«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БҰРЫНҒЫ ЖАЗАСЫ сабақ болмаған сыңайлы

Уәлиханов ауданының полицейлері бұрын сотталған облыс тұрғыны жасаған бес қылмысты ашты. Уәлиханов АІІБ-іне Телжан ауылының екі тұрғыны арызданып, күндіз дәліздеріндегі алюминий бөшкелерінің жоғалғандығын айтқан. Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осы оқиға бойынша туыстарына қонаққа келген Петропавл қаласының жұмыс істемейтін тұрғынын ұстады. Ер адам ақша табу мақсатында бөтен аулалардан алюминий бөшкелерді, “Дружба” арасын және аяққиімді жымқырып кеткен. …

БҰРЫНҒЫ ЖАЗАСЫ сабақ болмаған сыңайлы Read More »

КАРАТЭШІЛЕР КҮШ СЫНАСТЫ

Петропавл қалалық классикалық гимназиясында каратэ-до бойынша облыстық жарыс өтті. Сайысқа “Намыс”, “Ақсарбас” және күрес БЖСМ-нің спортшыларынан жасақталған құрамалар қатысып, 53 спортшы бақ пен бап сынады. Жарысқа қатысушылардың ең кішісі – 7 жаста, үлкені 16-да болды. Сайыс каратэ-до-ның кумите және ката деп аталатын жекпе-жек түрлері бойынша ұйымдастырылды. Сайыстың қорытындысына келер болсақ, ката және кумите бағдарламалары бойынша …

КАРАТЭШІЛЕР КҮШ СЫНАСТЫ Read More »

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – ҮШІНШІ ОРЫНДА

Өскемен қаласында волейболдан Қазақстан кубогы жолындағы бәсеке басталды. Оған ерлер арасында Ұлттық лигадан – 4 (“Атырау”, “Есіл”, “Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс”, “Тараз”), Жоғары лиганың “А” дивизионынан – 4 (“Динамо-Қазығұрт”, “Ұшқын-ҚазҰАУ”, “Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2”, “Семей”) және “Б” дивизионынан – 2 команда (“Динамо-Қостанай” мен “Астана-Ұлан”) қатысуда. Ал өткен ел чемпионатында үздік төрттікке кіргендер жарыстың келесі кезеңінен бастап қатысады. Аталмыш ойында “Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс” (Өскемен) …

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – ҮШІНШІ ОРЫНДА Read More »

ОНЫҢ ЖОЛЫН ЖАЛҒАДЫ ҰЛЫ

Бұрнағы күні облыстық бейнелеу өнері мұражайында өңірімізде талай жылдар жемісті еңбек еткен суретші, мүсінші Виктор Крестниковтың 80 жылдық мерейтойына орай көрме өтті. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Виктор Крестников мүсінші ретінде белгілі. Оның тастан қашап жасаған мүсіндері өңіріміздің көркіне айналғалы қашан?! Облысымызға 1964 жылы аяқ басқан ол алдымен Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында қызмет …

ОНЫҢ ЖОЛЫН ЖАЛҒАДЫ ҰЛЫ Read More »

ЖАЯБАЙДАЙ ЖАНАШЫРЫ БАР Шөптікөл ауылының абыройы арта түспек

Шолпан САЛЫҚОВА, журналист. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда шаруа қожалығын құрып, табыс көрігін қыздырып жүрген іскер жандар аз емес. Елдің еңсесін көтеріп, тұрмысының түзеле түсуіне олар айтарлықтай үлес қосуда. Қазір егіні жайқалып, қыр төсінде малы қайта мыңғыра бастаған ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайының оң сипат алуына да ықпал етіп отырған солар. Соның арқасында ауылдың екінші тынысы ашылғандай болып, …

ЖАЯБАЙДАЙ ЖАНАШЫРЫ БАР Шөптікөл ауылының абыройы арта түспек Read More »

“ҚАҒАЗ ҚАЛДЫҒЫН ЖИНАУ ІСІ – табыс көзі әрі табиғатқа жанашырлық”

Табиғи ресурстарды сақтау, экономиканы дамытуға ықпал жасау, адамдардың табиғатқа жанашырлығын жетілдіру сияқты қоғамдық мәселелер бойынша өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау қажеттігі талап етіліп, оның төңірегінде бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Осы бағытты жүзеге асыруға қол ұшын беріп жүргендердің қатарында жерлесіміз Қайыржан Айсин де бар. Өзінің жеке кәсіпкерлігін ашып, қағаз қалдықтарын жинаумен айналысып жүрген жерлесімізге жолығып, әңгіме …

“ҚАҒАЗ ҚАЛДЫҒЫН ЖИНАУ ІСІ – табыс көзі әрі табиғатқа жанашырлық” Read More »

