«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

НАР ЖҮГІН КӨТЕРГЕН НӘЗІК ЖАН

Күлбаян ВАЛЕЕВА,Уәлиханов аудандық мәслихаттың бас маманы. Күләш Егімбаева – кітапхана ісінің білгір маманы, белсенді ұстанымдағы азамат, асыл ана. Күні кеше құлын-тайдай тебісіп ойнаған құрбыларымен бірге асқақ арман арқалап, Күләш Нағымжанқызы да білім жолын қуып, қалаға аттанды. 1982 жылы Көкшетау мәдени-ағарту училищесін “Кітапхана ісі” мамандығы бойынша тамамдаған ол өзі таңдаған мамандығы бойынша жоғары білім алу үшін …

НАР ЖҮГІН КӨТЕРГЕН НӘЗІК ЖАН Read More »

ӨЗ ЕҢБЕГІМЕН ӨСКЕН БАСШЫ

Николай ДЯТЛОВ, Шал ақын аудандық мәслихаттың хатшысы. Кейбір адамдар туралы: “Ол халық арасынан шықты, бәріне өз еңбегімен қол жеткізді, қатардағы жұмысшы болып бастады да, кәсіпорын басшысына дейін өсті”, – деп жатады. Мұндай басшылар қоғамда әрдайым сыйлы. Аудандағы телекоммуникация торабының бастығы Виктор Федоров та адамдардың осы санатына жатады. Ол – Марьевка ауылының тумасы. Виктордың балалық, жастық …

ӨЗ ЕҢБЕГІМЕН ӨСКЕН БАСШЫ Read More »

“БАУЫРЛАРЫМ ҮШІН!..” ДЕП БАСТАҒАН ІСІ береке арнасына айналды

Кәкім Сақтановтың мақсаты – бауырларын да, өз балаларын да еңбекқорлыққа баулу. Ерінуді білмейтін ол ауыл шаруашылығы құрылымының әр саласынан табыс табуға тырысады. Жылда құстың балапандарын сатып алып, оны жазғы демалысқа келген балаларына бақтырады. Ондағы ойы – ұрпағына нанның маңдай термен табылатынын ұғындыру. Биыл алған 300 балапан – күзде балаларына азық, сондай-ақ еңбеккерлер үшін тамақ мәзірі. …

“БАУЫРЛАРЫМ ҮШІН!..” ДЕП БАСТАҒАН ІСІ береке арнасына айналды Read More »

ЛАНЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕҢІЛ ЕМЕС

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. “Қызылжар су” ЖШС-і қаланы сумен жабдықтаудың және оны жеткізудің өткір тұрған мәселелеріне арналған баспасөз турын өткізді.   Қазір қаладағы сумен жабдықтау және оны жеткізу жүйесінің жағдайы туралы сөз етер болсақ, онда коммуналдық саладағы қызмет көрсетушілер мен тұтынушылар үшін шешімі қиын түйінді мәселе кәсіпорындағы инфрақұрылымдардың ескіруіне байланысты көрсетілетін қызмет сапасының төмендеп бара …

ЛАНЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖЕҢІЛ ЕМЕС Read More »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ӨТІНІШІ ОҢАЙ ОРЫНДАЛАДЫ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Күзгі орақ науқанындағы жауын-шашынға қарамастан, қазір солтүстік өңірлерде егін жинау жұмыстары қыза түскен. Жиын-терімге жұмылған ірілі-ұсақты шаруашылықтардың мақсаты ортақ, ол алқаптағы бидайды ысырапсыз жинап алу. Осындай тынымсыз тірлікте жүргендердің бірі – “Башлам – терек” ЖШС-і. 2005 жылы облыстағы Аққайың ауданында құрылған “Аққайың” несие серіктестігіне алғашқылардың бірі болып, мүшелікке өткен шағын шаруашылық …

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ ӨТІНІШІ ОҢАЙ ОРЫНДАЛАДЫ Read More »

МАМЛЮТТІКТЕР мен АҚҚАЙЫҢДЫҚТАР өзгелерге үлгі көрсетуде

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Бүгінгі таңда өңірде дәнді дақылдарды оруға 2463 комбайн және 807 тіркемелі жатка тартылса, астық бастыруда 5634 комбайн жұмыс істеуде. Бір аптадан бері орныққан қолайлы ауа райын барынша тиімді пайдалануға тырысқан облыс диқандары серпінді қимыл танытуда. Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының жедел деректері бойынша осы аптаның басына дейін дәнді дақылдардың 2071,0 мың гектары …

