«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

8 қыркүйек – Отбасы күні

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Тамаша да нұрлы мереке – Отбасы күні құтты болсын! Үстіміздегі жылы еліміздің Президенті жаңа мереке – Отбасы күнін белгіледі. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ұзақмерзімді “Қазақстан – 2050” Стратегиясында ана мен баланы қорғауды “жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі” деп жариялады. Отбасы, сүйіспеншілік және адалдық – адамның өмірін ерекше мағыналы ететін, жүректерімізде қамқорлық пен …

8 қыркүйек – Отбасы күні Read More »

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫҚ

Қазақстан әлемдік экономиканың бәсекеге қабілеттілік рейтингінде өз позициясын жақсартты, сөйтіп 51-ші орыннан 50-ші орынға көтерілді. “Елдің артықшылығы – оралымды және тиімді еңбек рыногында (15-ші орын) және тұрақты макроэкономикалық көрсеткіште (23-ші орын)”, – делінген Дүниежүзілік экономикалық форумның есебінде. Сарапшылар Қазақстанның проблемалық салаларына денсаулық сақтау мен бастауыш білімді (97-ші орын), бизнесті дамытуды (94-ші орын) және инновацияны (84-ші …

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ 50 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫҚ Read More »

ТАРИФТІК САЯСАТТЫҢ АШЫҚТЫҒЫ – КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕ

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов облысқа жұмыс сапары барысында “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында өткен “Ашықтық – тарифтік саясаттың басым бағыты” тақырыбындағы “дөңгелек үстел” отырысы алдында ірі табиғи монополия субъектілерін қамтыған баспасөз турына қатысты. Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Агенттік басшысы алдымен қаладағы №2 ЖЭО-да болып, жылу-электр орталығындағы жаңғырту жұмыстарымен танысты. “СевКазЭнерго” …

ТАРИФТІК САЯСАТТЫҢ АШЫҚТЫҒЫ – КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕ Read More »

КҮДІКТІНІ АРАШАЛАЙМЫН ДЕП, УӘДЕ БЕРІП… Полиция бөлімі бастығының орынбасары үстінен қылмыстық іс қозғалды

Облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасы 1-інші полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты қылмыстық іс қозғады. Ол алаяқтық фактісіне қатысты қылмыстық іс бойынша (жанар-жағармайдың жалған талондарын сату) күдікті болып табылатын азаматты алдап, сеніміне кіру арқылы оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатамын деп уәде беріп, 500 мың теңге көлеміндегі ақшасын …

КҮДІКТІНІ АРАШАЛАЙМЫН ДЕП, УӘДЕ БЕРІП… Полиция бөлімі бастығының орынбасары үстінен қылмыстық іс қозғалды Read More »

ҚЫРДА ДА, ҚЫРМАНДА ДА ҚЫЗДЫ НАУҚАН

Петропавл-Қостанай тас жолының бойында, Чириковка ауылының қарсы жақ бетіндегі егін алқабында “қыр кемелері” еңбек көрігін қыздырып-ақ жатыр. Бұл ауа райының қолайлы сәттерін ұтымды пайдаланып қалу үшін қолда бар техникалардың барлығын маңдай термен өнген өнімді ысырапсыз жинап алуға жұмылдырып жатқан Есіл ауданындағы Серік Жәнапинов басқаратын “Заречный” ЖШС екен. Серіктестіктің бас агрономы Дулат Зәкірияновты осы жерде жолықтырдық. …

ҚЫРДА ДА, ҚЫРМАНДА ДА ҚЫЗДЫ НАУҚАН Read More »

G 20 – ЖЕТЕКШІ ФОРУМ

Азамат ӘБДІМОМЫНОВ: (Қазақстан Республикасының өкілі – ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының меңгерушісі Азамат Әбдімомыновтың “Жиырмалық тобы” саммитінде сөйлеген сөзінен).     «Жиырмалық тобы» (G20) аса маңызды халықаралық экономикалық және қаржы мәселелері бойынша жетекші форум болып табылады. G20 құру мақсаты – Бреттонвуд жүйесі шеңберінде экономика және қаржы саясатының негізгі мәселелері бойынша талқылауды кеңейту …

G 20 – ЖЕТЕКШІ ФОРУМ Read More »

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін күші жойылды деп тану туралы (Бесінші шақырылымның XVIІI сессиясы)

Петропавл қаласы 2013 жылғы 16 тамыз №18/12 «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «Жергілікті қауымдастықтың жиналыстарын (жиындарын) өткізу және шешім қабылдау Ережелері туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы №20/10 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік …

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін күші жойылды деп тану туралы (Бесінші шақырылымның XVIІI сессиясы) Read More »

“ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ” АТАНҒЫСЫ КЕЛГЕНДЕР

Петропавл қалалық Мәдениет үйінде облыстық Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет “Парасатты полицей” өңірлік байқауы болып өтті. Байқау ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, тәртіп сақшыларының бойында Отанға сүйіспеншілікті арттыру мақсатын ұстанды. Оған аудандық Ішкі істер бөлімдерінен – 10, облыстық бөлімшелерден 9 команда қатысты.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Байқау бес кезеңнен тұрды. …

“ПАРАСАТТЫ ПОЛИЦЕЙ” АТАНҒЫСЫ КЕЛГЕНДЕР Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН Төтенше жағдай қызметкерлері анықталды

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері тілдердің үштұғырлылығына арналған “Тілдарын” және өзге ұлт өкілдерінің арасында өтетін “Мемлекеттік тіл – менің тілім” байқауларында бақтарын сынады.   Өзге ұлт өкілдерінің арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тілдің маңызы мен мәнін арттыру мақсатында ұйымдастырылған “Мемлекеттік тіл – менің тілім” байқауы Қазақстан халқы тілдері күніне …

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ЖЕТІК МЕҢГЕРГЕН Төтенше жағдай қызметкерлері анықталды Read More »

“ЖҰЛДЫЗДАР” ОТБАСЫСЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ сыйлыққа кенелді

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың “Жұлдыздар” отбасысының тәрбиеленушілері жаңа оқу жылына сақадай-сай келді. Ондай мүмкіндікті жасауға сүйікті демеушілері – “СевКазЭнерго” АҚ атсалысты. Бұл ұжым балалардың жаз бойы жақсы демалып, жаңа оқу жылына зор құштарлықпен кірісулері үшін қолдарынан келгеннің барлығын жасауға тырысты.  Білім күні қарсаңында балаларды әдеттегідей энергетика саласының қызметкерлері сыйлықпен қарсы …

“ЖҰЛДЫЗДАР” ОТБАСЫСЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ сыйлыққа кенелді Read More »

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗҒАН ҚОР

Қайырымдылық шараларымен белгілі “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры жарты жылда атқарған жұмыстарын қорытындылап, алдағы жоспарымен бөлісті. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Аталмыш қайырымдылық қоры 11-ден астам шара өткізген. Барлық іс-шаралардың басты мақсаты балаларға көмектесу болып табылады. Қор биылғы жылдың мамыр айында тіркелсе де, өзінің жұмысын ертерек бастап кеткен. Тұңғыш іс-шара наурыздың 22-сі күні өтті. “Мейірбан қолдар” акциясы …

БҮЛДІРШІНДЕРГЕ КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗҒАН ҚОР Read More »

ДЕКРЕТТІК ДЕМАЛЫСТАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ қолдау көрсетеді

Қазақстан Beeline компаниясы өздерінде жұмыс істейтін декреттік демалыстағы әйелдерді қолдауға шешім қабылдады. Қызметкерлер ай сайынғы кірістерінің деңгейіне қарамай-ақ, толыққанды өтемақы алуға құқығы бар. Үстіміздегі жылғы ақпан айында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгеріс енгізілгенін естеріңізге салсақ, оған сәйкес декреттегілер үшін төлемнің ең көп мөлшеріне шектеу қойылған болатын. Енді “Beeline” орташа кірістері айына 186 600 теңгеден (10 …

ДЕКРЕТТІК ДЕМАЛЫСТАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ қолдау көрсетеді Read More »

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

2013 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 17.00-де “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының қоғамдық кеңесінде облыстық Ішкі істер департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Думан Таев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға алдын ала жазылу мына телефон нөмірлері арқылы жүргізіледі: 36-94-52, 39-40-20. СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

Жыл басынан бері Петропавл қаласы аумағында 163 өрт болып, одан 12 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта5 адам қаза тауып, 12 азамат жарақат алды. Облыс орталығында болған төтенше жағдайларды сараптау барлық өрттің 80 пайызы тұрғын үй секторында орын алғанын, жыл басынан бері ондай 100 оқиға тіркеліп, 5 млн. теңгеден астам материалдық шығын келгенін көрсетеді. …

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ Read More »

