«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЕЛОКЛУБЫ Александр Винокуровтың ізбасарларын даярлайды

Әсел ЕСБОЛАТОВА, “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция” ММ-нің бас маманы. Тамыз айының үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні аталып өтілді. Аталмыш мейрамның қарсаңында “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция” мемлекеттік мекемесі “Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы “Kүzүlzhar Vino 4-ever” құрылықтық велоклубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын ашуға рұқсат берді. Аталмыш велоклуб облысымыздың үздік спортшыларын …

ВЕЛОКЛУБЫ Александр Винокуровтың ізбасарларын даярлайды Read More »

ӘЛЕМДІК және ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ – ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

Берік ҚАУЫС, ҚР ДІА Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының халықаралық ынтымақтастық бөлімінің аға ғылыми қызметкері. Адамзат қоғамының ақыл-ойы аламанға түскен бүгінгі ХХІ ғасыр геосаяси, геоэкономикалық және геомәдени өзгерістердің ошағына айналып отыр. Бұл, сайып келгенде, жаһандану деп аталатын ғаламдық құбылыстың қызу жүріп жатқандығын байқатса керек. Бүгінде адамдар әлемнің қай нүктесіндегі болмасын қақтығысқа, лаңкестік әрекетке үрейлене қарайтын …

ӘЛЕМДІК және ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІНІҢ СЪЕЗІ – ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ Read More »

АСТАНАДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНДА “Сақ көсемінің қорғаны” залы ашылмақшы

Астанадағы Назарбаев орталығында “Сақ көсемінің қорғаны” атты бірегей зал ашылады.   “Іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылады. “Сақ патшасының қорғаны” экспозициялық залы атақты Берел қорғанына жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі болып табылады”, – делінген аталған орталықтың баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Ықылым замандардан жеткен қазынаны қалың бұқараға насихаттау үшін Назарбаев орталығында арнайы зал жасақталған. Ол залға …

АСТАНАДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНДА “Сақ көсемінің қорғаны” залы ашылмақшы Read More »

АҚТАУДАҒЫ “ШЫН ЖҮРЕКТЕН” АКЦИЯСЫ

Ақтауда Конституция күніне орайластырылған “Шын жүректен” акциясы басталды. Оның шеңберінде қайырымдылық шаралары өткізіледі.   “Біз халықтың назарын тұрмысы аз қамтылған тұрғындарға бұрғымыз келеді. Біздің өңір мұнайлы, орташа жалақы мөлшері ел бойынша ең жоғары. Дей тұрғанмен, 20-30 мың теңге жәрдемақыға күн көріп отырған отбасылар да бар, соларға көмек көрсету керек. Сол себепті біз тұрмысы нашар отбасыларға …

АҚТАУДАҒЫ “ШЫН ЖҮРЕКТЕН” АКЦИЯСЫ Read More »

НЕСИЕНІ НЕСІБЕГЕ АЙНАЛДЫРҒАН ДӘУЛЕТБАЙ

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Жұмыссыз отырған Дәулетбай Сүлейменов өзінің алғашқы несиесін 2011 жылы “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ арқылы алған. Тұрғындардың шағын несиелеу жүйесіне қолжетімділігін арттыруға бағытталған бағдарлама оның шаруасының аяғынан тік тұруына септігін тигізді.   Тайынша ауданының Сүгірбай ауылында туып-өскен Дәулетбай Қабенұлы кәсіби-техникалық училищені тракторшы-жүргізуші мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1985 жылдан бастайды. …

НЕСИЕНІ НЕСІБЕГЕ АЙНАЛДЫРҒАН ДӘУЛЕТБАЙ Read More »

ӨҢІРДЕ ЕҢБЕКАҚЫ ДЕҢГЕЙІ НЕГЕ ТӨМЕН?

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының басты көрсеткіші болып табылатын орташа айлық еңбекақы көрсеткіші бойынша біздің өңір республикада соңғы орындардың бірінде. Өнеркәсібі дамыған ірі өндіріс кәсіпорындары, көп іргелі өңірлермен салыстырмағанның өзінде, біздегідей, негізінен, аграрлық өндіріспен айналысатын көршілес Ақмола облысынан да еңбекке ақы төлеу жағынан кейін қалып келеміз. Облыс әкімі Самат Ескендіровтің бастамасымен жыл басынан …

ӨҢІРДЕ ЕҢБЕКАҚЫ ДЕҢГЕЙІ НЕГЕ ТӨМЕН? Read More »

СӘБИ САУ БОЛСЫН ДЕСЕК…

Адамның бір бақыты – бала сүю. Дүниеге шыр етіп келген сәбидің дені сау, тығыршықтай болып өсуі ата-ананың күтіміне байланысты, әлбетте. Ақ халаттылардың айтуынша, баланың денінің саулығы жатырда қалыптасады. Әсіресе, кейбір нәрестелерде туа салысымен байқалатын әртүрлі жұқпалардың ана денсаулығына тікелей әсері бар. Осы жайында Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің СҚО бойынша департаментінің ауруханаішілік жұқпаларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің …

СӘБИ САУ БОЛСЫН ДЕСЕК… Read More »

АНАСЫНЫҢ ӨНЕГЕСІМЕН ДӘРІГЕР АТАНҒАН

Гүл НҰРАЛИНА, журналист. “Адам денсаулығы бәрінен қымбат” деген ұғымды өздеріне серік еткен дәрігерлер қатарында Тайынша аудандық ауруханасының дәрігерлері Төлен мен Арайлым Сүйіндіковалар да бар. Олар өздерінің еңбек ұжымдарының жылдар бойғы адал еңбегінің куәгерлері десек, артық емес. Ауданымыздың Қарағаш ауылының тумасы Төлен Сүйіндікова сонау 1979 жылы Целиноград мемлекеттік медициналық институтын аяқтап, өз туған жеріне оралады. Содан …

АНАСЫНЫҢ ӨНЕГЕСІМЕН ДӘРІГЕР АТАНҒАН Read More »

ТҰРҒЫНДАР ТАЛОНДА БЕЛГІЛЕНГЕН УАҚЫТТА КЕЛМЕЙІНШЕ, кезек мәселесі шешілмейді

Өңірімізде кадр мәселесі түгелдей шешілген бір-ақ емхана бар. Ол – №1 қалалық емхана. Мамандармен толық қамтамасыз етілсе де, әлі де кезек мәселесі өзекті болып тұрған да осы емхана. Сонда кезекті тудырып тұрған қандай мәселе деген заңды сұрақ туады. Бұл сұрақты аталмыш емхананың бас дәрігері Александр Лярскийге қойған болатынбыз.  – Бүгіннің өзінде, егер де байқасаңыз, не …

ТҰРҒЫНДАР ТАЛОНДА БЕЛГІЛЕНГЕН УАҚЫТТА КЕЛМЕЙІНШЕ, кезек мәселесі шешілмейді Read More »

ТҮНДЕ ТЕНТІРЕГЕН 256 БАЛА ҰСТАЛЫП, оларға әкімшілік хаттамалар толтырылды

Тамыздың 18-інен бастап солтүстікқазақстандық полицейлер “Түнгі қаладағы балалар” жеделалдын алу іс-шарасын жүргізуде. Бұл шара барысында жергілікті тәртіп сақшылары басқа да құзыретті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, қадағалаусыз және қаңғыбас тірлік кешіп жүрген кәмелетке толмаған балаларды анықтау, кәмелет жасқа толмағандар арасында жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын қызу жүргізу үстінде. Жаңа оқу жылы қарсаңында қолға …

ТҮНДЕ ТЕНТІРЕГЕН 256 БАЛА ҰСТАЛЫП, оларға әкімшілік хаттамалар толтырылды Read More »

АБАЙСЫЗДЫҚҚА ҚАСКӨЙЛІК ҚОСЫЛЫП ТҰР…

Жыл басынан бері облыста 443 өрт болып, одан 220 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 32 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Жиырма төрт адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды. Өткен аптада облыс көлемінде оннан астам өрт шыққан. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Атап айтқанда, Ақжар ауданының Ленинград ауылындағы екі пәтерлі …

АБАЙСЫЗДЫҚҚА ҚАСКӨЙЛІК ҚОСЫЛЫП ТҰР… Read More »

ЕКІ АДАМНЫҢ АЖАЛЫ СУДАН БОЛДЫ

Жыл басынан бері 30 солтүстікқазақстандық су құрбаны болды. Оның бесеуі – балалар. Облыстық ТЖД-нің сүңгуірші құтқарушылары 104 адамды құтқарса, оның 34-і – бала. Жаз маусымы аяқталуға жақындағанымен, су құрбандары болғандардың саны азаяр емес. Атап айтқанда, Петропавл қаласында 31 жастағы азамат белгісіз жағдайда қазан шұңқырдағы суға батып кетті. Оның мәйітін облыстық ТЖД суда құтқару қызметінің мамандары …

ЕКІ АДАМНЫҢ АЖАЛЫ СУДАН БОЛДЫ Read More »

КІШКЕНЕКӨЛДЕГІ ҚАРБАЛАС

Жуырда Уәлиханов ауданында төтенше жағдайлар кезінде басқару органдарының, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссиялардың, апаттық-құтқару қызметтерiнiң күштері мен азаматтық қорғаныс құралдарының қатысуымен командалық-штабтық оқу-жаттығу өтті. Юрий ГАЛЫГИН, СҚО ТЖД-нің бөлім бастығы. Оқу-жаттығуға 38 арнайы техника жұмылдырылып, облыстық ТЖД-нің 82 құтқарушысы, аудан әкiмінің аппараты, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері, аудандық апаттық-құтқару қызметі …

