«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ

Амантай СЕЙФУЛЛИН, “Солтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы” ММ басшысы. Қазіргі уақытта елімізде зейнетақы жүйесінің жаңа үлгісі қалыптасуда. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерікті кәсіптік сызбасы тиісті деңгейде дамымағанын атап өткен жөн. Ол ЕКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын көбейтіп және 53-55 жаста зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік береді деп болжанған еді. Алайда, қазіргі уақытта …

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛЕДІ Read More »

КУРСТА ҮЙРЕНГЕНІМДІ ҚОЛДАНЫП ЖҮРМІН

Айдынгүл АДИКЕНОВА, Жамбыл орта мектебінің математика пәні мұғалімі. Мұғалімдік мамандық адамтанумен пара-пар. Егер мұғалім болу жөнінде армандасаңыз, алдымен өзіңіз сол жұмысқа дайынсыз ба, жоқ әлде бейхабармысыз – соны зерттей білген жөн. Ф.Достоевскийдің “Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің біл” дегеніндей, бар нәрсенің өзіңе байланысты екенін ұмытпау керек. Олай болса, мұғалім мамандығы – мамандық …

КУРСТА ҮЙРЕНГЕНІМДІ ҚОЛДАНЫП ЖҮРМІН Read More »

КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ

Қазанда біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 17 533 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 10 520 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 7 013 теңге болды. Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы, тұрғындардың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар үшін – 15 242 …

КҮНКӨРІСТІҢ ЕҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІНІҢ ШАМАСЫ Read More »

2013 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАЛАҚЫ

2013 жылғы қазан айында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 75 653 теңгені құрап, 2012 жылғы қазан айымен салыстырғанда 11,3%-ға ұлғайды, нақты көріністе 6,7%-ға өсті. Жалақының ең үлкен мөлшері көлік және қоймалау (124 181 теңге), қаржы және сақтандыру қызметі кәсіпорындарында (117 548 теңге) белгіленіп, орташа облыстық көрсеткіштен 1,6 және 1,5 есе жоғары болды.Білім (60 713 …

2013 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАЛАҚЫ Read More »

ТАЙЫНШАЛЫҚТАР ТАТУ-ТӘТТІ ТІРЛІК КЕШУДЕ, дегенмен, ойланарлық жайттар да бар

Серік САЛТЫҚОВ, Тайынша ауданының әкімі. Тайынша ауданындағы 60-тан астам ұлт өкілдері аудан орталығында және 18 ауылдық округте бір шаңырақ астында түтін түтетіп, еңбек етуде. Үстіміздегі жылы 17 діни бірлестік әділет органдарында қайта тіркеуден өтіп, жұмыс істеуде. Соның ішінде: 5 – ислам, 3 – православие, 6 – католицизм, 3 – протестантизм.   Аудан аумағында 28 адам …

ТАЙЫНШАЛЫҚТАР ТАТУ-ТӘТТІ ТІРЛІК КЕШУДЕ, дегенмен, ойланарлық жайттар да бар Read More »

“ИТ” (Әңгіме)

Байқал БАЙӘДІЛОВ. Қояндықызылдың қылтасынан төрт салт атты бір-бірімен үзеңгі қағыстырып, шоқытып шыға келгенде түн қараңғысы жаңа-жаңа сөгіле бастаған еді. Таңғы ауада шыңылтыр аяз бар. Ақ мамық көрпеге оранған сайын дала еркін көсіліп, үнсіз мүлгіп тұр. Көз жанары жететін төңірек тып-тыныш, тып-тымық. Әлдеқайдан сауысқанның өлі тыныштықты бұзып, шықылықтағаны естіледі. Иықтарына мылтық асынып, қолдарына қамшы ұстап, тоқ …

“ИТ” (Әңгіме) Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРДЫҢ ҚЫРМЫЗЫ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ

1Қызылжардың қырмызы қызғалдағы –Осылай деп атадым қыз қалқаны.Адам сұлу бола ма осыншама?! – Ару деген ғаламның бір жұмбағы. 2Армандай әйбат Гүлбану,Әлемдей жұмбақ бір ару.Сұрлану саған жат мүлдем,Жаратылысың – нұрлану.

