«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“СМАЙЛИКТІҢ” ТУҒАН КҮНІ ҚҰРМЕТІНЕ

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. 19 қыркүйек – “смайликтің” туған күні. Соған орай “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры бұл күнді Сәбилер үйі мен отбасылық үлгідегі балалар ауылында өткізді.   Алдымен сәбилерге қонақ болып барып қайтқан қор Сәбилер үйіндегі нәрестелер мен бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күйін сыйлау үшін шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Онда сәбилерге арнап “Теремок” ертегісінің театрландырылған қойылымы …

“СМАЙЛИКТІҢ” ТУҒАН КҮНІ ҚҰРМЕТІНЕ Read More »

ІІІ ЕУРАЗИЯ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНА 14 жерлесіміз қатысуда

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. 2007 жылы Еуразия экономикалық қоғамдастығының ұйғарымымен Беларусьте тұңғыш рет осы ұйымға мүше елдердің жасөспірімдерінің спорт ойындары ұйымдастырылған еді. Үш жылдан соң жасөспірім спортшыларды Ресейдің Қазан қаласы қабылдаған. Биыл Ресей, Беларусь, Қырығызстан, Тәжікстан және Қазақстан елдерінің бір мыңға тарта жасөспірім спортшылары он үш түр бойынша шеберлік салыстыру үшін Алматыға тоғысып, оңтүстік астанамыздағы …

ІІІ ЕУРАЗИЯ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНА 14 жерлесіміз қатысуда Read More »

“САҒЫНДЫРҒАН АУЫЛЫМ” өлке тарихынан сыр шертеді

Тағы бір кітап оқырманға жол тартты. Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Амандық Жантеміровтің “Сағындырған ауылым” кітабы автордың осы күнге дейін жарық көрген “Атақоныс-Ақтомпақ”, “Қызылжар өңірінің өшпес шежіресі”, “Жеті атаңды білесің бе?” деп аталатын еңбектерінің жалғасы іспеттес. 7 бөлімнен тұратын “Сағындырған ауылым” кітабын автор туған ауылы – Жамбыл ауданындағы Қарақамыс туралы ой толғаумен бастап, ата-бабалары жайлы …

“САҒЫНДЫРҒАН АУЫЛЫМ” өлке тарихынан сыр шертеді Read More »

СУРЕТ САЛУДЫ ҰНАТАТЫН ҰЛАНДАРДЫ сайысқа қатысуға шақырамыз

Өз ойларын, арман-тілектерін қағаз бетіне түрлі-түсті бояулармен салуды ұнататын ұл-қыздар үшін “Солтүстік Қазақстан” газеті мен Вееline Қазақстан бірлесе байқау ұйымдастыруда. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған байқауға Отан, туған жер, ел, бейбітшілік, бірлік тақырыбында салған суреттеріңізді жолдаңыздар. Байқауға мектеп жасындағы балалар қатыса алады. Сайыс жеңімпаздары сыйлықтармен марапатталады.

ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында, ұлттық валютаның енгізілуінің 20 жылдығына байланысты, Ұлттық банктің Солтүстік Қазақстан филиалы ұлттық валюта – теңге туралы үздік шығармаға конкурс өткізеді. Конкурсқа қатысу шарттары мен өткізу тәртібі. Конкурс қатысушылардың екі тобы бойынша өткізіледі: – жалпы білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары; – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінің …

ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ Read More »

ЕГІН ОРАҒЫН 1 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН АЯҚТАУ – бүгінгі таңдағы басты міндет

Дүйсенбі күні облыс әкімі Самат Ескендіров орақ науқанында қалыптасқан жағдайға байланысты селекторлық кеңес өткізіп, қарқынды еселей түсу, жиын-терімді 1 қазанға дейін аяқтау мін-детін қойды. Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Кеңесте облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серікбай Тұралинов орақ науқанының барысына талдау жасады. Оның айтуынша, соңғы 15 күнде бір айлық нормадан артық ылғал түсіп, астық жинау қарқынына …

ЕГІН ОРАҒЫН 1 ҚАЗАНҒА ДЕЙІН АЯҚТАУ – бүгінгі таңдағы басты міндет Read More »

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Бесінші шақырылымдағы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың кезектен тыс жиырмасыншы сессиясы 2013 жылғы 24 қыркүйекте сағат 10.00-де облыстық мәслихаттың кіші залында өтеді. Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 38. Депутаттар жиналысының қарауына келесі негізгі мәселе ұсынылады: “2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №10/1 шешіміне …

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ДИҚАНДАРЫ қарқынды еңбек етуде

