ЗАҒИПТАРҒА МЕКТЕП АШУ — ЗАМАН ТАЛАБЫ
Любовь Молчанова – туабітті дертпен дүние есігін ашқандардың бірі. Ауылдық отбасыда дүниеге келген қыздың денсаулығында ақауы барын ата-аналары білгенмен, оған қалай көмектесу керектігін білмеген. Оның өмірінің күрт өзгеруіне септігін тигізген Петр Хоритонов еді. Ол өткен ғасырдың 60-шы жылдары облыстың ауыл-аймақтарын аралап, мүгедек балалардың білім алуына мүмкіндік жасаған екен. 7 жасар қыз Қарағанды қаласында орналасқан зағип …