«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАС АҚЫНДАРМЕН ЖҮЗДЕСУ

Қазақ мектеп-гимназиясында өңірдің жас ақындарымен және мәдениет қызметкерлерімен кездесу кеші өтті. Облыстық халық шығармашылығы және мәдени қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Таңат Бейсенбаев және жас айтыскер ақындар Аманжол Зағыпар мен Жұмабек Рахимов білім ордасына өз білгендерімен бөлісу үшін келді. Сымбат МЫҢЖАНОВА, “Болашақ журналист” клубының тілшісі. Шараны ұйымдастыруға білім ордасындағы ақындар клубының жетекшісі Жарқын Жұпархан ұйытқы …

ЖАС АҚЫНДАРМЕН ЖҮЗДЕСУ Read More »

“АРДОС-ЖҮРЕК” ТҰРМЫС ТАУҚЫМЕТІН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

Гүлмира ЖАҚЫПОВА, “Даму” қоры АҚ-ы облыстық филиалының менеджері. “Даму” қоры АҚ-ның облыстық филиалы 1-ші топтағы мүгедек, “Даму-Көмек” бағдарламасына қатысушы, “АРДОС-Жүрек” мүгедектер қоғамдық бірлестігінің басшысы Ақжан Кәрімнің бастамаларына қолдау білдіруде. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті заң факультетінің түлегі Ақжан Кәрім негізін қалаған “АРДОС-Жүрек” қоғамдық бірлестігін құрудың негізгі мақсаты әлеуметтік қорғау тиімділігін арттыру және ерекше мұқтаждығы бар жандарды …

“АРДОС-ЖҮРЕК” ТҰРМЫС ТАУҚЫМЕТІН ЖЕҢІЛДЕТЕДІ Read More »

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Самат ЕСМАҒИ, журналист. Облыс орталығында кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің алғашқы мәжілісі өтіп, жиынға өңір басшысы Самат Ескендіров, Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов қатысты.   Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласында Үкіметтің және “Атамекен Одағы” Ұлттық экономикалық палатасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы бірлескен шешімі қабылданған болатын. Аталған ұйымның өңірдегі филиалы қазанның 21-інде тіркеліп, …

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ҚҰРЫЛДЫ Read More »

“ХАЛЫҚ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН БІРДЕ-БІР НҰРОТАНДЫҚ ШЕТ ҚАЛМАУЫ ТИІС”

“Нұр Отан” партиясының кезектен тыс ХV съезі жұмысына Қызылжар өңірінен қатысқан делегаттар жаңа Саяси доктринаны түсіндіру шараларына кірісіп кетті. Біз солардың бірі – белгілі кәсіпкер, Петропавл қалалық мәслихаттың депутаты Сайран Хамзинге жолығып, форумнан алған әсері мен онда қабылданған тарихи құжат төңірегінде пікір алысқан едік. – Сайран Шайсұлтанұлы, Сіз “Нұр Отан” партиясының ХIII, ХIV съездеріне де …

“ХАЛЫҚ МҮДДЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕН БІРДЕ-БІР НҰРОТАНДЫҚ ШЕТ ҚАЛМАУЫ ТИІС” Read More »

ӘЙЕЛДЕР КӨПБАЛАЛЫ БОЛУҒА “КЕТ ӘРІ” ЕМЕС, бірақ, “көрпелеріне қарай көсілуге” мәжбүр…

Жақында қонақта болдым. Ерлер жағы жиналғанша, қыз-келіншектер әңгіме-дүкен құрдық. Басты тақырыбымыз бала мен оның тәрбиесі туралы. Жеңгелердің бір бөлігі отыздан асқан соң балалы болудың керегі жоқ десе, қалғандары ондай ойға үзілді-кесілді қарсы шықты. Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “Балалы үй – базар” деген нақыл бар. Бірақ, үйдің өзі базар болу үшін, ең алдымен, оның ажарын келтіріп …

ӘЙЕЛДЕР КӨПБАЛАЛЫ БОЛУҒА “КЕТ ӘРІ” ЕМЕС, бірақ, “көрпелеріне қарай көсілуге” мәжбүр… Read More »

КЕЙ КӨЛІКТІҢ НӨМІРІНЕ ҚАРАСАҢ, көзіңмен жер шұқисың…

Ана бір жылдары Ресейдің Хабаровск облысында жол полициясы басшыларының көлікке нөмір белгілерін таққанда жіберген өрескел сорақылығынан шу шыққаны есімде. Онда олар қасақана жасағандай, аймақтық бөліністері бар жаңа нөмірлер енгізгенде аталмыш облысқа анайы мағына беретін үш әріпті тоғытып жіберген болатын. Мәскеуге дейін жеткен осы үлкен айғайдан кейін ресейліктер өз қателігін түзетіп, әлгі анайы нөмірлерді жойып, оған …