Аманжол НҰРТАЗИН,журналист. Облыс бойынша Қызылжар ауданы егін оруда қарқындылығы мен өнімділігі жағынан алда келеді. Мұнда гектар берекелігі орта есеппен 15 центнерден айналуда. Облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс қызған алқаптардың басында болып, қызылжарлық диқандармен кездесті.   Қызылжар ауданындағы “СБИ-Агро-Ташкентка” серіктестігі 12 мың гектар алқабының 8 мыңына – рапс, 4 мыңына бидай сепкен екен. Маңызды науқанда аталмыш …

ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫНЫҢ ДИҚАНДАРЫ қарқынды еңбек етуде Read More »

ЕГІННІҢ ЖАРТЫСЫНАН АСТАМЫ ЖИНАП АЛЫНДЫ

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша 18 қыркүйекке дейін облыста дәнді дақылдардың 2317,6 мың гектары немесе 64,9 пайызы дестеге түсірілді. Бастырылғаны – 1863,6 мың гектар немесе 52,2 пайызды құрайды. Науқан басынан бері 2514,4 мың тонна жаңа орақтың астығы жиналды. Облыс бойынша орташа гектар шығымдылығы 13,5 центнерден айналуда. Өткен жылы дәл осы кезеңде орташа танап …

ЕГІННІҢ ЖАРТЫСЫНАН АСТАМЫ ЖИНАП АЛЫНДЫ Read More »

ҚОҢЫР БҰЛТ ҚОЮЛАНЫП БАРАДЫ Ендеше асыққан абзал

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Қоюлана түскен қоңыр бұлттар қамшысын үйіретін күз бұл. Сондықтан асықпаса болмайды, бір жауса, апталап жауатын күзгі жауын-шашынға іліктірмей, танаптағы ырыс дәнін жинап алу диқан қауымның басты мақсатына айналған. Осыны жақсы түсінетін Қызылжар ауданындағы “Ер-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Анатолий Шушамоин бүгінде шаруашылықтың барлық техника күшін астық бастыру жұмыстарына жұмылдырған. Оны дестедегі …

ҚОҢЫР БҰЛТ ҚОЮЛАНЫП БАРАДЫ Ендеше асыққан абзал Read More »

“БАЯНТАЙДЫҢ” БЕРЕКЕЛІ АСТЫҒЫ

Айыртау аудандық мәслихаттың депутаты Сырымбет Есенғалиев басқаратын “Баянтай” ЖШС орақ науқанын қыздыра түсті. Серіктестік биыл 8700 гектар алқапқа дәнді дақылдар, 500 гектарға майлы дақылдар өсірген. Өнімді ысырапсыз жинап алу мақсатында бүгінде 15 комбайн мен тіркемелі 6 “КамАЗ” автокөлігі жұмылдырылған. Орташа түсім әзірге гектарынан 15-16 центнерден айналуда. Бағлан ҚОЖАҚОВ. – Диқандардың қимылы ширақ, – дейді серіктестіктің …

“БАЯНТАЙДЫҢ” БЕРЕКЕЛІ АСТЫҒЫ Read More »

МҮГЕДЕК КӘСІПКЕРЛЕРДІ “DELTA BANK” ҚОЛДАУДА

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” мен “Delta Bank” акционерлік қоғамдары бірлесе отырып, “Даму-Көмек” бағдарламасы шеңберінде мүгедек кәсіпкерлерді қолдау бағытында республикалық акция өткізуде. Қаржы институты жалпы құны 1 миллион теңгеге бағаланатын құрал-жабдықтарды сатып алып, оларды салтанатты түрде мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге табыс етуде. Бұл мүгедек жандарға жеке бизнестерін ашуға немесе бар бизнесін кеңейтуге үлкен …

МҮГЕДЕК КӘСІПКЕРЛЕРДІ “DELTA BANK” ҚОЛДАУДА Read More »

САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРА ТҮСКЕН СЕМИНАР

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның өңірлік филиалы мемлекеттік тапсырыстар және регламенттік сатып алуға қатысатын бизнесмендерге арналған семинар-тренинг өткізді. Биылғы жылдан бастап мемлекеттік мекемелер байқауды электрондық жүйеде ұйымдастыратындықтан, кәсіпкерлерге де жаңаша жұмыс істеу жүктеледі. Сондықтан ынталы кәсіпкерлер тендерге қатысты құжаттарды жаңаша толтыру үшін аталмыш семинарға қатысып, өздеріне көп мағлұмат алды. – Мұндай семинардың бізге үлкен көмегі …

САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРА ТҮСКЕН СЕМИНАР Read More »

