«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚУАНЫШ ЕРЗАТҰЛЫ – ШӘМШІ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

 31 шілде күні Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Мәдениет үйінде көрнекті композитор, Қазақстанның халық әртісі, заманауи эстраданың негізін қалаушы, қазақ әні мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Алаштың аяулы азаматы Шәмші Қалдаяқовқа арналған облыстық “Менің Қазақстаным” ән байқауы өтті. Әзина ТЕМЕШОВА, облыстық Халық шығармашылығы және мәдени-демалыс орталығының қазақ шығармашылығын дамыту бөлімінің әдіскері. Аудандық Мәдениет үйлері мен клуб …

ҚУАНЫШ ЕРЗАТҰЛЫ – ШӘМШІ ӘНДЕРІ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ Read More »

МҰХТАР ӘБІЛӘЗОВТІҢ ҰСТАЛҒАНДЫҒЫ РАСТАЛДЫ

ҚР Бас прокуратурасы Мұхтар Әбіләзовтің ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары “БТА Банк” АҚ-ның 5 млрд. доллардан астам қаражатын ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған табыстарды жылыстатқан ұйымдасқан қылмыстық топты құру мен оған басшылық жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда. Аталған қылмыстық істер бойынша 2009 жылғы 6 наурызда М.Әбіләзовке …

МҰХТАР ӘБІЛӘЗОВТІҢ ҰСТАЛҒАНДЫҒЫ РАСТАЛДЫ Read More »

ЕРЛІК ЖАСАҒАН ҚҰТҚАРУШЫЛАР

Облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің мамандары Василий Ленков пен Жақсылық Сағитов Петропавл қаласының маңындағы Пестрое көлінде кезекшілікте болған. Құтқарушылар көлге жақын орналасқан Мичурино кентінде көк түтін шыққанын байқап, оқиға орнына жеткенше 112 нөміріне орын алған өрт туралы хабарлап үлгерген. Екі құтқарушы үй ауласында сарайдың отқа оранғанын байқап, ауладағы келіншек пен кішкентай балаларды қауіпсіз жерге жеткізді. …

ЕРЛІК ЖАСАҒАН ҚҰТҚАРУШЫЛАР Read More »

УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАҒАН ШЕШІМ

Арман БЕРДАҒҰЛОВ, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы төрағасының орынбасары. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында: “Азаматтардың жергілікті жердегі өзекті мәселелерді шешуге, жергілікті билік органдарының жұмысын бақылауға белсене араласатын уақыты туды”, – деп атап айтқан болатын.  Ауылдық округ әкімдерінің сайлауына аз уақыт қалды. Әкімдерді мәслихат депутаттары 4 жылға …

УАҚЫТ ТАЛАБЫНАН ТУЫНДАҒАН ШЕШІМ Read More »

ЕСІЛДІКТЕР ЕГІН ЖИНАУҒА ДАЙЫН

Облыс әкімі Самат Ескендіров жұмыс сапарымен Есіл ауданында болып, бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарының танаптары басында болды. Соңғы түскен жауын-шашын астықтың бітік шығуына ықпал еткен. Диқандар енді ауа райы қолбайлау болмаса, тамыз айының ортасында орақ науқанына кірісуді жоспарлап отыр.  Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ,  журналист. Есіл ауданындағы “Атамекен-Агро-Есіл” ЖШС биыл 20 мыңнан астам гектар алқапқа дәнді дақылдар еккен. Уақтылы …

ЕСІЛДІКТЕР ЕГІН ЖИНАУҒА ДАЙЫН Read More »

ЖОЛАУШЫЛАР ТІЛІН ТАПҚАН ЖҮРГІЗУШІ жеке кәсібін дөңгелету үстінде

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Шалақындық Александр Савченкомен тілдескеннен кейін мен “Адам өз кәсібін сүйіп еңбек етсе, оның жұмысынан мін табу оңай емес екен”, – деген тұжырымға келдім.  Александр Юрьевич жолаушылар тасымалы кәсіпкерлігін 2004 жылы қолға алған. Жүргізушілік еңбек өтілі 15 жылдан асқан жігіт өзінің табыс көзі осы салада екендігін білгендіктен, біреудің жолаушылар тасымалына арналған ескі …

ЖОЛАУШЫЛАР ТІЛІН ТАПҚАН ЖҮРГІЗУШІ жеке кәсібін дөңгелету үстінде Read More »