ЖЫРЫҢ БОЛСАМ МЕН СЕНІҢ, СЕН – НҰРЫМСЫҢ!

Сәбит БЕКСЕЙІТОВ,ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚЫЗҚАРАҒАЙ Сағынғанда сен келер, Мен – Даламын, Құшағымды кең жайып қарсы аламын.Ойға батып мұңайған, Сен – Ормансың,Сені баптап, күтуге жан саламын.

АУЫЛ ЖАСТАРЫН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ Халықаралық конгресте әңгіме өзегіне айналды

Жастарды қолдау – мемлекеттік іс. Жуырда Елбасының салиқалы саясаты елімізде жоғары дәрежеде жүзеге асып жатқанына куәгер болдым. Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығында Ауыл жастарының бірінші Халықаралық конгресі өткен болатын. Оған Қазақстанның ауыл жастары, сондай-ақ Беларусь, Түркия, Ресей, Вьетнам, Қытай, Корея елдерінің өкілдері жиналды. Екі күн бойы ауыл жастарын жұмыспен қамту, олардың …

АУЫЛ ЖАСТАРЫН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ Халықаралық конгресте әңгіме өзегіне айналды Read More »

ЖҰРТТЫ БАУРАҒАН ЖАНСҰЛУ

Облыс орталығындағы “Абылай ханның резиденциясы” мұражай кешені шаңырақ көтерген күннен бастап өңіріміздегі көрнекті тарихи-танымдық орталық ретінде жеткіншектерді, жастарды отаншылдыққа, ерлікке тәрбиелеуді жолға қойды. Резиденция жәдігерлерін тамашалауға жастар ғана емес, жасамыс адамдар, сонымен бірге облысымызға келген меймандар да ықылас танытады. Олар мұнда хан ордасының салыну тарихы, Абылайдың ғана емес, бүкіл Қазақ елінің Тәуелсіздікке қолы жеткен бүгінгі …

ЖҰРТТЫ БАУРАҒАН ЖАНСҰЛУ Read More »

75 ЖАС ОТАУ биыл пәтерге ие болады

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Өткен аптаның соңғы жұмыс күні “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ-ның облыстық филиалының директоры Балахмет Молдинов БАҚ қызметкерлерімен кездесіп, шағын сұхбат берді.   – “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы екі бағытпен дамытылып келеді. Бірі – жалпы жұртқа, екіншісі – жас отауларға арналған. Бірінші бағыт бойынша былтыр екі үй тапсырылса, …

75 ЖАС ОТАУ биыл пәтерге ие болады Read More »

ЖОЛ, ЖАРЫҚ және АУЫЗСУ – аққайыңдықтарды толғандыратын мәселелер

Облыстық телеарнаның тікелей эфирі арқылы өтіп жатқан брифингтердің бұл жолғы қонағы Аққайың ауданының әкімі Қайрат Қасенов болды.  Гүлбике КУБЕНОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Қайрат Қасенов алдымен аудандағы атқарылған істерге тоқталды. Аққайыңдықтар биыл 214 мың гектардан астам жерге ырыс дәнін сіңірген. Өнім берекелілігі 14,2 центнерден айналып, қамбаға 258,1 мың тонна астық құйылған.   Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде …

ЖОЛ, ЖАРЫҚ және АУЫЗСУ – аққайыңдықтарды толғандыратын мәселелер Read More »

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТӨЗІМДІЛІКТІ САҚТАУДА журналистерге жүктелетін жауапкершілік зор

14-15 қарашада Астанада БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық то­леранттылық күніне орай Қа­зақстан халқы Ассамблеясының халықаралық медиа-форумы болды. Аталмыш медиа-форумды Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА), Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Сыртқы істер министрліктері бірлесіп ұйымдастырды. Оған мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, елшіліктер мен дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар, отандық және шетелдік БАҚ журналистері, еліміздің …

ЭТНОСАРАЛЫҚ ТӨЗІМДІЛІКТІ САҚТАУДА журналистерге жүктелетін жауапкершілік зор Read More »

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ БҮГІНІ мен БОЛАШАҒЫ форумда жан-жақты талқыланды