КІШКЕНЕКӨЛДЕГІ ҚАРБАЛАС Read More »

ЖЕҢІП ТҰРЫП, ТЕҢ ТҮСТІ

Футболдан ел біріншілігінде бақ сынап жатқан он сегіз ұжым жиырма төртінші турдың кездесулерін өткізді. Өз алаңында Көкшетаудың “Оқжетпесін” қабылдаған солтүстікқазақстандық аяқдоп шеберлері қарсыласымен тең түсті. Аталмыш кездесуді жергілікті жанкүйерлермен бірге облыстық футбол федерациясының президенті, облыс әкімі Самат Ескендіров тамашалады. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Біріншілікті жақсы нәтижемен бастаған “Қызыл-Жар СК” өткен турда “Астана – 1964” командасынан …

ЖЕҢІП ТҰРЫП, ТЕҢ ТҮСТІ Read More »

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабары

2013 жылғы 19 тамызда облыстық сайлау комиссиясының мәжілісі өткізіліп, онда мынадай мәселелер қаралды: 1. Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу туралы. 2. Шығып қалғандардың орнына Солтүстік Қазақстан облыстық, Петропавл қалалық, Ақжар және Тимирязев аудандық мәслихаттар депутаттарының сайлауына әзірлік және оны өткізу жөніндегі облыстық сайлау комиссиясының …

Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының хабары Read More »

САҚА ОЙЫНЫ немесе “Компьютер ойнаған – азар, асық ойнаған – озар”…

Фархат ТАСТАМБЕКОВ, журналист. Бүгінгі таңда “техника дамып жатыр” деп біреу шаттанып айтса, біреу сақтанып айтады. Жапондар, немістер шығарып жатқан неше түрлі үй жабдықтары, әсіресе, ұялы телефондар, планшеттер мен ноутбуктар өмірімізді қанша жеңілдеткенмен, теріс әсерлері де баршылық. ХХІ ғасырға дейінгі буын далада ойнап өскен. Ата-аналары үйге кіргізе алмай әуре болатын. Ал қазір үйден шығара алмайсың… Оларды …

САҚА ОЙЫНЫ немесе “Компьютер ойнаған – азар, асық ойнаған – озар”… Read More »

ӨЗАРА САУДАҒА ЫҚПАЛЫ ЗОР

Наталья ШАЯХМЕТОВА, “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы инспекция” мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары. 2011 жылдың соңында Ресей Федерациясы, Беларусь және Қазақстан Республикалары Президенттерінің шешімімен Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бірыңғай, үнемі жұмыс істейтін реттеуші органы ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) құрылған болатын. ЕЭК-тің ұлттық басқару органының үстінен қарайтын мәртебесі бар. Ұйым үш мемлекет Үкіметтерінің …

ӨЗАРА САУДАҒА ЫҚПАЛЫ ЗОР Read More »

ОБЛЫСТЫҢ ҚАҢТАР-ШІЛДЕДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

2013 жылғы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 5,2%-ға, ауыл шаруашылығы – 5,8%-ға, бөлшек сауда 32,5%-ға өсті. 2013 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың өндірістік кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығын қоса есептегенде) қолданыстағы бағамен 80,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 73,8% алатын өңдеу өнеркәсібінде 59,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе 2012 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 5,7%-ға …

ОБЛЫСТЫҢ ҚАҢТАР-ШІЛДЕДЕГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚЫСҚАША ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ Read More »

ӨТІНІШ ТАПСЫРУДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

Банк сайтында (www.hcsbk.kz) 2013 жылдың 18 шілдесінен бастап “Халықтың барлық санаты үшін” бағыты бойынша баспананы сатып алушылар пулына өтініш бергендер туралы ақпаратты on-line режімінде көру мүмкіндігі туғызылды. Гүл БАЯНДИНА, “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ баспасөз хатшысы. Баспана сатып алу/жалға алу пулына қатысу туралы өтініш банкте тіркелген сәттен бастап ол туралы ақпарды банк сайтында …

ӨТІНІШ ТАПСЫРУДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚ Read More »

ТАРИХ БІЗДІ БІРІКТІРЕ ТҮСУГЕ ТИІСТІ

Нұрболат ӘБУОВ, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент, тарих ғылымының кандидаты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалық етуімен Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ұлттық тарихымызды зерттеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы болғаны белгілі. Марат Тәжиннің жиында сөйлеген сөзінде атап көрсеткендей, Қазақстан қалыптасқан мемлекет және біз мемлекет құрудың …

ТАРИХ БІЗДІ БІРІКТІРЕ ТҮСУГЕ ТИІСТІ Read More »