ҮМІТ
Бір-біріне қабыспаған тірліктің,Бұйдасына жармасам деп іліктім.Қарымы жоқ қиғаш тартқан қимылдыңҚалт кетерін қауіп қылған біліп кім? Көңіліңді көтерілген басар мұң,Тұманынан көрінбейді атар күн.Көз алдымда көлбеңдеген елескеЕлеңдемей қалай тыныш жатармын?! Жүйрік сезім құйқылжытып қиялды,Асқақ асу асқарына бұрады.Ал арманға жетер жолдың өлшемі,Үзілмейтін үміттерден тұрады.