Билік пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес үкіметтік емес ұйымдар қазақстандықтардың талап-тілектерін жоғарыға жеткізе алып жүр ме? Жалпы Қазақстанда азаматтық қоғам толық орнықты деуге негіз бар ма?  Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Елбасының бастамасымен дүниеге келген Азаматтық форумда аталған сауалдарға жауап беріліп, үлкен басқосу үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ортақ проблемаларын талқылауға арналған алаңға айналды. Астана төрінде …

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ БҮГІНІ мен БОЛАШАҒЫ форумда жан-жақты талқыланды Read More »

Құлақтандыру

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Облыстық ауа райын болжау орталығының дерегі бойынша 18-20 қараша аралығында облыста батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге дейін жетіп, кей жерлерде бұрқасын, көк-тайғақ болады, ауаның температурасы түнде 12-17 градус суықтыққа дейін төмендейді. Соған орай облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент тұрғындардың өмір сүру нормасын қамтамасыз ету және ТЖ-нің алдын …

Құлақтандыру Read More »

АКЦИЯ НӘТИЖЕСІНДЕ 1 554 888 теңге өндіріліп алынды

Сот орындаушылары жуырда “Коммуналдық берешексіз өмір сүр!” атты акция өткізді. Акция барысында сот орындаушылары коммуналдық берешегі бар борышкерлердің мекенжаларына рейд жасады, олардың мүліктік жағдайын анықтау бойынша шаралар қолданды, аталған шаралар нәтижесі бойынша борышкерлердің мүлкіне тыйым салу туралы 281 қаулы шығарылды.

БИЛАЙН ІІІ ТОҚСАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

2013 жылғы III тоқсанның қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан компаниясының клиенттерінің саны 9 млн.-нан асты, клиенттер төмен бағамен көптеген қызметтерге ие болды. 2013 жылғы ІІІ тоқсанда Beeline Қазақстан кәсіпкерліктің барлық негізгі бағыттары бойынша оң нәтиже көрсетті. Жалпы табыс өткен жылмен салыстырғанда 4,4% артты. Абоненттер саны жылдан жылға 5,2% өсіп, 9,040 млн.-ға жетті, дыбыстық қызметті пайдалану 40% …

БИЛАЙН ІІІ ТОҚСАНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ Read More »

“АЛТЫН ДОП” ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Щучье қаласында баскетболдан “Алтын доп” республикалық турнирі өз мәресіне жетті. 1996-1997 жылдары туған спортшылар сайысқан додада өңір намысын “Жеңіс” спорт мектебінің және гуманитарлық-техникалық колледждің студенттерінен жасақталған құрама қорғады.Бәсекелі сайыста қарсыластарынан басым түскен солтүстікқазақстандықтар бірінші орыннан көрінді. Команданы дайындаған Владислав Грибанов пен Александр Козыркин жеңіске жету жолында Александр Корнеевтің (№7 ОМ), Даниил Сергеевтің (№8 ОМ) және …

“АЛТЫН ДОП” ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ Read More »

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

Петропавл қаласындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық қазақ-түрік лицейінде жаратылыстану-математика пәндері бойынша VI президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Оған “Дарын” республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Гүлнұр Базлуова қатысты. Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Президенттік олимпиада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін білім мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында математика, физика, химия, биология пәндерінен өтті. Оның …

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ Read More »

ТАҢДАУЛЫ СЫЛАҚШЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында облысымызда жоспарлы түрде іс-шаралар өткізілуде. ЕС-164/6 мекемесінде “Ең үздік сылақшы” кәсіби шеберлік байқауы ұйымдастырылды. Сайыстың басында жиналған қауымға Елбасының өмірі мен қызметі жайында түсірілген “Тұңғыш Президент” бейнебаяны көрсетілді.  Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Сайыс облыстық Білім беру басқармасының мұрындық болуымен өтті. Оған Петропавл қаласындағы құрылыс және кәсіптік колледждер студенттері қатысты. …

ТАҢДАУЛЫ СЫЛАҚШЫ АНЫҚТАЛДЫ Read More »