«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕХНОРОБОТТАР ТАМСАНДЫРДЫ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “Технороботтар” көрмесі өтуде.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА, “Солтүстік Қазақстан”. Бұл көрмеге бас сұқсаңыз, электронды әлемде жүргендей күй кешесіз. Есіктің дәл жанына жайғасқан динозаврлар мен мультимедиалық роботтан бастап, өткен ғасырдың атақты әншісі Элвис Преслидің көшірмесіне дейін көңіліңізді баурап алады. Қазақстанның 8 қаласында болып үлгерген көрмеге технороботтарды дайындаған адам Алматыда тұрады. Өзінің аты-жөнін жариялауға тыйым салыпты.

ӘУЕЖАЙ ӘЛІ БЕРЕШЕК, Ал “ЗИКСТО”-да заң бұзушылық жетерлік

Солтүстік Қазақстан Көлік прокуратурасы өткен жарты жылдың жұмысын қорытындылады.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Баспасөз мәслихатында көлік прокуроры Нұрболат Қатуов 6 айда жүргізілген тексерістер бойынша өңірдегі заңдылық жағдайына тоқталды. Әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты 24 тексерістің нәтижесінде 232 заң бұзушылық орын алған. Солар бойынша 29 ұсыным қарастырылып, нәтижесінде 31 тұлға тәртіптік, 45-і әкімшілік және 3-еуі материалдық жазаға тартылған. Петропавлдағы …

ӘУЕЖАЙ ӘЛІ БЕРЕШЕК, Ал “ЗИКСТО”-да заң бұзушылық жетерлік Read More »

ҚЫЗМЕТТІК ТИР АШЫЛДЫ

Әйгерім ОМАРОВА. Айыртау аудандық Ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында жақында қызметтік тир ашылды. Бұл – облыс аудандарындағы екінші тир. Біріншісі – Қызылжар ауданында. Тирдің ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің басшылары аудандардың Ішкі істер бөлімдерінің басшылары қатысты. “Өңірді дамыту” бағдарламасы бойынша салынған тир барлық үлгілерге сай, заманауи жабдықтармен қамтылған. Ол әкімшілік …

ҚЫЗМЕТТІК ТИР АШЫЛДЫ Read More »

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ екінші орын алды

Қостанай облысының аумағында қысқа толқындағы радиобайланыстан Қазақстан Республикасының ашық біріншілігі өтті. Қазақстанның Радио спорты және радио әуесқойлары федерациясының мұрындық болуымен өткен сайысқа Петропавл, Астана, Қарағанды, Атырау және Қостанай қалаларының радиоәуесқойлары қатысты.Аталмыш сайыс Қостанай қаласының сыртындағы жазық далада өткізілді. Жарыста өңір намысын қорғаған Станислав Стаханов пен Виктор Филипенко 8 сағаттың ішінде 800 рет радиобайланысқа шығып, американдықтармен, …

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ екінші орын алды Read More »

АЙДЫНДАРДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары соңғы уақытта күннің ысуына байланысты облысымыздың су айдындарында шомылу барысында жеке бас қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау қажеттігін тағы бір мәрте ескертеді. Бүгінде аталмыш ережені ескермей, суға шомылу кезінде көз жұмғандардың саны арта түсуде. Тіркелген қайғылы жағдайлардың басым бөлігі демалушылардың мас күйде суға шомылып, балық аулау және суда жүзу кезінде …

АЙДЫНДАРДА АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР Read More »

ЖАС ТА, ЖАСАМЫС ТА АЖАЛ ҚҰШТЫ

Жыл басынан бері 27 солтүстікқазақстандық су құрбаны болды. Оның төртеуі – балалар. Облыстық ТЖД-нің сүңгуірші құтқарушылары 76 адамды құтқарса, оның 24-і бала еді.   Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Рузаевка ауылындағы Шарық көлінде балық аулаған 62 жастағы ер адам суға батып кетті. Жергілікті тұрғындар оның мәйітін жарты сағаттан кейін жағаға әрең шығарды.

