«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЕКСАНДР ПОЛЯКОВ – екі дүркін әлем чемпионы

Солтүстікқазақстандық спортшылар Болгарияда өткен әлем біріншілігінде тағы да ерледі. Байрақты жарыста алтын медаль жеңіп алған жерлес таэкван-дошы Александр Поляков екі дүркін әлем жеңімпазы атанды.  София қаласындағы спорт сарайында 60 мемлекеттен 800 мықты таэквондошы бас қосқан сайыста Қазақстанның намысын 20 дарынды спортшы қорғаған болатын. Аталмыш сайыста ел құрамасы екі алтын, бір күміс жеңіп алды.Бәсеке барысында солтүстікқазақстандық …

АЛЕКСАНДР ПОЛЯКОВ – екі дүркін әлем чемпионы Read More »

БИАТЛОНШЫЛАР БӘСЕКЕСІ ЖАЗДА ДА БОЛАДЫ

Борки кентінде жазғы биатлоннан облыстық ашық біріншілік аяқталды. Дүбірлі додада Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының 45 спортшысы сайысқа түсіп, бақ пен бап таластырды. Биатлоншылар сайыс ережесі бойынша нысананы көздеп, тимеген нысана санына сай айып шеңберін айналып, 500 метр қашықтықты жүгірді. Екі күнге созылған доданың қорытындысы бойынша жарыстың бірінші күні кросс пен нысананы көздеп атуда …

БИАТЛОНШЫЛАР БӘСЕКЕСІ ЖАЗДА ДА БОЛАДЫ Read More »

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ және ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

Ақайдар ЫСЫМҰЛЫ, журналист-заңгер, Мәдениет қайраткері. (Басы өткен сандарда). Қожабергеннің араб, парсы тілдерін жетік білгендігіне байланысты ол Әз Тәуке ханның сөзі өтімді елшілерінің бірі болған. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтекелермен тұстас өмір сүріп, қанаттас жүрген. Оны көршілес Қоқан, Хиуа, Бұхара хандықтарына, парсы еліне, түрікпенге елшілікке жіберіп отырған, ел бітістірмек жұмысқа белсене араласқан. Қожаберген ордабасы болған, сол …

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ және ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ Read More »

ЕУРОПАНЫҢ ЕҢСЕСІН БАСҚАН БЕРЕШЕК экономика өсіміне тежеу салуда

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры Кристин Лагард: “Менің қорқатыным, дамыған немесе табысы төмен елдер емес, керісінше дамушы елдердің кесірінен әлемдік экономика өсімінің сәл төмен болатын түрі бар”, – деді Францияда өткен конференцияда сөйлеген сөзінде. Ал, мұның жөн-жосығын осы аптаның соңында жарияланғалы отырған ХВҚ-ның жаңа болжамдарынан білетін боламыз. Қордың сәуір айындағы …

ЕУРОПАНЫҢ ЕҢСЕСІН БАСҚАН БЕРЕШЕК экономика өсіміне тежеу салуда Read More »

ЖАСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП ЖАТҚАН әлеуметтік жобалар аз емес

Бейсенбі күні облыстық мәслихаттың мәжіліс залында “Мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуы” тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті. Облыстық мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан тыңдауда өңір жастары ұйымдарының жетекшілері атқарылған жұмыстары жайында баяндап, алдағы іс-жоспарларымен бөлісті.   Қанат АТАМАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Жиынды ашқан облыстық Жастар саясаты жөнiндегi басқарманың басшысы Виктор Молодовский бүгінде облыста 61 жастар …

ЖАСТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП ЖАТҚАН әлеуметтік жобалар аз емес Read More »

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ БӘРІ ДЕ – ЖЕҢІМПАЗДАР

“Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз” атты мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы республикалық байқаудың қалалық іріктеу кезеңі Петропавл балалар психоневрологиялық интернат-үйінде өтті.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен қолға алынған байқаудың мақсаты мүмкiндiктерi шектеулi жандардың шығармашылық әлеуетiн дамыту және  өзiн-өзi танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектердi етене араластырудың тиiмдi тәжiрибесiн қолдану болып табылады.