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! 2013 жылғы тамыздың 7-сі мен 9-ы аралығында Қазақстан Республикасының “Электрондық үкімет” порталында облыс әкімі Самат Ескендіровтің қатысуымен “Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және оны жүзеге асыру барысы” тақырыбына арналған Интернет-конференция өтеді. Интернет …

ХАБАРЛАНДЫРУ Read More »

ТАЙЛЫҚТАР ҚАЗАҚСТАНМЕН ТАНЫСУДЫ ҚЫЗЫЛЖАРДАН БАСТАДЫ

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартуға, транзиттік көліктік логистикалық орталық құру үшін еліміздің географиялық жағдайының артықшылығын пайдалана отырып экспорттық қуатын арттыруға, “жасыл экономиканы” дамытуға және “ЕХРО – 2017” көрмесіне әзірлік жасауға айрықша көңіл бөлгені белгілі. Осы ойды ілгері өрбіту мен Қазақстанды ашық және инвестиция үшін неғұрлым тартымды ел ретінде көрсету …

ТАЙЛЫҚТАР ҚАЗАҚСТАНМЕН ТАНЫСУДЫ ҚЫЗЫЛЖАРДАН БАСТАДЫ Read More »

Толеранттылық идеяларына, қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуға арналған “Қазақстан – достық бесігі” атты фотоконкурсты өткізу Қағидасы

Іс-шара атауы: Толеранттылық идеяларына, қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуға арналған “Қазақстан – достық бесігі” атты фотоконкурс (бұдан әрі – іс-шара). Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті. Өткізу уақыты: 2013 жылғы 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығы. Өткізу орны: Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы. Іс-шараның мақсаттары: – этникаарлық және конфессияаралық келісімді дамыту және …

Толеранттылық идеяларына, қазақстандық отансүйгіштікті нығайтуға арналған “Қазақстан – достық бесігі” атты фотоконкурсты өткізу Қағидасы Read More »

Этножурналистика саласындағы “Шаңырақ” республикалық шығармашылық конкурсы туралы Ереже

1. Жалпы ережелер 1. Этножурналистика саласындағы “Шаңырақ” шығармашылық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) республика деңгейінде өткізіледі. 2. Конкурстың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі. 3. Конкурс Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтеді. 2. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері Конкурстың мақсаты этносаралық салада қызмет ететін журналистерді ынталандыру арқылы қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту болып …

Этножурналистика саласындағы “Шаңырақ” республикалық шығармашылық конкурсы туралы Ереже Read More »

КІСІ ӨЛТІРУ – ЕҢ АУЫР КҮНӘ

Аян АЛЫПҚАШЕВ, “Қызылжар” мешітінің наиб имамы. Ешбір жанның Алла тағаланың тыйым салған іс-әрекетіне рұқсат етуіне немесе керісінше, орындауға рұқсат еткен іс-әрекеттеріне тыйым салуға ешқандай қақысы жоқ. Дегенмен, кейде пендешілікке салынып, Алла тағаланың әміріне көнбей, шектен шығып жатамыз. Бұл, әрине, ағаттық. Бірақ көп жағдайда бұл білместіктен, нәпсіге ерушіліктен, имамдар мен молдалардың уағыздарына құлақ аспаушылықтан, ең бастысы …

КІСІ ӨЛТІРУ – ЕҢ АУЫР КҮНӘ Read More »

ЕҢ ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ

Алланың берген ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Жаратушының ризалығын табуды қалаған мүмин мұсылман үшін ең қасиетті түн – Қадір түні. Осы түнде жасалған құлшылықты Жаратушы иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Қасиетті Қадір түнінің аталуында терең мән бар. Бұл түнде адамзатқа қасиетті Құран кітабы түскен. Алла тағала Құран Кәрімдегі “Қадір” сүресі түгелдей осы күннің қадір-қасиеті …

ЕҢ ҚАСИЕТТІ ҚАДІР ТҮНІ Read More »