КЕЙ КӨЛІКТІҢ НӨМІРІНЕ ҚАРАСАҢ, көзіңмен жер шұқисың… Read More »

“DARIGER” ҚОСЫМШАСЫ ПАЙДА БОЛДЫ

Beeline Қазақстандағы дәрігерлер мен емделушілерге арналған алғашқы тегін қосымша – мобильді “Dariger” қосымшасының жасалуы мен іске қосылуына қолдау көрсеткенін хабарлайды. “Dariger” негізі – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен барлық негізгі ауруларды анықтау және емдеу хаттамалары. Аналарға арналған сайттарды пайдаланушылардың 90%-ы оның қазақтілді нұсқасына кіретінін атап айтқан жөн. Ол сайттар осы қосымша негізге алына отырып …

“DARIGER” ҚОСЫМШАСЫ ПАЙДА БОЛДЫ Read More »

ЖАҢАШЫЛДЫҚ АНА мен БАЛАНЫ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

Арай НҰҒЫМАНОВА, облыстық Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің басшысы. Қазіргі таңда Қазақстанда зейнетақы жүйесін жаңғыртудың 1-кезеңі аяқталды. Осыған орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың 21 маусымында “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” №105-V Заңына қол қойды. Жаңа жобаны кеңінен талқылау барысында халықаралық тәжіребені, республикадағы демографиялық, экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып, Елбасымыз …

ЖАҢАШЫЛДЫҚ АНА мен БАЛАНЫ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН Read More »

ЕКІ АДАМ АЖАЛ ҚҰШТЫ

Қазанның 27-сі күні таңғы тоғызда “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі” ММ өрт байланысы орталық пунктіне облыс орталығындағы Жұмысшы кентіндегі тұрғын үйдің өртке оранғаны жайында хабар түсті. Өртсөндірушілер оқиға орнына жедел жеткенімен, екі адамның өмірін құтқару мүмкін болмады. Минск көшесіндегі 11-ші үйден шыққан жалынды ауыздықтауға Петропавл гарнизоны №4 өрт бөлімінің 4 техникасы және 20 қызметкері, сондай-ақ …

ЕКІ АДАМ АЖАЛ ҚҰШТЫ Read More »

БАЛАЛАРДЫ ОТПЕН ОЙНАМАУҒА ШАҚЫРДЫҚ

Юрий ГАЛЫГИН, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аумақты, тұрғындарды қорғау, даярлау және оқытубөлімінің бастығы. Тұрғындарды және басшы құрамды бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындау және оқыту Азаматтық қорғаныстың ең басты да маңызды міндеті болып табылады.   Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының мамандары үстіміздегі жылдың 9 айында облыстың 5 …

БАЛАЛАРДЫ ОТПЕН ОЙНАМАУҒА ШАҚЫРДЫҚ Read More »

“ЕСІЛІМІЗ” ЕСЕ ЖІБЕРІП АЛДЫ

Хромтауда 27-28 қазан күндері волейболдан ерлер командалары арасындағы ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық сайыстары өтеді. Бұған дейін онда 16-23 қазанда ширек финалдық ойындар өткен болатын. Үздік шыққан “Конденсат-Жайықмұнай” (Орал), “Алматы”, “Павлодар” мен “ТНКҚазхром” (Хромтау) командалары жартылай финалға шықты. Өз қарсыласын ұтқандар келесі күні ақтық сында ел кубогын сарапқа салса, жеңілгендер үшінші орынға таласады. Ширек …

“ЕСІЛІМІЗ” ЕСЕ ЖІБЕРІП АЛДЫ Read More »

БОУЛИНГТЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСТІК

Жақында “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ және “ПЛВЗ”, “ПАМЖЗ” зауыттарының мамандары боулинг турнирінде өзара сайысқа түсіп, “Денсаулық” қалалық спартакиадасының үздігі атану үшін барын салды. Олеся СОЛДАТЕНКО, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ жастар ісі жөніндегі комитетінің төрайымы. Энергетиктер және зауыт мамандары өздерінің спортта да осал еместіктерін көрсетті. Сайысқа қатысушылар қызықты әрі көңілді ойын өткізді. Турнирге жиналған қауым топтарға бөлініп, жанкүйерлік көңілмен қызу …

БОУЛИНГТЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСТІК Read More »

АУДАН ӘКІМДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Алмагүл БАЙГҮЛБАЕВА, облыстық Монополияға қарсы инспекцияның тергеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы. Облыстық Монополияға қарсы инспекция Шал ақын ауданы әкімдігінің ҚР “Бәсекелестік туралы” Заңының 33-бабы 1-тармағын бұзуына байланысты, атап айтқанда, мемлекеттiк органдардың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн актiлер не шешiмдер қабылдаудан көрiнетiн бәсекелестiкке қарсы iс-әрекеттерiне қатысты тергеуді бастады.

“СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ!” – десті кездесуге қатысушылар

Сыбайлас жемқорлықпен күресте ҚР ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің қоғамдық ұйымдармен өзара әрекетіне үлкен мән беріледі. “Сыбайлас жемқорлықты бірге жеңеміз!” – осындай ұранмен И. Шухов атындағы қалалық кітапханада қоғамдық ұйымдардың өкілдері және облыстық ТЖ департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен “дөңгелек үстел” өтті. Бейнегүл ТҰРАЛИНОВА, СҚО ТЖ департаменті кадр жұмысы бөлімінің инженері. “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының өкілі Айгүл Қуандықова …

“СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ!” – десті кездесуге қатысушылар Read More »

КҮЗГІ БАЛ. “КҮЗ АРУЫ”

Жақында ЕС-164/6 мекемесінде “Күзгі бал” кеші өтті. Күз айының тамаша көріністерін арқау еткен іс-шараның мақсаты – темір тордың арғы жағында отырған қыз-келіншектерді өнерге баулып, жақсылыққа тәрбиелеу. Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Сайысты ұйымдастырған аталмыш мекеменің тәрбие ісі бойынша басшысының орынбасары Айқын Баженов “Күзгі бал” кешінің бірінші рет өтіп отырғанын тілге тиек етіп, алдағы уақытта оның өз …

КҮЗГІ БАЛ. “КҮЗ АРУЫ” Read More »

“ҚҰТҚАРУШЫЛАР БАЛАЛАР КӨЗІМЕН” байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жақында облыстық Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығында төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күніне орайластырылған суреттер және плакаттар байқауы өтті.  Дмитрий РАСТИХИН, Петропавл қаласы ТЖБ-нің аға инженері. Облыстағы мектептерден және қосымша білім беру мекемелерінен келген 100-ден аса оқушы байқауда жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінді. Сайыскерлер еркін мәнер мен жанрда “Мен құтқарушы болар ем, үйретсе егер”, “Өртсөндіруші …

“ҚҰТҚАРУШЫЛАР БАЛАЛАР КӨЗІМЕН” байқауының жеңімпаздары марапатталды Read More »

АБАЙСЫЗДЫҚТАН МЕРТ БОЛҒАНДАР АЗАЯР ЕМЕС

М.Жұмабаев ауданындағы Ұзынкөл ауылының 65 жастағы тұрғынының өмірі жылыту пешінің дұрыс орнатылмағандығынан шыққан өрттен үзілді. М.Жұмабаев ауданының Успенка ауылында түн ортасында көрші үйден жалындаған от пен түтінді байқаған тұрғындар көмекке жүгіреді. Үш жас жігіт отты сөндіруге тырысса, екеуі үйде есінен танып қалған 65 жастағы зейнеткерді құтқаруға асығады. Зейнеткер мен оны құтқаруға көмектескен 19 жастағы жігітті …

АБАЙСЫЗДЫҚТАН МЕРТ БОЛҒАНДАР АЗАЯР ЕМЕС Read More »

СЕГІЗ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ – ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА

Қазанның 23-і күні өткен 1/4 финалының тартысының қорытындысы бойынша бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына сегіз қазақстандық шықты. Ереже бойынша жартылай финалға шыққан боксшы кем дегенде қола медаль алады. Осы ережеге сүйенсек, қазірдің өзінде Қазақстан құрамасында сегіз жүлде бар.

ҚАРАМА-ҚАРСЫ БАҒЫТҚА ШЫҚҚАН 61 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды

“Қарама-қарсы бағыт” жедел-алдын алу шарасын жүргізген үш күн ішінде облыстың жол полицейлері жолда жүру тәртібін бұзудың 898 фактісін тіркеді. Қарама-қарсы бағытқа шығып кету – жол-көлік апаттарының негізгі себептерінің бірі. Сол себепті осы жолғы жедел-алдын алу шарасында бұл мәселеге мән берілді. Жыл басынан бері облыс аумағында қарама-қарсы бағытқа шығу салдарынан 24 жол-көлік апаты орын алған. Бұл …

ҚАРАМА-ҚАРСЫ БАҒЫТҚА ШЫҚҚАН 61 жүргізуші әкімшілік жазаға тартылды Read More »

КІТАП ҚОРЫ ТОЛЫҚТЫРЫЛА ТҮСТІ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Кітап фестивалі” атты көрме ұйымдастырылды. Мақсаты – оқырмандарды кітапхана қорына түскен жаңа оқулықтармен таныстыру.  Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Екі-үш ай сайын өтіп отыратын іс-шара осы жолы да жалғасын тауып, мыңнан астам жаңа кітап түрлері оқырмандар назарына ұсынылды. Көрмеден орын алған кітаптар сегіз сала бойынша бөлініп, бөлек-бөлек қойылған. Медицина, спорт, ауыл …

КІТАП ҚОРЫ ТОЛЫҚТЫРЫЛА ТҮСТІ Read More »