XV ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
ХV ғасырда бүгінгі Қазақстан аумағында Шыңғысхан ұрпақтарының – Орда, Шибан және Тоқай-Темір әулеттері арасында күрес жүріп жатты. Жошының бесінші ұлы Шибан ұрпақтары үшін бұл күрес неғұрлым табысты болды. Шибан әулетінің өкілі Әбілқайыр 1428 жылы жаңа саяси құрылымның билеушісі болып жарияланды, бұл мемлекет тарихи әдебиетте хандықтың негізін салушының есімімен “Әбілхайыр хандығы” немесе “Көшпелі өзбектер мемлекеті” деген …