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ және ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ, журналист-заңгер, Мәдениет қайраткері. (Басы өткен сандарда). Саяси, қоғамдық істерге белсене араласқандықтан, өлең-жырларында қоғам өмірін, ел тәуелсіздігі жолындағы ерлікті, батырлықты барынша дәріптейді. Мәселен, “Ер Көкше”, “Еңсегей бойлы ер Есiм”, “Ер Қойлыбай”, “Қорқыт баба”, “Асан ата”, “Ер Сырым”, “Қасқа жолды ер Қасым”, “Қабанбай батыр”, “Ер Қосай”, “Ер Жәнібек”, “Орақ батыр”, “Ер Едіге” секілді дастандары, “Ақсауыт”, …

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ және ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ Read More »

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА өңір басшысына өтініш айтушылар аз емес

Кеше “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Самат Ескендіров қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ардагер журналист Ожан Қали өз кітабын шығаруға қолдау білдіруді сұрады. Ол осы күнге дейін 11 кітап жазып, оның жетеуі баспа бетін көрген. Ардагер журналистің жаңа кітабы Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған. 2010 жылы соңғы …

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА өңір басшысына өтініш айтушылар аз емес Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ КӨРСЕТІЛМЕКШІ

Бұрнағы күні облыстық әкімдікте тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысының барысы талқыланған кеңес өтті. Облыс әкімі Самат Ескендіровтің төрағалығымен өткен жиынға жергілікті құрылыс компанияларының басшылары қатысты. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Саят Әшімовтің айтуынша, биыл тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың құрылысына және қайта қалпына келтіруге 11 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның 9 …

ЖЕРГІЛІКТІ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ЖӘРДЕМ КӨРСЕТІЛМЕКШІ Read More »

АУЫЛДА ДҰРЫС БАСШЫ БОЛСА, шешілмейтін мәселе жоқ

Ескендір ЕЛЕУСІЗОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында: “Мен Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтеді. Біз селолық әкімдіктерге қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға ықпалын күшейтеміз. …

АУЫЛДА ДҰРЫС БАСШЫ БОЛСА, шешілмейтін мәселе жоқ Read More »

“АЛТЫН САПА” – КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРМАН

Кеше Петропавлдағы “Арай” көтерме-бөлшек сауда кешенінде республикалық “Қазақстанның үздік тауары – 2013” байқау-көрмесінің аясында облыс тауар өндірушілерінің көрмесі өтті. Ол жыл соңында Астана қаласында өтетін байқау-көрменің өңірлік деңгейдегі бірінші кезеңі болып табылады. Сауда кешенінің үлкен залында өткен көрмеге облыстың өндіріс саласында жұмыс істейтін 41 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Байқауға арналған …

“АЛТЫН САПА” – КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРМАН Read More »

КӨШБАСШЫ БОЛУ ОҢАЙ ЕМЕС

Сейсенбі күні М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де облыстық Жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма Қазақстан халқы облыстық ассамблеясымен бірлесіп, “Жастар арасындағы толеранттылық және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру” тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Оған облыстық жастар ұйымдары мен жастар этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Қала мен ауыл жастарының қоғамдық және әлеуметтік теңдігін қамтамасыз етіп, оларға өз ортасындағы белсенділігі мен …

КӨШБАСШЫ БОЛУ ОҢАЙ ЕМЕС Read More »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттерді іске асыру, Президенттің “Нұр Отан” ХДП Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысында және ҚР Бас прокуратурасының алқа жиынында берген тапсырмаларын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан Көлік прокуратурасы мен Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы “Атамекен Одағы” ЗТБ СҚФ кәсіпкерлер құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты және сыбайлас жемқорлықпен күресті нығайту туралы меморандумға қол қойды. Алдағы уақытта …

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ Read More »

ЧЕРНОБЫЛЬДІҢ БАТЫРЫ АТАНҒАН азамат ауылды көтеруге аянбай атсалысуда

Кәсіпкер Елшібай Егінбаевтің негізгі мамандығы – инженер-механик. Ол өткен жылдың сәуір-мамыр айларында мемлекеттік “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 18 миллион теңгеге несие алып, егіншілікпен бірге мал басын көбейтуді қолға алған.  Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Елшібай Зәкенұлының жаратылысынан пысық, істеген ісіне тыңғылықты екені бір көргеннен-ақ байқалып тұр. Ол Кеңес Одағы кезінде де талай іспен шұғылданып, сауда саласында да …

ЧЕРНОБЫЛЬДІҢ БАТЫРЫ АТАНҒАН азамат ауылды көтеруге аянбай атсалысуда Read More »