифрлық хабар таратуға көшу жұмысының барысы мен жаңа желіге қосылу үшін не істеу қажеттігі жөнінде “Қазтелерадио” АҚ филиалының директоры Ғалымбек Нұрбалиевпен әңгімелесуді жөн көрдік.  …

Ғалымбек НҰРБАЛИЕВ: “ОБЛЫСЫМЫЗ ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕХАБАР ТАРАТУ ЖЕЛІСІНЕ КӨШУДЕ, ОЛ ӘР ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ДЕЙІН ЖЕТЕДІ” Read More »

ТҮЙЕНІ ЖЕЛ ШАЙҚАСА…

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Әлі де болса айығып кете қоймаған әлемдік қаржы дағдарысы анау-мынау емес, Біріккен Ұлттар Ұйымының бюджетіне тізе батырып отырған болса, не дерсің? БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Бас Ассамблеяның 68-ші сессиясының Бесінші комитеті делегаттарының қарауына 2014-2015 жылдарға арналған БҰҰ бюджеті жөніндегі ұсынысын түсірді. Бас хатшы олардан ұйым бюджетін 5,404 млрд. доллар …

ТҮЙЕНІ ЖЕЛ ШАЙҚАСА… Read More »

ДЕРТІНЕ ДАУА ІЗДЕГЕНДЕР таусылмастай сергелдеңге түседі

Петропавл қаласының шет жағындағы “Черемушки” шағынауданының басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындарының жас-кәрісі қысы-жазы жауын-шашын демей қаланың орталығындағы №1 емханаға барады. Соңғы кезде Черемушкиде орналасқан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бір жақ қапталынан медициналық қосын ашылған. Бірақ оның ашылуымен осы шағынаудандағы сырқат жандардың мәселелері толығымен шешілді деуге болмайды.  Черемушкидегі медициналық қосын дүйсенбі-сәрсенбі күндері таңғы сағат 8-ден түскі …

ДЕРТІНЕ ДАУА ІЗДЕГЕНДЕР таусылмастай сергелдеңге түседі Read More »

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде сөйлеген сөзі ҰЛТТЫҚ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ

Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар! Қазақстан судьяларының VI съезіне қош келдіңіздер! Бұл кездесу жай ғана басқосу емес. Өздеріңізге белгілі, осыдан 1 жыл бұрын мен Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын жарияладым. Осы бағдарламаның ең негізгі түйіні – сол кезге дейін дүниенің өркендеп өскен, ең байыған 30 мемлекетінің қатарына кіреміз деп отырмыз. Біз меже қылған …

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезінде сөйлеген сөзі ҰЛТТЫҚ СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ «ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫ АЯСЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕРІ Read More »

НОҒАЙБАЙДАҒЫ СУ “ЖЫРЫНА” соңғы нүктені облыс әкімі қойып отыр

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Ноғайбай ауылының тұрғындары ауыз су мәселесі төңірегіндегі дау-дамайдан шаршайтындай болды. Бұрын таза су шыққан құдық суының сапасы төмендеп, ішуге жарамай қалғаннан бері олар тіршілік нәрін көрші ауылдардан тасып, күндерін көріп келеді. 2010 жылдан бері ноғайбайлықтар ел іргесіне келіп тұратын ауызсуды ішер күн алыс емес деп ойласа да, бұл армандары сағымдай көрініп, қол …

НОҒАЙБАЙДАҒЫ СУ “ЖЫРЫНА” соңғы нүктені облыс әкімі қойып отыр Read More »

“БАЛАПАН” АУЫЛДА ҚАНАТ ҚАҚҚАНМЕН, қалада онша ілгері баспай тұр

Әлеуметтік салада күрмеуі қиын жайттардың бірі – балабақшалардағы орын жетіспеушілігі. Мәселенің әлі өткір күйде қалғанын Президент Үкіметтің 11 қазандағы кеңейтілген отырысында қадап айтты. Бүгінде сәби дүниеге келісімен мектепке дейінгі мекеме кезегіне қою үрдісінің жаппай сипат алғаны ешкімге таңсық емес. Облыс орталығында 2 жасқа дейінгі 5 мыңнан астам сәбидің тізімде тұруы толғақты проблеманың әбден пісіп-жетілгенін аңғартса …

“БАЛАПАН” АУЫЛДА ҚАНАТ ҚАҚҚАНМЕН, қалада онша ілгері баспай тұр Read More »