АУЫЛДА ТҰРАТЫН АҚЫН АПА
Жолдың қашықтығына қарамастан, қиян шеттегі ауылға тез-ақ жеттік. Кейуанаға көптен бері жолығуды ниет етсек те, сәті түспей жүрген. Бұл жолғы сапарымызды жақсы ырымға баладық. “Іздегенге – сұраған”. Алыс жолдан оралған беті екен. Тіпті бел жазып та үлгермеген. Іссапар алдында апайдың үлкен ұлы Дауылбаймен хабарласқанымызда: “Анамыз 10 құрсақ көтерген. Олардан 7-еуі аман. Ініміз Бүркіт екі мүшелінде …