ЭВАКУАЦИЯЛАУ ҚОСЫНЫН ОРНАЛАСТЫРУ ЖАТТЫҒУЫ

Наталья ТАРАКАНОВА, ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы. Петропавлдағы “№26 мектеп-балабақша” КММ-де құрама эвакуациялау қосынын орналастыру бойынша нысандық оқу-жаттығу болып өтті. Бұл шара мекемедегі әкімшілік мүшелерінің теориялық білімдерін жетілдіруге және практикалық машықтарын қалыптастыруға, функционалдық лауазымдық міндеттерін орындау кезінде туындайтын қиыншылықтарды жеңе білуге үйретуге бағытталды.   Оқу-жаттығу кезінде санитарлық-эвакуациялау қосынының (СЭҚ) бастығы мен орынбасарының, СЭҚ хатшысының, …

ЭВАКУАЦИЯЛАУ ҚОСЫНЫН ОРНАЛАСТЫРУ ЖАТТЫҒУЫ Read More »

ОЛАРДЫ ТАҒДЫР ТАБЫСТЫРҒАН Біріне – ана, біріне – бала керек…

Құрылғанына 12 жыл өткен отбасылық үлгідегі Балалар ауылында бүгіндері 4 отбасыда 31 бала тәрбиеленіп келеді. Ауыл ата-ананың қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндердің туған үйіндей. Әр үйде 9 баладан тұрады. Үйдің өз тәрбиеші анасы мен тәтесі бар. Жеткіншектердің барынша үй жағдайында ержетуі мақсатында құрылған Балалар ауылының бірінші үйіне қонақ болып қайттық. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Әр үйдің есігінің …

ОЛАРДЫ ТАҒДЫР ТАБЫСТЫРҒАН Біріне – ана, біріне – бала керек… Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ 2 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар

Өңірімізде көпбалалы отбасылар күн санап көбейіп келеді. Биылғы жылдың қыркүйек айына дейінгі мәлімет бойынша өңірімізде 4 және одан да көп балалары бар отбасылар саны 2 мыңнан асып отыр. Бұдан бірнеше жыл бұрын 5 баласы бар отбасы көпбалалы болып саналды. Заман өзгерді. Отбасында екі немесе бір баладан тәрбиелеп отырған ата-аналар жетерлік. Десе де, перзенттерінің көп болуын …

ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕ 2 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар Read More »

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ӘКЕЛЕР анасыз қалған балаларын жеткізем деп әлек…

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Жалғызбасты әке… Бұл тіркес құлаққа түрпідей тиеді екен. Бірақ қазіргі таңда жалғызбасты әкелер көбейіп барады. Өкініштісі де сол.   Екі жас бірін-бірі сүйіп, өмір-бақи қол ұстасып өтеміз деп шаңырақ көтерді. “Үбірлі-шүбірлі болып, перзенттеріміз ержеткен шақта немерелерімізді құшағымызға алсақ, шөбереміздің маңдайынан иіскесек арман жоқ” деп толғанды екі жас. Бірақ арман қол жетпес …

ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ӘКЕЛЕР анасыз қалған балаларын жеткізем деп әлек… Read More »

ШӨБЕРЕ СҮЙГЕН ӘЖЕЙ енді шөпшек сүйсем дейді

Шолпан Қасенова (суретте) – 10 баланың анасы. 20 немере, 4 шөбере сүйіп отырған ардақты ана 2010 жылы “Алтын алқамен” марапатталды.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. Қазіргі Аққайың ауданының тумасы Шолпан Ерденбайқызының облыс орталығына көшіп келгеніне бірер жылдың жүзі болды. Қала сыртындағы Заречная көшесінде тұратын оны үйінің алдында көршісімен әңгіме-дүкен құрып отырған кезінде кездестірдік. Бұрынғы өткен …

ШӨБЕРЕ СҮЙГЕН ӘЖЕЙ енді шөпшек сүйсем дейді Read More »

БОЛАШАҚ АНАЛАР БАСҚОСУЫ

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мұрындық болуымен өңірімізде тұңғыш рет “Біз сәбилі боламыз” деген тақырыпта болашақ аналар форумы өтті. Оған аудандар мен қалалардан келген жетпіс шақты ана қатысты.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,“Солтүстік Қазақстан”. “Түркістан” мейрамханасында өткен аталмыш іс-шара ауқымды бағдарламадан тұрды. Жүктілік, босану және ана болу бақыты туралы маңызды да қызықты ақпарат беруге арналған форумның басты мақсаты бала …

БОЛАШАҚ АНАЛАР БАСҚОСУЫ Read More »