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ алдағы өзгерістерге үміт артып отыр

Бақытжан СӘМИЕВА, облыстық мәслихаттың депутаты, “Виктория” сақтандыру компаниясы” АҚ филиалының директоры. Ауыл әкімдерін сайлаудың негізгі мақсаты – еліміздегі мемлекеттік басқарудың тиімді, жариялы үлгісін қалыптастыру. Үстіміздегі жылдың 7 тамызында ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді. Онда алдына мақсат қоя алатын, өз көзқарасы бар, болашаққа жоспар құра білген адамдар сайланады деп ойлаймын. Сайлау – бәсекелі күрес. Ертең тұрғындар …

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ алдағы өзгерістерге үміт артып отыр Read More »

ӨҢІР БАСШЫСЫНА ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ өтініш жолдаушылар аз емес

Облыс әкімі Самат Ескендіровтің виртуалдық қабылдауына үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап 40-қа жуық өтініш түсіпті. Тұрғындардың бұйымтайлары өңір жетекшісінің бақылауына алынған. Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ, журналист. Мәселен, Петропавлдың Зайсан шағын ауданының азаматтары жазған жол мәселесі шешілді. Мұндағы бірнеше жыл жөндеу көрмей, жаяу жүргінші түгіл көлік өте алмайтын жағдайға жеткен көше қалпына келтірілген. Ізтөлин көшесіне жөндеу жүргізілмегеніне бірнеше …

ӨҢІР БАСШЫСЫНА ҒАЛАМТОР АРҚЫЛЫ өтініш жолдаушылар аз емес Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКТІҢ БАҚ-пен БАЙЛАНЫСЫ жетілдіріле түсетін болады

Кеше өңір басшысы Самат Ескендіровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы БАҚ мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Арайлым СМАҒҰЛОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Отырыс алдында Самат Сапарбекұлы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының бұйрығымен осы күнге дейін аталмыш агенттіктің СҚО бойынша департаментінің басшысы болған Тілеген Қаскин ротация бойынша Астана қаласына ауыстырылғанын айтып, оны өңірімізде атқарған жемісті …

ЖЕРГІЛІКТІ БИЛІКТІҢ БАҚ-пен БАЙЛАНЫСЫ жетілдіріле түсетін болады Read More »

СУ-СУ ЕТКЕН СКУТЕРЛЕР апатты көбейтіп тұр

Петропавлда скутер мінгендердің кесірінен орын алған жол-көлік апаттары көбейіп отыр. Солтүстікқазақстандық жол сақшылары осыған орай алдын алу жұмыстарын күшейтті. Жаз шығысымен велосипед, скутер мен мопед мінген жүргізушілер көбейді. Бұл көліктердің бағасы аса қымбат емес, сондықтан оларға отыратындардың көбі жастар. Жолда жүру ережесін біле қоймайтын мектеп оқушылары мен студенттер жол апаттарына жиі себепші болуда. Мәселен, өткен …

СУ-СУ ЕТКЕН СКУТЕРЛЕР апатты көбейтіп тұр Read More »

СӨМКЕСІ – ІШТЕ, ӨЗІ СЫРТТА, СҮЙРЕТІЛГЕНІ АЙ ТРОЛЛЕЙБУСТА…

Петропавлда зейнеткер троллейбустан құлап, дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік апаты Сәтбаев көшесінің бойында орын алды. Жолаушы троллейбустан шыға бергенінде есік жабылған, сол сәтте ол есіктің арасына қыстырылып қалып, көліктен сыртқа құлап түскен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, есіктен шыға берген тұсында сөмкесі есікке қыстырылып қалған, осы тұста троллейбус орнынан қозғалып, әйел адамды бірнеше метрге сүйреп әкеткен. Аталмыш …

СӨМКЕСІ – ІШТЕ, ӨЗІ СЫРТТА, СҮЙРЕТІЛГЕНІ АЙ ТРОЛЛЕЙБУСТА… Read More »

“УЧАСКЕДЕГІ ҚАБЫЛДАУДА” 1200-ден астам заң бұзушылық анықталды

“Учаскедегі қабылдау” акциясының қорытындысы бойынша 1200-ден астам түрлі заң бұзушылықтың жолы кесілді. Облыстың тәртіп сақшылары “Учаскедегі қабылдау” акциясын қорытындылады. Акция барысында полицияның учаскелік инспекторлары тұрғындармен кездесіп, олардың шағым ұсыныстарын тыңдады. Акция шілденің 13-і мен 22-сі аралығында Петропавл қаласы мен облыстың барлық аудандарында өтті. Нәтижесінде тәртіп сақшылары 150-ден астам кездесу өткізіп, оларға 8500 адам қатысты. Акция …

“УЧАСКЕДЕГІ ҚАБЫЛДАУДА” 1200-ден астам заң бұзушылық анықталды Read More »

АЛТЫН мен АҚША бопсалаған бозбала

Облыс орталығында тұратын екі жасөспірім өздерінен кіші баладан ақша мен алтын ұрлады деген айыппен тұтқындалды. Алтыншы сынып оқушысы осыдан бірнеше ай бұрын өзінің танысы арқылы 18 жастағы бозбаламен танысқан. Соңғысы жаңадан танысқан мектеп оқушысының ата-анасының тұрмысы жақсы екендігін біліп, одан автомагнитола алып келуін сұраған. Арам оймен “Үйдегі алтын бұйымдарды да ала кел” деген. Еш нәрседен …

АЛТЫН мен АҚША бопсалаған бозбала Read More »