“ТІЛСІЗ ЖАУ” ТЫРНАҒЫН БАТЫРЫП ТҰР

Жыл басынан бері облыста 407 өрт болып, одан 182 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 31 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Жиырма төрт адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.   Өткен аптада облыс орталығында 3 ірі өрт шыққан. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Атап айтқанда, Петропавл қаласының Брусиловский көшесіндегі бес …

“ТІЛСІЗ ЖАУ” ТЫРНАҒЫН БАТЫРЫП ТҰР Read More »

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, үстіміздегі жаңа оқу жылы 2013 жылдың 1 қыркүйегі – Білім күнінде өңіріміздің барлық жалпы білім беретін оқу орындарында “Стратегия – 2050”: бір халық – бір ел – бір тағдыр” тақырыбына арналған салтанатты сапқа тұру шарасымен ашылады. Жаңа 2013-2014 оқу жылындағы сабақтар 2 қыркүйектен басталады. Алдын ала мәліметтер …

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА Read More »

Үш ауысыммен жұмыс істейтін АУПАРТКОМ ҮЙІНДЕ АШЫЛҒАН МЕКТЕП проблемасын шешуде “сең қозғалды” деуге болады

Облысымызда бүгінгі таңда қазақ тілінде білім алуға ниет еткен балалар үш ауысымда оқып жатқан екі мектеп бар. Солардың бірі – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим қазақ орта мектебі болса, екіншісі –Тайынша қаласындағы №5 орта мектеп. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпандағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Жолдауында: “Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде …

Үш ауысыммен жұмыс істейтін АУПАРТКОМ ҮЙІНДЕ АШЫЛҒАН МЕКТЕП проблемасын шешуде “сең қозғалды” деуге болады Read More »

ШӘКІРТ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒА БІЛГЕН ҰСТАЗ

Күлшара Әбілмәжінова 26 жыл педагогтік еңбек өтілінің 25 жылын Мағжан Жұмабаев ауданындағы Возвышенка орта мектебінде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуге арнаған. Білікті ұстаз – мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің және білім ошағындағы “Алтын көмбе” клубының жетекшісі. “Үздік педагог – 2013” байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы. Күлшара Балташқызы Петропавл педагогикалық институтының география …

ШӘКІРТ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒА БІЛГЕН ҰСТАЗ Read More »

ЖАҢА ҚАЗАНДЫҚҚА ҰЖЫМНЫҢ ЕҢБЕГІ СІҢДІ

Кішкенекөл ауылындағы №1 орта мектептің ұжымы ұйымшылдықпен қазандықты жаңартып алды. Бұрынғы қазандық мектепке жапсарласа орналасқан болатын. Енді жылыту орталығы оқыту ғимаратынан 100 метр әріге салынды. Мемлекеттік бюджеттен бөлінген 2 миллион теңгеге жаңа қазандық сатып алып, ал оның орнатылатын ғимаратының құрылысын мектеп ұжымы өз күшімен аяқтап шықты. Олар аудан орталығындағы қираған ғимараттардың жарамды материалдарын құрылысқа пайдаланды. …

ЖАҢА ҚАЗАНДЫҚҚА ҰЖЫМНЫҢ ЕҢБЕГІ СІҢДІ Read More »

МЕРГЕНДЕ ТАЛАПТЫ СПОРТШЫЛАР БАР, бірақ спорт залы жоқ

Шал ақын ауданындағы Мерген негізгі мектебінің қабырғасы бастауыш сынып ретінде 1939 жылы қаланған. Ал оның бүгінгі қолданыстағы ғимараты 1976 жылы берілген. Осы мерзім ішінде аталмыш мектепке бірде-бір рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бүгінде ғимараттың қабырғаларының балшық сылақтары мен есіктерезелерінің тозығы жетіп тұрса да, жыл сайын олардың үстіңгі қабаттарын жаңартып отырғандықтан, мектеп іші мұнтаздай тап-таза. Ал …

МЕРГЕНДЕ ТАЛАПТЫ СПОРТШЫЛАР БАР, бірақ спорт залы жоқ Read More »

ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН АСТАМ жұмыс істеп тұрған лагерь

Қызылжар аудандық Білім бөліміне қарасты “Серебряный бор” жазғы сауықтыру лагерінің негізі 1950 жылы қаланып, осы уақытқа дейін балалардың игілігіне қызмет етіп келеді. Онда биылдан бастап әр кезеңде 160 баладан қабылдап, бес ауысымда жұмыс істеп жатыр.  “Серебряный бор” жазғы сауықтыру лагеріне 2 жылдан бері Гүлшат Сыздықова басшылық етеді. Ол бұған дейін Бескөл №2 орта мектебінде мұғалім, …

ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН АСТАМ жұмыс істеп тұрған лагерь Read More »

“ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛУ ҚАУІПТІ”