МАМЛЮТТІКТЕР мен АҚҚАЙЫҢДЫҚТАР өзгелерге үлгі көрсетуде Read More »

“АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ” АҚ облыстың 291 жобасына көмек көрсетті

“ҚазАгро” Ұлттық басқару холдингінің еншілес кәсіпорны – Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ басқармасының төрағасы Нармұхан Сарыбаев Қызылжар өңірінде болып, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының екінші бағыты бойынша берілген микрокредиттерді игеру барысымен танысты. Айдар ТӨЛЕЕВ, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ ОФ-нің бас кредит менеджері. Аталмыш микрокредит жұмыссыздарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, аз қамтылған отбасыларға, …

“АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ” АҚ облыстың 291 жобасына көмек көрсетті Read More »

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Жыл сайын 1 қазаннан 1 қарашаға дейін өткізілетін қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы облысымызда дәстүрге айналған. Осы кезеңде зейнеткерлер мен мүгедектердің көптеген әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері шешіледі, мұның өзі қысқы маусым қарсаңында ерекше маңызды. Облыста зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы ашатын Қарттар күнін өткізуге дайындық жұмысы қазірдің өзінде өрістей түсті. 2013 жылғы 21 …

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ Read More »

ҚАРҚЫНДЫ ҮДЕТЕР ШАҚ ТУДЫ

Сенбі күні Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Аққайың және Тайынша аудандарында болып, егін орағының барысымен танысты. Бүгінгі таңда өңірдегі “сары алтынның” 30 пайызы соғылып, 50 пайызға жуығы дестеге түсірілген. Диқандар егін жинауды алдағы 15 күннің ішінде аяқтауды жоспарлап отыр. Назерке ТҰРСЫНОВА, журналист. “Астраханское” ЖШС-і егін оруды тамыз айының аяғында бастапты. Биыл 1200 гектар алқабын парға қалдырған …

ҚАРҚЫНДЫ ҮДЕТЕР ШАҚ ТУДЫ Read More »

МYГЕДЕКТЕРГЕ ЖАНДАРЫ АШИТЫНДАР пандус орнатуды ұмытпайды

“АРДОС – Жүрек” мүгедектер бірлестігі” заңды тұлғалар бірлестігі “СҚО белсенді жастары” қоғамдық бірлестігімен бірлесе отыра Сорос – Қазақстан қорының қолдауымен “2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын сақтау бойынша іс-шаралардың алғашқы кезеңінің жоспарына мониторинг жасау және нәтижесін талқылау” тақырыбында “дөңгелек үстел” өткізді.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Мүгедек жандардың мәселелері мен мұқтаждықтарын анықтау …

МYГЕДЕКТЕРГЕ ЖАНДАРЫ АШИТЫНДАР пандус орнатуды ұмытпайды Read More »

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА – 30 ЖЫЛ

Осы мерейтойға орай ауруханада “Педиатрия және балалар хирургиясының өзекті мәселелері” тақырыбында өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Астана, Алматы, Қостанай, Омбы қалалары мен аудан орталықтарынан келген ақ халаттылар қатысты.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. – Республикадағы бала туу бойынша біздің облыстың көрсеткіші төмен болғанымен, өлім-жітім үстіміздегі жылдың 8 айдың өзінде 10,2 пайызға төмендеді, – деді конференцияда …

ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА – 30 ЖЫЛ Read More »

ОҢАЛТУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР САТЫП АЛЫНДЫ

Петропавлдағы №1 қалалық ауруханаға “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасына сәйкес “Нұр Отан” ХДП-ның қолдауымен физиотерапиялық жабдықтар сатып алу үшін 24 млн.-нан астам теңге бөлінді. Аурухананың бас дәрігері Галина Маметова айтқанындай, облыс әкімі Самат Ескендіровтің шешімімен науқастарға медициналық көмек көрсетуге 15 бірлік сауықтыру жабдығы және санитарлық автокөлік алу үшін 24 млн. теңгеден астам қаражат бөлінген.   Оңалту …

ОҢАЛТУҒА АРНАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР САТЫП АЛЫНДЫ Read More »

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТІНЕН ЕМДЕЛГІСІ КЕЛМЕЙТІНДЕР жұртқа қауіп төндіріп жүр