ӨЗ ӨНІМІМІЗДІ ӨТКІЗСЕК, ҰТАМЫЗ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов бір топ тауар өндірушілер мен ірі сауда орындарының өкілдерін жинап, кеңес өткізді. Онда жергілікті азық-түлік тауарларын өндірушілердің өнімдерінің сатылу көрсеткіштерінің төмендеп кеткендігі сөз болып, осыған байланысты отандық өнімдердің сатылымын арттыру мәселесі төңірегінде әңгіме өрбітті. Жергілікті азық-түлік өнімдерін өндірушілер 2012 жылы тауарларын сатудан 53 миллиард теңге табыс …

ӨЗ ӨНІМІМІЗДІ ӨТКІЗСЕК, ҰТАМЫЗ Read More »

ТӨРТ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ТІРКЕУДЕН ӨТТІ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов өңіріміздің кәсіпкерлерімен және қоғамдық бірлестіктерімен кездесіп, төрт қоғамдық ұйымға тіркеуден өткендігі туралы куәлік тапсырды. Кәсіпкерлердің мүддесін қорғау, олардың істерін алға бастыру мақсатында облысымызда қоғамдық бірлестіктер жүйесі дамып келеді. Тіркеуден өткен қоғамдық ұйымдар облыс әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңесіне мүше бола отырып, кәсіпкерлік қызметті реттейтін …

ТӨРТ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ ТІРКЕУДЕН ӨТТІ Read More »

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТРЕНИНГ ТАҚЫРЫБЫ

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ мәжіліс залында психологиялық қызмет бөлімі басқарма аппараты қызметкерлері мен 1-ші өрт сөндіру бөлімі жеке құрамының қатысуымен “Отбасылық құндылықтар” атты тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – отбасының маңыздылығын, оның құндылықтар сатысындағы орнын, ер адам мен әйел адамның арасындағы қатынасты, отбасындағы міндеттерді көрсету және махаббат туралы …

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТРЕНИНГ ТАҚЫРЫБЫ Read More »

БАЛАЛАР БІР МӘЗ БОЛДЫ

Гүлнәр ШАЙМЕРДЕНОВА, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған Соколовка мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Қызылжар ауданының Соколовка ауылындағы түзету мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері мен ұжымның қызметкерлері бірлесіп “Саламаттылық – Табыстылық – Қажеттілік” тақырыбында шара өткізді. Отбасы күніне орайластырыла өткізілген спорттық шарада әр бала өз мүмкіндіктерін кеңінен көрсете алды.   Бір отбасының балаларындай болып кеткен мектеп-интернат тәрбиеленушілерімен өткізілген …

БАЛАЛАР БІР МӘЗ БОЛДЫ Read More »

ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДЫ ТАҢДАҢЫЗ

Қазақстан Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу шеңберінде үстіміздегі жылғы 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығындағы кезеңде еліміздің әрбір азаматы емхананы (дәрігерлік амбулаторияны) немесе дәрігерді өз еркімен таңдауға құқылы.  Алғашқы медициналық-санитарлық көмек емханаға тіркелген жағдайда ғана көрсетіледі. Азамат емхана мен дәрігерлік амбулаторийге тұрғылықты немесе уақытша мекенжай, жұмыс, оқу орны бойынша тіркеле алады. Медициналық ұйымға …

ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДЫ ТАҢДАҢЫЗ Read More »

ҚУАТ және РЕСУРС ҮНЕМДЕУ – өнеркәсіптегі өзекті мәселе

Александр ИВАНИЩЕВ, облыстық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының міндетін атқарушы. Қуат тиімділігі әлемнің жетекші елдерінде экономиканы дамытудың өзегі болып табылады. Оның шығынын азайту біздің еліміз үшін ерекше маңызды. Сондықтан Елбасы индустриялық-инновациялық даму аясында еліміздің ішкі жалпы өнімінің қуат жұмсауын 2015 жылға қарай кемінде 10 пайызға және 2020 жылға қарай 25 пайызға азайту міндетін қойды. Бұл …

ҚУАТ және РЕСУРС ҮНЕМДЕУ – өнеркәсіптегі өзекті мәселе Read More »

ДАМУШЫ ЕЛДЕР ӘЛІ ДЕ ӘЛСІЗ

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ) сарапшылары өздерінің жаңа баяндамасында дамушы елдер экономикасының әлсіздігіне назар аударды. Олардың пікірі бойынша, қаржылық билік тұтқасындағылар ұлттық валюталарды тым әуре-сарсаңға түсірмеу үшін валюталық интервенциялар жүргізуге дайын болуы тиіс. “Рейтер” агенттігі хабарлағанындай, ХВҚ Санкт-Петербургте өткен “Үлкен жиырмалықтың” саммитіне әлемдік экономикадағы ағымдық үрдістер жөніндегі баяндамасымен барды. Дамушы елдердің экономикалық …

ДАМУШЫ ЕЛДЕР ӘЛІ ДЕ ӘЛСІЗ Read More »