АЛАЯҚТАР АҚЫРЫНА ЖЕТКІЗЕ ЖАЗДАДЫ

Тайынша ауданының Димитровка ауылында тұратын бір әйелге алаяқтар телефон шалып, баласының есірткі сақтағаны үшін ұсталғанын айтқан. Қылмыстық істі жабу үшін ақша әкеп беріңіз, деген. Ұлы үшін алаңдаған келіншек алаяқтардың айтқанына бірден көніп, 400 доллар мен 10 мың теңге ақша беруге келіскен. Үйдегі бар қаражатты жинап, үй жанына көлікпен келген ер адамның қолына ұстата салған. Осыдан …

АЛАЯҚТАР АҚЫРЫНА ЖЕТКІЗЕ ЖАЗДАДЫ Read More »

ҚОҚЫС ЛАҚТЫРҒАНЫ ҮШІН 10 тәулікке тұтқындалуы мүмкін

Полицейлер ұсақ бұзақылық фактілерін анықтау мақсатында жұмысты күшейтті.  Қызылжар АІІБ қызметкерлері қоғамдық орындардағы ұсақ бұзақылық фактілерін анықтау бойынша рейдтерді жиі өткізеді. Күн сайын аудан орталығы – Бескөлдегі адамдар көп шоғырланатын аумақтарды тексереді. Жыл басынан бері Қызылжар АІІБ учаскелік инспекторлары ұсақ бұзақылық жасаған 41 адамды әкімшілік жауапқа тартқан, солардың ішінде қоқыс тастағаны – 14 адам. Осындай …

ҚОҚЫС ЛАҚТЫРҒАНЫ ҮШІН 10 тәулікке тұтқындалуы мүмкін Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРДЕ БОЛДЫ, өз көздерімен көрді

СҚО ІІД-де бірыңғай ақпараттық күн ұйымдастырылды. Оның басты мақсаты Елбасының “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау, сондай-ақ жеке құрамды бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша ҚР ІІМ алқасының шешімімен таныстыру болып табылды.  Осындай міндетпен СҚО ІІД мен барлық қызметтер мен бөлімшелердің басшылығы барлық аудан бөлімшелеріне жол тартты. …

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРЛЕРДЕ БОЛДЫ, өз көздерімен көрді Read More »

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУРА КЕЛГЕН АЖАЛДАЙ…

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің салалық бөлім басшылары жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, 2013 жылдың жартыжылдығында атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Төтенше жағдайлар мен өндірістегі қауіпсіздік бойынша бақылау басқармасының бастығы Балтабек Жетпісов алты ай ішінде облыстағы 62 кәсіпорынның қауіпті өндіріс алаңдарын қадағалаған кезде 717 заң бұзушылық әшкереленіп, олардың 49-на әкімшілік жаза қолданылғанын жеткізді. Жоспарлы …

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ТУРА КЕЛГЕН АЖАЛДАЙ… Read More »

КҮНІ-ТҮНІ ЖАЛАҢДАҒАН ӨРТ

Жыл басынан бері облыста 399 өрт болып, одан 180 млн. теңгеден астам материалдық шығын келді. Отта 31 адам қайғылы қазаға ұшырады, оның бесеуі – бала. Жиырма төрт адам әртүрлі деңгейде дене жарақатын алды.   Өткен аптада Мамлют ауданының Белое ауылында жеке тұрғын үйдің қора-қопсысы отқа оранды. Өрттің шығуына электр сымдарының оқшауланбауы себеп болған. Шыққан өрт …

КҮНІ-ТҮНІ ЖАЛАҢДАҒАН ӨРТ Read More »

АКРОБАТШЫЛАРЫМЫЗ АЛДА БОЛДЫ

Павлодар қаласында акробаттық жолақ пен батутта секіруден және спорттық акробатикадан “Иртышские зори” халықаралық турнирі өтті. Онда Ресей, Солтүстік Корея, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Қазақстанның 320 спортшысы сынға түсті. Аталмыш турнирде 20 жерлес спортшы өңір намысын қорғаған болатын.

“ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН!” Бұл белгіні елеп жатқан жан жоқ сияқты

Облыстық Төтенше жағдай жөніндегі департаменттің суда құтқару қызметінің мамандары Есіл өзенінің жағасында алдын алу рейдін өткізді. Суда құтқару стансасының бастығы Сергей Черкасовтың айтуынша, шомылу маусымы басталғаннан бері 25 солтүстікқазақстандық суға кетсе, оның – 4-еуі бала. Сондай-ақ сүңгуір-құтқарушылар жалпы 62 адамды ажал аузынан алып шықса, оның 24-і балалар болған. Көбіне кішкентай балалардың өлімі ата-аналардың жауапсыздығынан орын …

“ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН!” Бұл белгіні елеп жатқан жан жоқ сияқты Read More »