Үмітжан Нұрғазина – Көкшетау қаласындағы Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжін, одан кейін Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бастауыш сынып мұғалімі, бастауышты оқыту әдістемесі мен педагогикасы факультеті бойынша бітірген.   Жас маман оқу бітіргеннен бергі 6 жылда Уәлиханов ауданындағы Бидайық орта мектебінде қызмет етіп келеді. “Бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығы мен ой- өрісін кеңейту” …

“ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛУ ҚАУІПТІ” Read More »

Үштілділік балабақшадан бастау алады

Үш тілді еркін меңгерген, үш тілде білімін кеңінен қолдана білетін, басқа халықтың мәдениетіне құрметпен қарайтын тұлғаны қалыптастыру – қазіргі заман талабы. Осыған сай біз, педагог-лингвистер, өзіміз құрастырған “Күн тәртібі үрдісі мен ойын әрекетінде қостілділік – қазақша-орысша, ағылшынша-орысша қатынасқа түсу бағдарламасы” атты тіл үйрету бағдарламасына сүйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға тілдерді үйретеміз. Осы бағдарламаның материалдарын …

Үштілділік балабақшадан бастау алады Read More »

ХИМИЯ КЕРЕМЕТІ

Әлемге әйгілі химияның мәні зор. Алысқа бармай-ақ, өз өңірімізден мысал алайық. Біздің аймақ – астықты аймақ. Сол астықты қалай өсіріп отырмыз? Астықтың жауы да көп: біздің жаққа Иран, Пәкістан елдерінен бидай бүргесі, кенесі және көкқасқа шегіртке ұшып келеді. Себебі, оларда химия аз қолданылады. Жәндіктерді жоятын, арамшөптерді құртатын дәрі-дәрмектер жоқтың қасы. Егістің енді бір жауы – …

ХИМИЯ КЕРЕМЕТІ Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС СИЫРЛАРЫ зерттеуімнің нысаны болды

Мен Есіл ауданы Ильинка орта мектебінің 4-сыныбында оқимын. Біздің сынып оқушылары жыл сайын облыс көлемінде мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілетін “Нұрлы көжек” ғылыми жобалар байқауына қатысу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мен ғылыми жобамды “Қазақтың ақбас сиырлары” тақырыбына арнадым. Өйткені, ауыл баласы болғандықтан, “Бұл тақырып маған таныс, оны қиындықсыз талдап …

ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС СИЫРЛАРЫ зерттеуімнің нысаны болды Read More »

ҮШ ШӘКІРТІМІЗ – ҮКІЛІ ҮМІТІМІЗ

Мен жас жеткіншектерге – ерекше сезіммен қараймын. Көзім тоймай, сүйсініп, қызыға қараймын. Себебі, жас өркен тың жер тәрізді – не ексең, соны орасың. Тек шын ниетіңмен еңбектене білетін диқан болсаң ғана қамбаңды толтырасың. Айыртау өңіріндегі Саумалкөл қазақ орта мектебінде осындай мақтауға тұратын, еңбегімен ел аузында жүрген ұстаздар қауымы қызмет етуде. Биылғы жыл мектебімізге сүбелі жеңіс, …

ҮШ ШӘКІРТІМІЗ – ҮКІЛІ ҮМІТІМІЗ Read More »

ӨНЕГЕСІ ӨШПЕЙТІН ҰСТАЗ

Әбу Әбішев Қазақстан Республикасы оқу ісінің үздігі, тыл еңбеккері, “Құрмет Белгісі” ордені мен көптеген медальдардың иегері, Уәлиханов ауданының Құрметті азаматы еді. Қызылорда облысының тумасы болған ол өз әңгімесінде еңбеккерлікке, ер мінезділіктің қалыптасуына жездесі – кемеңгер диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың өнеге болғандығын еске алуды ұнататын. Оның балалық шағы Ұлы Отан соғысы және …

ӨНЕГЕСІ ӨШПЕЙТІН ҰСТАЗ Read More »

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ және ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ, журналист-заңгер, Мәдениет қайраткері. (Басы өткен сандарда). Енді Қожабергенді қалтарыста қалдырған себептерге тоқталайық. “Елім-ай” дастаны – тұнып тұрған дерек, шынайы шежіре. Дана жырау қазақтарға қарағанда жоңғар мемлекетінің дәуірлеп, күшею себептерін саралайды. Жоңғарлардың орыстар мен қытайларға арқа сүйегенін көрсетеді. Орыс империясы өзіне көрші қазақ елін тұқыртып, жоңғарларды құтыртып, қару-жарақ беріп, зеңбірек жасауды үйретіп, қазақ сұраса, …

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ және ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ Read More »