Өңіріміздегі қылмыстық-атқару жүйесінің туберкулезге қарсы мекемелерінде бұл дертке шалдыққан жазасын өтеушілер саны азайып келе жатса да, олардың түрмеден шыққан соң, емдеуден бас тартуы әлі де өзекті мәселеге айналып отыр. Қазіргі таңда сотталғандардың ішінде 117 адам Саумалкөлдегі туберкулезге қарсы емдеу мекемесінде емделіп жүрсе, бостандыққа шыққан 13 науқастың ішінде 6-уы қауіпті дерттен құлан-таза жазылып, өзгелері емін жалғастыру …

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТІНЕН ЕМДЕЛГІСІ КЕЛМЕЙТІНДЕР жұртқа қауіп төндіріп жүр Read More »

ОБЛЫСТАҒЫ КӨТЕРМЕ САУДА

2012 жылы көтерме сауда көлемі 9,3%-ға өсті.2012 жылғы көтерме сауда көлемі 253,7 млрд. теңгені құрады. Көтерме сауданың барынша жоғары көлемі – 91,5% немесе 232,2 млрд. теңге Петропавл қаласының кәсіпорындарына тиесілі.Көтерме тауарайналым құрылымында негізгі үлесті бензин (25,8%) саудасы, өзге де сұйық және газ тәрізді отын және осы сияқты өнімдер (13,8), астық (12), өзге құрылыс материалдары (4,9), …

ОБЛЫСТАҒЫ КӨТЕРМЕ САУДА Read More »

ҚАЛАНЫ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Аслан САТИН, “Қызылжар су” ЖШС-нің бас директоры. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту осызаманғы ел экономикасын дамытудың стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады. 1996 жылы басталған тұрғын үй-коммуналдық саладағы жүйелі жаңғыртулар ондағы бәсекелестік ортаны құруды, кезең-кезеңімен шығындарын жабатын деңгейге дейін коммуналдық кәсіпорын қызметтерінің тарифтеріне көшуді қамтамасыз етті. Сонымен бірге табиғи монополист кәсіпорындардың қызметтеріне мемлекеттік реттеу және жергілікті …

ҚАЛАНЫ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ Read More »

НАУҚАНДЫ 15-20 КҮНДЕ АЯҚТАУ ҚАЖЕТ

Облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Шал ақын, Тимирязев және Есіл аудандарында болды. Диқандармен кездескен өңір басшысы күзгі жиын-терімді 15-20 күнде аяқтау міндетін қойды. Самат ЕСМАҒИ,   журналист. Облыс әкімі алдымен Шал ақын ауданының Жаңажол ауылдық округінде орналасқан “Азко-Жаңажол” серіктестігінің танап басына ат басын тіреді. Ондағы жер телімі – 4,5 мың гектар. Диқандар жалпы алқаптың …

НАУҚАНДЫ 15-20 КҮНДЕ АЯҚТАУ ҚАЖЕТ Read More »

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Кеше облыс әкімі Самат Ескендіровтің қатысуымен Қазақстан халқы тілдерінің XV облыстық фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында болған шарада мемлекеттік тілдің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар марапатталды. Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Салтанатты шарада сөз алған облыс әкімі Самат Ескендіров: – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы …

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ Read More »

«2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Бесінші шақырылымның ХIХ сессиясы)

Петропавл қаласы 2013 жылғы 29 тамыз №19/1 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 және 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ: 1. «2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік …

«2013-2015 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Бесінші шақырылымның ХIХ сессиясы) Read More »

БОЗҚЫРАУ ТҮСУІ ЫҚТИМАЛ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!Гидрометеорология орталығының де-регі бойынша15-17 қыркүйекте түнде об-лыс аумағының кей жерлерінде 0-3 гра-дус суық болады деп күтілуде.Соған орай ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті қа-лыпты өмір сүру қызметін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын алу үшін қажетті шаралар қолдануды ұсы-нады. СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.

ӘЙЕЛДІ ҚАҒЫП КЕТІП, ІЗІН ЖАСЫРҒАН жүргізуші қолға түсті

Петропавлда көлік жүргізушісі жүргіншіні соғып, оқиға орнынан қашып кетті. Қазір жарақат алған 55 жастағы әйел ауруханада жатыр. Ал, жол апаты болған жерден жасырынған жүргізушіні жол полицейлері ізін суытпай қолға түсірді. Жол апаты Петропавл қаласында таңғы сағат 8.30-да орын алған. “Митсубиси” маркалы көліктің иесі Чайковский-Тоқсан би көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның белгісіне бұрылмақшы болған. Сол сәтте жолдан өтіп …

ӘЙЕЛДІ ҚАҒЫП КЕТІП, ІЗІН ЖАСЫРҒАН жүргізуші қолға түсті Read More »