ЖАСАНДЫ СҰЛУЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҚПАСЫН

Заманның өзгеріп, техниканың қарыштап дамып жатқан кезінде дүкендегі тамақтан бастап, ішетін су, киетін киімнің сапасынан күдіктенетін болдық. Қоспасы жоқ табиғи өнімдерді пайдаланып, фасфудтар мен гендік модификацияланған өнімдерден аулақ болуға тырысатынымыз да ешкімге жасырын емес. Алайда, әйел заты өзіне қатысты ақиқатты мойындағысы келмейді: нағыз сұлулық – табиғи сұлулық. Әйткенмен, әлемдік нарықта жасанды сұлулыққа жұмсалатын қаражатта есеп …

ЖАСАНДЫ СҰЛУЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҚПАСЫН Read More »

ОЙНАҚТАП ЖҮРІП, ОТ БАСПАҢДАР немесе ерте жүктілік жайында

Жұмыстан кейін Қазақстан Конституциясы көшесімен үйге қайтып бара жатып, сәл аяғымды бүкпек болып, көше бойындағы орындыққа отырдым. Бірер уақыттан кейін құлағыма нәрестенің шырылдаған дауысы естілді. Жан-жағыма жалтақтай қарап, көпқабатты үйдің бұрышынан бері қарай арба сүйреткен жасөспірімді көзім шалды. “Анасы оған бауырын тастап, жақын маңдағы дүкендердің біріне кеткен ғой”, – деп іштей жорамал жасадым да, жайбарақат …

ОЙНАҚТАП ЖҮРІП, ОТ БАСПАҢДАР немесе ерте жүктілік жайында Read More »

XVII-XVIII ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ

XVII ғасырдың басында ішкі тартыстар нәтижесінде Қазақ хандығы әлсіреді. Тәуекелдің інісі Есім ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан әрі құлдырауына кедергі болды. Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа қарамастан, Есім хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарды. “Есімханның ескі жолы” атты заң дүниеге келді. Көрші мемлекеттермен шайқастарда жетістіктерге қол жеткізілді. Ойрат …

XVII-XVIII ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ Read More »

БІЗДІҢ ДЕ “ҚЫЗЫЛЖАРЫМЫЗ” БАР

Көз жанарынан айрылған мүгедек адамдардың бос уақытын ұйымдастыру жобасының аясында Петропавл қаласының Ішкі саясат бөлімінің қаржыландыруымен “Қазақ зағиптар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің “Қызылжар” корпоративтік қоры “Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!” республикалық байқауының іріктеу кезеңіне қатысты. Бұл шара Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өтті.  Светлана БУСЫГИНА,   “Қазақ зағиптар қоғамы” қоғамдық бірлестігі “Қызылжар” корпоративтік қорының президенті. Біздің …

БІЗДІҢ ДЕ “ҚЫЗЫЛЖАРЫМЫЗ” БАР Read More »

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ҚАРЖЫ ПОЛИЦЕЙІ БОЙЖЕТКЕНГЕ ӘКЕСІН ТАБУҒА КӨМЕКТЕСТІ

Солтүстік Қазақстан облысының Қаржы полициясы департаментінің қызметкері Дмитрий Ли “Жди меня” танымал телехабарында қыз балаға өз әкесін табуға көмектесті. “Жақында маған “Жди меня” бағдарламасынан телефон соғып, менің ата-анамды достары көп жылдардан бері іздеп жүргендігін айтты. Әңгіме барысында олар іздеуде жүрген адамдарды біздің өңірден қарап көруді ұсынды. Әрине, мен жалғыз іздеген жоқпын, маған достарым мен әріптестерім …

ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚ ҚАРЖЫ ПОЛИЦЕЙІ БОЙЖЕТКЕНГЕ ӘКЕСІН ТАБУҒА КӨМЕКТЕСТІ Read More »

“СУЮНБИКЕ” ОТАНДЫ СҮЮГЕ БАУЛИДЫ

Айыртау ауданының Имантау ауылында “Панацея” үкіметтік емес ұйымы жұмыс істейді. Мұнда 1991 жылы татар қоғамдық бірлестігі құрылғанымен, 1997 жылы жұмысы тоқтаған. Тек 2006 жылы жұмысы қайта жанданған үкіметтік емес ұйымның жанынан “Суюнбике” татар жастар клубы құрылыпты.  Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Клубтың бұлай аталуының өзіндік мәні бар. Татар жастары клубының жетекшісі Раиса Ашированың айтуынша, бұл жерге …

“СУЮНБИКЕ” ОТАНДЫ СҮЮГЕ БАУЛИДЫ Read More »

ОБЛЫСТЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ ҚАҢТАР-ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі 4,5%-ға, ауыл шаруашылығы – 11%-ға, бөлшек сауда 30,1%-ға өсті. 2013 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындарын, үй шаруашылығы секторын қоса) қолданыстағы бағамен 107,3 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 75,7% алатын өңдеу өнеркәсібінде 81,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 5,5% артық.

ЖЫЛУ мен ЖАРЫҚҚА ЗӘРУ БОЛМАЙМЫЗ Жылыту маусымында жаңа агрегаттар іске қосылмақ

Облыс орталығының “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ-ның 2-ші ЖЭО-ы кезекті жылыту маусымына жан-жақты барлық дайындық жасады. Жөндеу науқанында бірінші кезекте негізгі және қосалқы жабдықтың, ашық тарату қондырғылары мен кабель шаруашылығы жұмысының сенімділігін арттыру, сондай-ақ отын-энергетикалық шығындарды кеміту жүзеге асырылды. Жаңа жылыту маусымының қарсаңында ЖЭО-дағы жұмыс істеп тұрған барлық қазандықтар мен турбиналар жөндеуден өтті. Сонымен қатар, станциядағы жаңа жабдықтар …

ЖЫЛУ мен ЖАРЫҚҚА ЗӘРУ БОЛМАЙМЫЗ Жылыту маусымында жаңа агрегаттар іске қосылмақ Read More »

ӘТТЕҢ, ЖАҢБЫР, ӘЙТПЕСЕ СӨРЕ ЖАҚЫН

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша дәнді дақылдар жинауда соңғы екі күнде айтарлықтай өзгерістер жоқ. 12 қазанға дейін өңір егіншілері 9487,8 мың гектардың егінін бастырып, астықты алқаптардың 97,6 пайызын жинады. Орылған астық 5113,1 мың тоннаны құрайды. Орташа танап берекелілігі бұрынғы 14,7 центнер деңгейінде қалып отыр. Былтырғы жылы бұл кезде гектар шығымдылығы 13,0 центнерден айналған …

ӘТТЕҢ, ЖАҢБЫР, ӘЙТПЕСЕ СӨРЕ ЖАҚЫН Read More »

СПОРТ САРАЙЫНЫҢ НОБАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кеше өңір жетекшісі Самат Ескендіровтің төрағалығымен облыстық әкімдік жанындағы қала құрылысы кеңесі Петропавлда салынатын Спорт сарайының жобасын және Жамбыл ауданының орталығы – Пресновка ауылының құрылысы жоспарын талқылады.  Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс орталығына салынуы тиіс А. Винокуров атындағы Спорт сарайын жобалаушы бас мердігер – “ППК” жобалау-құрылыс компаниясы” ЖШС-нің директоры Анатолий Кочетов кеңес мүшелерін алғашқы үлгімен …

СПОРТ САРАЙЫНЫҢ НОБАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ Read More »

БАРША МҰСЫЛМАННЫҢ БАСТЫ МЕЙРАМЫ

Болат ҚОЖАХМЕТОВ, “Солтүстік Қазақстан”. “Тілде бар да, дінде жоқ” деген ащы да болса, ақиқат нақылды өзге емес, өзі айтқан халқымыздың шариғатқа шорқақтау екендігі құпия емес. Мәселен, Құрбан айтқа қатысты аңыздай болып бағаланатын Ибраһим пайғамбар: “Алланың берген жаны – Аллаға аманат” деп түсінде көргенін өңінде орындауға бекініп, қартайған шағында көрген жалғыз ұлы – Исмаилды құрбандыққа шалудан …

БАРША МҰСЫЛМАННЫҢ БАСТЫ МЕЙРАМЫ Read More »

ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

15 қазанда Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Әзірет Сұлтан” мешітінде болып, қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев осынау ерекше мейрамды бүкіл мұсылман әлемі атап өтіп жатқанын айтты. – Бүгін барлық мұсылман үшін маңызды күн – Құрбан айт мерекесі. Қазақстанда біз бұл күнді өзге де діни сенімдегілердің мерекесі тәрізді атап өтеміз. Халықтың бірлігінің, Отанға деген …

ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Read More »

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖЕҢІСІ мен ЖЕМІСІ Қазақстан спортын өркендетуге жол ашты

 Өзіме ұнаған көптеген деректерді кезінде “Түбінде бір кәдеме жарар” деген оймен қойындәптерлеріме, қағаз беттеріне жазып қоятын әдетім бар. Осы ретте әлгі деректеріме көз сала отырып, спорт төңірегінде ақиқатқа айнытпай көз жеткізетін жағдайлардың барын айтқым келді. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Оған мына төмендегі оқиғалар да ойтүрткі болды. Мысалы, еліміз егемендік алғаннан кейін, 1992 жылы Барселонадағы Олимпиада …

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЖЕҢІСІ мен ЖЕМІСІ Қазақстан спортын өркендетуге жол ашты Read More »

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ – ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ КӘСІП

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері егемен еліміздің әскери доктринасына сәйкес жылдан-жылға дами түсуде. Соған орай алға қойылған міндетті шараларды тұрақты түрде жүзеге асыру мақсатында айбынды Қарулы Күштеріміз жаңаша бағыт ұстанып, армиямызды жеке құраммен жинақтауда кезең-кезеңмен келісімшарт-кәсіби жүйеге көшуге кіріседі. Владимир ТИТОВИЧ, “Қарулы Күштер ардагерлері” республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық кеңесінің мүшесі, запастағы подполковник. Республика Президенті, Қарулы Күштеріміздің …

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ – ҚЫЗЫҒАРЛЫҚ КӘСІП Read More »